Оқушыларды білімді, саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі: 1. Сабақ тақырыбын хабарлау. Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.
Білімділік міндеттері:
- оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.
- оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы, ой қорытындыларын жасауы, жалпылай және жүйелей білуі.
2.Оқыту проблемалары: d -элементтерге жалпы сипаттама
Білімді жаңғырту. (Актуализация ):
Қандай элементтер d-элементерге жатады?
Сендер білесіңдер ме?
Оларды қалай атайды?
Оларда қанша валентті электрон бар?
Мыс элементінің латынша аты қандай?
Және неге олай аталған?
(Мыстың латынша атауы - купрум. Ежелгі римдіктердің мыс кен орындары болған Кипр аралының атауынан шыққан.)
Химиялық элемент мысқа атом құрылысы тұрғысынан сипаттама бер.
ІІ. Жаңа білім беру. d-элементтерінің басты химиялық сипаты сыртқы электрон қабатында 2s электрон болуымен анықталады. Кезекті электрондар сыртқы электрондық қабаттан санағанда екінші қабатқа түсіп, d- деңгейшені толтырады. Сондықтан d-элементтер химиялық реакцияларда металдар сияқты оң тотығу дәрежесін көрсетеді.
Мыс ІБ топ элементі. Оның электрондық формуласы:
+29 Сu 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d10 4s1 Мыс атомында оныншы d-электрон төртінші s-деңгейшеден «құлап» түсуі нәтижесінде үшінші d-деңгейшеге өтеді, сондықтан бұл электрон қозғалғыш.
Табиғатта таралуы. Жер қыртысында мыстың мөлшері 0,01% массаны құрайды. Ол саф күйінде және қосылыстар түрінде кездеседі. Маңызды минералдары: халькопирит-СиFeS2, малахит-CuCO3* Cu(OH)2, куприт-Cu2O жатады.