Сабақтың тақырыбы Д. Лондон «Мексика ұлы»


"Əңгіме жүргізудің Сократтық тəсілі"



бет2/3
Дата05.05.2023
өлшемі76,04 Kb.
#176106
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі

"Əңгіме жүргізудің Сократтық тəсілі"
Екі шеңбер, бірінің ішінде бірі. «Ішкі шеңбердегі» оқушылар "Кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан қалай көрсете алдым?" деген сұрақты талқылайды, ал «сыртқы шеңбер» олардың айтқандарын тыңдап, дəптерлеріне ескертпе жасап отырады. Белгілі бір уақыт өткен соң, рөлдермен алмасады.

Тапсырма «Меморандум» әдісі

«Шығарма сізге қалай әсер етті?» деген сұраққа жауап ретінде ұсынылған бағыттың бірін таңдап, «Мені селт еткізген оқиға» деген тақырыпта әдеби эссе жазыңыз.
1. Автормен сырласу.
2. Кейіпкермен сырласу.
1-тапсырма: қажетті сөзді орнына қойыңыз.
2-тапсырма: теңеу, эпитеттерді табыңыз.1.Дэнни Уорд ақша үшін, сол ақшаға негізделген _________ үшін шайқасып келеді.
Қажетті сөздер: отбасы, достары, жеңіл өмір
2.Тіс қаққан бұл жырындының қағидасы темірқанат боксшының талайының-ақ __________сарқып, көңіліне _________ұялататын, жүйкесіне тиетін.
Қажетті сөздер: шыдамын, сабырын, қорқыныш, мұң.
Ой толғаныс
1.Мәтіннен 1 кейіпкерді таңдаңыз.
2.Мәтіндегі сол кейіпкерді суреттеудегі
автор сөздерін теріп жазыңыз.
3.Мәтіндегі 1 оқиғаны суреттеудегі
автор сөздерін теріп жазыңыз.
Тест тапсырмасын орындаңыз.
1.Ривераның айқас алаңына қандай
мақсатпен шыққандығын көрсетіңіз.
А)мол ақшаға ие болу үшін
В)қайткенде де жеңіске жету үшін
С)көрермендердің қошаметіне ие болу үшін
D)қарсыласының жынына тию үшін
2. «Мексикалықтың күші неткен күшті еді?» деген қай кейіпкер?
А)төреші
В)Дэнни
С)Билл
D)көрермендер
3.Алғашқы соққыдан кейінгі Дэннидің жағдайының қандай болғандығын көрсетіңіз.
А)оныншы минутта орнынан зорға көтерілді
В)үш санағанда-ақ лып етіп көтерілді
С) есеңгіреп орнынан тұрмай қалды
D) шыбын шаққан құрлы болмады
4.Ривераны неліктен қарсыласы жасыта алмады?
А) өмірдің «алапат дауылында шыныққандықтан»
В) қолы қарулы болғандықтан
С) ақырын соққылағандықтан
D) үстіне құрсаулы киім кигендіктен
5. Келли неліктен Ривераны жеңілуге үгіттейтіндігін табыңыз.
А) Ривераны аяғандықтан
В) Дэнниді аяғандықтан
С) Дэннидің ұтысына көп ақша тіккендіктен
D) әділдікті жақтағандықтан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет