Рахметова Дина Ибрагимқызы
Ақмола облысы
Егіндікөл ауданы
Көркем негізгі мектебі
Сабақтың тақырыбы: Даналарым. Тұрсынхан Әбдірахманова
Сабақтың мақсаты: тарихи тұлғалар жайында түсінік беру.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже. Өлеңнің мазмұнын түсіну арқылы негізгі идеясын өз бетімен ашуға жағдай туғызу.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі. Сыни тұрғыда ойлау арқылы шығармашылық жұмыстарды өз дәрежесінде орындауға мүмкіндіктер жасау.
Тұлғалық нәтиже. Өз елінің мақтаныштарын үлгі тұтуға баулу.
Сабақтың көрнекілігі:«Қазақ даналары» кестесі; АКТ; даналардың портреті,
топтастыру, СТО, Венн диаграммасы.
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық: Дөңгелене тұрамыз
Керегені құрамыз,
Уықтар болып иіліп,
Киіз үй құрамыз.
I.Қызығушылықты ояту
а/ Құрманғазы Сағырбайұлының «Сарыарқа» күйін тыңдаймыз.Тыңдап болғасын
сұрақтарға жауап береді.
Әбу Сәрсенбаевтың «Халық кегінің күйшісі» мәтінімен таныстыңдар.
Үй жұмысын «Лездеме сұрақтар» арқылы тексеру
-Өлеңде домбыра туралы қалай жырланған?
- Құрманғазы Сағырбайұлы кім болған ?
-Домбыра аспабының қазақ халқы үшін мәні қандай?
-Қай жылдар өмір сүрген?
- Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесің?
-Құрманғазы күйлері арқылы нені суреттейді ?
-Қазіргі кезде күйшілерден кімдерді білесіңдер?
-Ақын домбыраны неге адамның жанымен теңейді?
- Автор туралы мәлімет ; керекті дерек
Күй атасы – Құрманғазы Сағырбайұлы жасынан ән-күйге әуестігімен көзге түседі. Алғашқы ұстазы Хан Базар күйшісі-Ұзақ. Есейе келе Құрманғазы домбырашылықты кәсіби өнерге айналдырады. Оның бүкіл өмірі әділетсіздікке, озбырлыққа қарсы күресте өтті.Құрманғазы өзінің ыза-кегін домбырадан төгілген күйлері арқылы суреттейді. Сондай күйлерінің біреуі – «Адай», «Ақбай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан». Бұл күйлерді тыңдап отырып, халықтың ерлігін, ат шабысының дүрсілді ырғағын естисің. Күйшінің «Аман бол шешем, аман бол», «Ертең кетем», «Қайран шешем» күйлерінің музыкалық тілі адамның сөйлеу тіліне өте жақын. Сонымен қатар әрі сазгер, әрі күйші Құрманғазы «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлері арқылы туған жеріне деген сүйіспеншілікті, көңіл шаттығын, халықтың асқақ үнін жеткізе білген.
Сергіту сәті: «Кірпілер» биін билеу. (Ведиоролик арқылы)
4. Жаңа сабақ:
- Бүгінгі үй жұмысына дайындықтарың өте тамаша екен. Нағыз болашақ
даналарымыздың қатарын толықтырушы сияқтысыңдар.
ДАНА сөзінің синонимін атаңдаршы.
-Кімдерді даналар қатарына жатқызар едіңдер?
.
II. Мағынаны тану Автор туралы мәлімет беру. Керек дерек.
Тұрсынхан Әбдірахманова 1921 жылы 5 қарашада бұрынғы Семей облысының Жарма ауданына қарасты Бөке деген жерде туған. Әке-шешеден ерте қалып, ағасының қолында тәрбиеленіп оқыған.Т. Әбдірахманованың еңбек жолы 1941 жылдан басталады. Ұлы Отан соғысы жылдарында мұғалім. Мектеп директоры, Абай, Аякөз аудандық комсомол комитеттерінде бірінші хатшы болған.Шар аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі болған. 1984 жылы қазақ ССР халық жазушысы атағына ие болды. Ғылым саласындағы еңбегі үшін 1985 жылы қазақ ССР Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы сыйлығы берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |