Жаңа сабаққа кіріспе
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Әңгіме ұғымын қалай түсіндірер едің?
Мысал келтір.
Ы.Алтырсарин әңгімелерін атай аласыңба?
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Қыпшақ Сейтқұл – А бөлімінің мәтінін оқытады. Осы мәтін желісі бойынша бейнеролик көрсетеді.
|
Жұптық жұмыс:
Мәтінді оқып, бейнероликті көреді.
|
Дескриптор: Жалпы – 5 балл.
Бейнероликті көреді.
Мәтінді оқиды.
Бір-біріне сұрақтар қояды.
Мәтіннің мазмұнын талдайды.
|
https://youtu.be/O8dggmP3Cys
|
Топтық жұмыс
|
Экраннан оқушыларға кәсіп түрлері бейнеленген суреттер көрсетеді. Төмендегі сұрақтарды қояды.
Кәсіп дегенді қалай түсінесің?
Кәсіпкерлік дегеніміз не?
Сенің отюбасыңда, таныстарыңда кәсіпкерлер бар ма?
Әңгімедегі кәсіп иесі кім?
|
|
|