Күні: 2.05.2013ж.
|
Әдебиет
|
6-сынып
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Д.Исабеков «Ата үміті» 2-сағаты
|
Жалпы мақсат:
|
«Ата үміті» шығармасының көркемдік тіліне талдау жасау. Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беру.
|
Сілтеме:
|
1.МАН
2.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі: Б.Әpiнoва, А.Аққұлова
3.6-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы. Авторлары:К.Icламжанұлы, C.Тiлешoва, Б.Әpiнoва, P.Баттал
|
Күтілетін нәтиже:
|
«Ата үміті» шығармасының көркемдік тіліне талдау жасайды. Әңгіме мазмұны бойынша кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалайды, өз көзқарасын айтады.
|
Негізгі идеялар:
|
Кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы өз бойындағы адамгершілік қасиеттерді салыстырады. Жағымсыз қылықтардан, қорлық, жамандық тілеуден аулақ болады. Өз ойын еркін айтуға үйренеді. Өмірде адамгершіл тұлға болады.
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
1.Постер, маркер
|
Оқыту әдістері:
|
Оқытудағы жаңа әдістер
АКТ
СТО
Дарынды және талантты балалармен жұмыс
Көшбасшылық
Жас ерекшелігіне байланысты оқыту
|
1.Диалогтік оқыту
2.Жеке жұмыс
3.Топтық жұмыс
|
Дереккөздер:
|
Ғаламтор материалдары «уаndex», «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы
|
Тапсырмалар:
|
Ой шақыру үшін берілген тапсырма:
а/ жабық сұрақтар
б/ ашық сұрақтар
в/ Дермене туралы жасаған слайдтарын қорғау.
Тақырыпты ашу мақсатына берілетін тапсырма:
а/ шығарма көркемдік тіліне талдау
Ойды қорытындылау үшін берілетін тапсырма:
а/ Семантикалық кесте толтыру, қорғау.
|
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
І.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3мин)
|
Кірпі биі арқылы сергіту сәтін өткізу.
Оқушыларды адам бойындағы жақсы қасиеттер (сыпайылық, адалдық, шындық, бауырмалдық) жазылған сөздер арқылы топқа бөлу.
|
Топқа бөлінеді, әр топ өз сөзіне қатысты мақал-мәтелдер айтады.
|
ІІ.Қызығушылықты ояту (10мин)
|
Ой шақыру үшін берілген тапсырма.
а/ Жабық сұрақтар
1.Шығармадағы Омаш қандай тұлға?
2.Қарт Омаштан неге қорықты?
б/ Ашық сұрақтар
1.Әңгіменің қай тұсы сені толқытты? Неге?
2.Өзіңді Тоқаңның орнына қойып, оның көңіл-күйін сезіне аласың ба? Қалай?
3. Дермене туралы жасаған топтық жұмыстарын қорғайды.
|
Берілген сұраққа жеке жауап береді.
Слайдтарын қорғайды.
|
ІІІ.Мағынаны тану (15мин)
|
Шығарманың көркемдік тіліне талдау жасау.
а/ Теңеулерді табу (кем дегенде 5-еу)
ә/ Пейзаж суреттелген тұсты тауып оқу
б/ Диалог пен монологтарды табу (1-2 үзінді оқу)
|
Оқулықпен жұмыс жасайды. Топта ақылдасады, пікірлерін қорғайды.
|
ІV.Қорытындылау (10мин)
|
Топ болып кейіпкерге мінездеме беру, оны дәлелдеу
1-топқа Омаш
2-топқа Тоқаң
3-топқа Еркешбай
4-топқа Еркешбайдың әжесі
|
Топ мүшелері ақылдасып, кейіпкерлер мінезін ашады. Ортада қорғайды.
|
V.Үйге тапсырма (1мин)
|
Шығарманы жан-жақты талқылауға дайындалу (Эдвард Де Бононың 6 ойлау қалпағы)
|
Үй тапсырмасын білу, түртіп алу.
|
VІ.Бағалау (5мин)
|
Топтық бағалау
|
Қай топтың жауабы, жұмысы жақсы болғанын айтады.
|
VІІ.Рефлексия (1мин)
|
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазу үшін стикерлер тарату
|
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу
|