Оқулықпен жұмыс: Қазаққа Алла жазып дана берген?
Дананы үш – үштен ғып дара берген.
Білмедім мұнда қандай заңдылық бар,
Деген бе тақ тұрсыншы таман елден.
Ақын қазақ даналарын қалай мақтан етеді?
Өлең сөздерімен жауап беруге тырыс.
Назарларын кестеге аудару. Кімнің аты аталмай қалды. Толықтыр.
«Т» кестесін құру арқылы топтармен жұмыс ұйымдастыру.
Өлеңді оқып түсіндіру : Түртіп алу жүйесі
+ мен үшін жаңалық.
? мен үшін түсініксіз
Ү мен білемін
? мен үшін жұмбақ.
Сөздік жұмысы: Өлеңнен түсініксіз ұғымдарға талдау жүргізу.
Назы көп – араздығы,реніші көп
Кер көру – қиыншылық көру
Ел көшін бағдарлаған тыңға қарай – елді жаңалыққа бастаған деген
мағынада
Дәптермен жұмыс:
-Өлең жолдарындағы қазақ даналарын толық аты – жөнімен дәптеріңе
жазыңдар.
- Даналардың ерекшеліктеріне тоқталу.
-Өлеңде есімі аталған адамдар туралы не білесіңдер?
Интербелсенді тақтаман жұмыс: «Қазақ даналары» кесте
ҮШ БИ
|
ЕЛ КӨШІН БАҒДАРЛАҒАН
НАРЛАР
|
БЕС АРЫС
|
ҮШ БӘЙТЕРЕК
|
Төле би
Әйтеке би
Қазыбек би
|
Шоқан Уалиханов
Ыбырай Алтынсарин
Абай Құнанбаев
|
Ахмет Байтұрсынов
Міржақып Дулатов
Жүсіпбек Аймауытов
Шәкәрім Құдайбердиев
Мағжан
Жұмабаев
|
Ілияс Жансүгіров
Сәкен Сейфуллин
Бейімбет Майлин
|
Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
-Өлеңнің алғашқы үш жолын оқып соған жауап бер.
3 саны туралы не айта аласың? (тақ сан, есептік сан есім, киелі сан ...)
-Үштің киелі сан екенін қалай дәлелдей аласың?
Керек дерек:
Үш қуат: 1. Ақыл. 2. Жүрек. 3.Тіл.
Үш жүз: 1. Ұлы жүз. 2. Орта жүз. 3. Кіші жүз.
Үш құсты өлтіруге болмайды: 1. Көкқарға. 2. Қарлығаш. 3. Байғыз.
Үш адамның ниеті бұзық: 1.Өтірік айту. 2.Сөзінде тұрмау. 3.Аманатқа қиянат
жасау.
Адам Атаны жаратқанда жіберген үш қасиет: 1.Ақыл. 2.Ұят. 3.Сабыр.
Үш нәрсе аз болса да, көп болады: 1.Қайыр – садақа. 2.Сауап. 3.Дұға.
Үш жұрт: 1.өз жұртың – күншіл.
2.қайын жұртың – міншіл.
3.нағашы жұртың – сыншыл.
Сергіту сәті: Көңілді күн. (ведиоролик)
Ойтолғаныс:
-Қалай ойлайсыңдар, даналарымыз осы күні тірі болса, сендерге қандай ақыл айтуы мүмкін еді?
R А Ф Т әдісі бойынша әр оқушы өз қателіктерін мойындай отырып, өзі таңдаған кейіпкердің атынан өзіне хат жазады.
R – рөлі (Төле би)
А – аудиториясы (өзі)
Ф – формасы (хат)
Т – тақырыбы (өсиет)
Оқушылардың жұмыстарын тыңдау.
ВЕНН ДИАГРАММАСЫ:
БИЛЕР АҚЫН, ЖАЗУШЫЛАР
Рефлексия:
- Сабақтан алған әсерлерің қандай?
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, смайликтің
астына жабыстырады.
Дана сөзінің мағынасын қалай түсінесің?
-Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мәліметтер алдыңдар?
-Қандай сезімде болдыңдар ?
-Кімнің жауаптары ұнады ?
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Бүгінгі сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар?
Үйге тапсырма беру:
ДАНАЛАР жайында мәліметтер біліп келу.(Өмір сүру кезеңдері мен еңбек-
теріне байланысты қосымша мәлімет беру)
Өлеңде есімі кездескен адамдар туралы мағлұмат жинау.
Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын айту тапсырылады.
Бағалау:Парақшалар арқылы бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |