Сабақтың тақырыбы: Д. Исабеков



бет2/2
Дата29.06.2017
өлшемі143,04 Kb.
#20623
түріСабақ
1   2

Пікірталас

РАФТ стратегиясы

І топ ІІ топ ІІІ топ

Роль – Тоқсанбай Роль – Омаш

Аудитория – Омаш Аудитория – халық Екі топқа өз пікірлерін

Форма – хат Форма – үндеу айтады

Тақырып – «Адалдықтың ақ жібі» Тақырып – «Адамгершілік –асыл қазына»
Концептуалдық кесте (кейіпкерлерге баға беру)


топ

кейіпкерлер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерлерге баға

І

Тоқсанбай










ІІ

Омаш










ІІІ

Ергеш











Сергіту сәті

Иесіне қайтар ойыны




Ергеш Омаш

Тоқсанбай



Ой толғаныс сатысы

Тест тапсырмасы (ACTIVote пайдалану)

  1. Мені, мені шотпен ұрмақ! Аха-ха-ха... Катюшамен атпаса анау-мынау мылтыққа өле қоймаймын . Кімнің сөзі?

А) Тоқсанбай В) Ергеш С) Омаш

2. «Жасымық» сөзінің мағынасы?



А) ноқат В) шөп атауы С) мылтық

3. «Құдайдың ұрған жері осы болды. Мынау асығатын емес» Кімнің сөзі?



А) Тоқсанбай В) Ергеш С) Омаш

4. ..................... заманынан келе жатқан сары самаурын әндете ызылдады.

А) ерте В) атам С) Николай

5. Тоқсанбай шал үйіне келген соң не істеді?

А) ақша санады В) немересіне велосипед сатып алды С) қонақ шақырып, садақа берді

6. «Ергешжанның атын атап келіп тұрған соң жеті сомын соларға бердім». Кімнің сөзі?

А) Тоқсанбай В) кемпір С) Омаш

7. Ауыл шалдарын ауызашарға шақырғандағы Тоқсанбайдың ойы не еді?



А) жасаған күнәсін құдайы беріп жеңілдету

Б) қуанышымен бөлісу

С) парызым деп есептеді

8. Омаш сол бетімен алдына кеп тізерлеп жығылып, еңкілдеп қоя берді. Омаш неге жылады?

А) кешірім сұрады Б) өз ұрлығын жабу үшін С) шын көңілімен жылады

9. Тоқсанбай қарт соғыста неше баласын жоғалтты?

А) 6 Б) 4 С)2

10.


Бекіту сұрақтары:

  • Әңгіменің «Ата үміті» аталу себебі неде деп ойлайсыңдар?

  • Әңгіме соңы немен аяқталды? (дүниеқоңыздық пен қатыгездікті адамгершілік пен адалдық жеңді)

  • Омаш әңгіме соңында өзін қалай сезінді? (тауып оқу)


Электрондық оқулықпен жұмыс

Электрондық оқулықтан «Адалдық пен шыншылдық» тақырыбында бейнеролик тыңдау.

Эссе жазу (5 мин)
Қорытынды:


  • Балалар, біз бүгін әңгімедегі кейіпкерлер , олардың іс-әрекеттері арқылы күнделікті өмірде ұшырасатын түрлі қатыгездік пен дүниеқоңыздық, дөрекілік, ұрлық, ұятсыздық сияқты жаман қасиеттерді адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттер жеңіп шығатынына көзіміз жетті. Алып денелі, жас жігіт Омаштың алдында абыройлы, адал адам Тоқсанбай шал әлдеқайда биіктен көрінді. Әрқашан жақсылық бойымыздан табылсын!

Бағалау:

Үй тапсырмасы:

Екі жақты күнделік

Әңгімеде саған не әсер етті?

Несімен әсер етті?





1 жалпы орта білім беретін мектеп


Д.Исабеков «Ата үміті»

Кейіпкерлер бейнесі

Ашық сабақ жоспары

6 сынып
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алипова Г.Т.


Орал 2010 жыл

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет