"Келісемін/қарсымын" әдісі Сұрақ: Қоғамда теңдік болу үшін бай болу қажет пе? келісемін қарсымын
Ойын айтады
Сабақтың ортасы
Бекіту
ВЕНН диаграммасы" тәсілі Жетекші сұрақтар. 1. Ривера мен Дэннидін сыртқы сипаттамсында қандай ерекшеліктер бар?
2.Рингке шыққандағы Дэннидің Ривераға көзқарасы қандай болды? оны шығарманың қай жерінен көрдіңіз?
3.Ривераның бойындағы салқындылықты қалай түсінуге болады?
1 - мәтін ...Ривераның бұлшық еттерінің әрбір клеткасының кез келген соққыға дайын тұратынын, шаршап-шалдығуды білмейтін төзімділігін де, берік жүйкесі оның денесін қуатты механизмге айналдырып жібергенін де аңғара алмаған. Көпшілік тек қара торы өңді, он сегіз жастағы талдырмаш баланы ғана көрді.
2 - мәтін Дэнни шешінген кезде әлгілер «паһ» деп, таңдана таңдай қақты да қалды. Шынында оның серіппедей бұлтылдаған шақпақ еттерінен дүлей күштің лебі есіп тұр еді. Аппақ терісі жып-жылтыр, ширақтық пен серпінділік, күш-қайрат тұла бойына сыймай тұрғандай. Иә, ол мұны талай айқаста айқын көрсетті де. Оның суретімен бетін шұбарламаған бірде-бір спорт журналы жоқ. Дэннидің жөні бір басқа! Дэнни – жиырма төрт жастағы нағыз ер мүсінді жігіт.
Тапсырма. Мәтін бойынша екі кейіпкерді салыстырып, образын анықтаңыз.
"Жуан-жіңішкелі сұрақта" әдісі 1.Шығармада бокс бойынша әлем чемпионы кім?
2.Шығармадағы 18 жасар мексикалық жігіттің аты кім?
3.Бокс алаңында қанша раунд болды?
4.Бокс алаңында әділдік сақталдыма?
5.Раунд барысындағы Дэннидің Ривераға көзқарасы өзгерді ме?
6. Не себепті халық жеңіліске ұшырап жатқан Дэнниді қолдап, Ривераны қолдаусыз қалдырды?
Тапсырма.
2. Шығармадағы бір кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан келесі кесте бойынша талдаңыз.