Сабақтың тақырыбы: «Дара, дана тұлға»



бет2/2
Дата29.12.2021
өлшемі21,15 Kb.
#106160
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Қонаев

Мақалалары мен кітаптары

  • 1978 жылы – «Кеңестік Қазақстан», «Таңдамалы сөздері мен мақалалары»

  • 1992 жылы – «О моём времени»

  • 1994 жылы - «От Сталина до Горбачёва»

  • 1994 жылы - «Ақиқаттан аттауға болмайды»

    Мұғалім: 
    Жер жүзіне әйгілі болған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың тарихтың төрінен орын алатыны даусыз. «Қазағым», «елім» деп өмір сүрген тұлға Димекеңді халық қызмет етіп жүрген кезде де, дүниеден озғаннан кейін де сүйеді. 
    Көлден үлкен теңіз бар, 
    Елден үлкен неміз бар. 
    Халық айтса, қалып айтпайды. Елдің еңсесін тіктеп, етек- жеңін жинауға еңбегі сіңген ұлын халық сүймегенде кім сүйсін?!  Сол халықтың арасында қалған көзкөргендердің естеліктерінен бір үзінді көрініс.

    Жүргізуші: Д.А.Қонаев жайлы айтылған ой-пікірлер.

    1)  Д. А. Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық,ақиқат..Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам.           Н . Назарбаев.
    2)Д. А. Қонаев Қазақстан тарихында ірі тұлға болып қалары даусыз.
                                                                              Н.Назарбаев.

    3)Д.А.Қонаев өз халқының көрнекті,адал перзенті бола білген адам..Ондай адамдар тарихта көп болғанымен,әрқайсысы қайталанбас жеке тұлға.


                                                                               А. Асқаров.

    4)   Өтен кеткен бұл фәниден сан алып,


         Тарих үшін емес олда жаңалық.
         Дінмұхамед – Қонаевтың жай аты,
        Шын аты оның Мейірім мен Даналық.
                                                                 Н.Қашағанұлы.  
    Мұғалім: 
    Қаламымды малып ап жыр жазамын
    Димаш деген бұлақтың тұнбасына. 
    Димаш десем, жанарым нұрға толған, 
    Сауыт кеудем патша өлең, жырға толған. Дінмұхамед Қонаевқа арнаған ақындарымыздың өлеңдеріне тоқталып өтсек.

    4).1-оқушы Ф. Оңғарсынова

    Жүргізуші:


    5).Д.Қонаевтың қалдырған нақыл сөздері

    •    Адамның жақсы атынан гөрі,жаман атына қаңқу сөз үйір келеді.

     *    Орынсыз жазғырудан жаның күйгенде,
           Жан таппайды екенсің.

    •    Әр заманың  өз әні, өз сәні бар.

    •    «Биікке шықтым,бірақ халқымнан аласа екенімді ұмытпадым».

         6. Ойын-сұрақ.

      Мұғалім:  

     Біз Қонаевты білеміз бе.?

    1.    Д.А.Қонаевтың туған жылы ,айы ?
      Жауап:   1912 жыл 12 қаңтар.

    2.Д.А.Қонаев қай қалада дүниеге келген?


      Жауап:  Алматы қаласы.

    2.    Д.А.Қонаевтың зайыбының есімі кім?


      Жауап:  Зухра Шәріпқызы.

    4. Д.А.Қонаевтың қызыққан ісі? Жауап: қару мен оттық жинау

    5.Д.А.Қонаев қанша жасында қайтыс болды?
       Жауап 82 жасқа қараған шағында.

    6. Қонаевтың алғашқы бітірген оқу орны?


       Жауап:  1936 жылы Мәскеудегі Түсті металдар және алтын институтын бітірген.

    8.Қорытынды:   



    Жүргізуші: Оның асқақ рухына мың тағзым... 
    Ардақтылар қалар мәңгі Ел есінде
    Ғасырлар мұхитының белесінде. 
    Мәңгілік Димекең де бізбен бірге, 
    Мәңгілік «Қазақстан» кемесінде. 
    Егемендігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Мұғалім:  Өткендерін ескерген,
    Өскендіктің белгісі.
     Өткендерін ұмытқан,
     Өшкендіктің белгісі»,-демекші,өмірден өткен ұлы тұлғаларды ескеріп,еске алу кейінгі ұрпақтардың парызы. Ендеше, балалар,қоғам қайраткері аталарың – Дінмұхамед Қонаевтың ұлыларымызды ұмытпайық!

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет