Басталуы
Ұйымдастыру кезеңі (3 мин )
|
Оқушыларды түгелдеу, кезекшімен диалог құру, ынтымақтастық ахуал қалыптастыру.
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Мозайка құру арқылы топқа бөлу
|
«Тілек кемесі» бір-біріне тілек айту, сабаққа керек құралдарын дайындау.
|
Ортасы
Үй тапсырмасын сұрау (5 мин )
Жаңа сабақ
( 15 мин)
Жаңа сабақты пысықтау
( 15 мин)
|
Тест арқылы өткен сабақты пысықтау.
1. Өсімдік қоректі жануарлар - ...
а) бұғы
ә) қасқыр
б) аю
2. «Көктем хабаршысы» деп қай құсты атайды?
а) ұзақ
ә) қараторғай
б) сауысқан
3. Жыртқыш аңдар - ...
а) түйе, құлан
ә) жолбарыс, бүркіт
б) аю, қоян
4. Қысқы ұйқыға кететін аңдарды көрсет.
а) түлкі, қасқыр
ә) аю, борсық
б) кірпі, қоян
5. Қыстап қалатын құстар - ...
а) торғай, қарға
ә) қараторғай, торғай
б) ұзақ, барқылдақ
6. Қызыл Кітапқа енгізілген жануарларды көрсет.
а) құлан, қарақұйрық, дуадақ, қоқиқаз
ә) аю, қасқыр, түлкі
б) дуадақ, түлкі, тышқан
7. Жауын-шашын болатынын қандай белгілер арқылы білуге болады?
а) Аспан шайдай ашық, сиыр мөңіремейді.
ә) Жел соғып, бұлттарды айдайды.
б) Қарлығаш биік ұшып, күн шығып тұрады.
Жаңа сабақ.
Еске түсіру. Жануарлар – тірі табиғаттың маңызды бөлігі
Жануарлар
Жабайы жануарлар Үй жануарлар
Жабайы аңдар мен үй жануарлары.
Жабайы аңдар табиғатта өздігінен тіршілік етеді.
Үй жануарларын адам қолдан өсіріп бағады.
Жабайы аңдар мен үй жануарлары төлдерін емізіп, сүтпен асырайды
Сондықтан оларды сүтқоректі жануарлар деп атайды.
Үй жануарлары.
Төрт түлік мал
Ертеден біздің ата-бабаларымыз күн көрісі үшін етін, сүтін, жүнін пайдаланып келе жатқан төрт түлік мал – қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы.
Малды адам өсіреді, қолға үйретеді, қоректендіреді, қорғайды.
Оларға қора салады және төлдеріне қамқор болады.
|