Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сөздер Жалпы мақсаты



Дата04.05.2017
өлшемі72,09 Kb.
#15586
түріСабақ
Сабақ жоспары № 1

6-сынып, қазақ тілі


Сабақтың тақырыбы:

Дара және күрделі сөздер

Жалпы мақсаты


Дара және күрделі сөздерді мәтін ішінен табады, бір-бірінен айырмашылығын айыра біледі.

Оқу нәтижесі:


Күрделі сөздердің ерекше сипаттарын анықтайды.

Мәтінде дара және күрделі сөздерді ажырата біледі.




Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І. Сабақты «Жыланша» тренингі арқылы бастаймын. . Мақсаты: сынып ішінде, оқушылар арасында жақсы ахуал тудырып, бір-біріне деген жылы шырай таныту. Оқушылардың көңіл-күйін анықтап, шаттық шеңбер құрып, бір-біріне тілектер айтады. Берілген фигуралар арқылы екі топқа бөлінеді



( 3 минут.)
ІІ . Үй жұмысын тексеру, сәйкестендіру тесті (3 минут)


Түбір дегеніміз

Үшін, сайын, туралы







Қосымшаның неше түрі бар?

Жаңа сөздердің жасалуы




Түбірлес сөздердің мысалын көрсет

Жұрнақ, жалғау




Сөзжасам нені қарастырады?

Жалғау




Мағынасы жоқ сөздерді көрсет

Сөздің бастапқы, мағыналы бөлшегі




Сөз бен сөзді не байланыстырады?

Бір түбірден тараған сөздер




Жұрнақтың қызметі

Сөздеррді түрлендіру, тудыру






І Қызығушылықты ояту миға шабуыл

  • Сөзжасам дегеніміз не?

  • Лексика саласы нені қарастырады?


Мағынаны тану. Жаңа тақырып слайд арқылы көрсетіледі, оқулықтан мәтінмен таныса отырып: бірінші топ дара сөздерді, екінші топ күрделі сөздерді оқып, талдайды. Оқушыларға флипчарт, маркер, фломастерлер беремін. Топта талдап, жобаларын қорғайды. (10 минут)

Ой толғаныс кезеңі:

I деңгей. Семантикалық карта арқылы жеке тапсырма (5 минут)

Мақсаты: сөздерді оқып, дара, күрделілігін айырып, айтады.



Мектеп, оқушы, ыдыс-аяқ, Екібастұз, бала, ҚР




Домбыра, қалам, Сандықтау ауданы, Қосаяқ, АҚШ

Тоғызқұмалақ, үлкен үй, шұбар ат, БҰҰ, тәлім-тәрбие

Ауыл, ата-ана, Ақмола облысы, ҚазМУ, жора-жолдас

Айнұр, бала-шаға, айбалта, қызыл көйлек, Көкшетау


II деңгей. Күрделі сөздердің түрлеріне мысалдар келтіру (жұпен жұмыс, 5 минут)

Біріккен сөз:

Қос сөз:

Тіркескен сөз:

Қысқарған сөз:
ІІІ. ой толғаныс Мәтін беріледі. Мәтінді оқып,  күрделі сөздердің түрлерін теріп жазу , мәтінді  өздерінше аяқтайды. «Автор орындығы » стратегиясын қолдану.

(10 минут)

Ұстаз

Орта ғасырда Қазақстанның Отырар маңында (қазіргі Шымкент облысы) аты дүние жүзіне әйгілі, ұлы ғалым, энциклопедияшы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүниеге келді.Оның балалық шағы Арыс, Сырдария бойында өтті.Отырар медресесінде дәріс алып, ондағы аса бай кітапханада қолжазбаларды оқып меңгерді.Әбу Насыр білімін жетілдіру, ғылымды тереңдету үшін аса ірі мәдени орталық саналатын Бағдад қаласына келді.Мұнда ол Аристотель, Эвклид, Прометей еңбектерін оқып үйренді.

Әл-Фараби 25-30 жас шамасында бүкіл дүниежүзілік ғылым-білімді терең де жан-жақты меңгеріп, енді өзі де құнды-құнды еңбектер жазды.Ол ғылым мен өнердің барлық саласы бойынша 150-ден астам еңбек жазған.Олардың ішінде «Музыканың ұлы кітабы», «Ғылымдар тізбегі», «Оргонон», «Алмагеске түсініктеме», т.б.еңбектері болашақ ғылымға жол ашты.Замандастары және шәкірттері оны «екінші Аристотель», «екінші ұстаз» деп атаған.

Әл-Фараби математика мәселелерімен де көп айналысқан ғалым.Математиканы архитектура, жер өлшеу, астрономия және музыкаға шебер пайдаланудың үлгісін көрсеткен.



ЖАН-ЖАНУАРДЫҢ ИІСШІЛДІГІ

Ат бірдеңеден үріксе, пысқырады. Ол – иісін оңдап (дұрыстап) айырайын деп, мұрнын тазалағаны. Қашан айырғанша пысқырғаны, үріккені басылмайды.

Бір өгізді біреу өкіртіп ұрып жатқанын көп өгіз көріп тұрса да, не екеніне «түсінбейді», ал сиырдың қаны тамған жерді иіскесе болғаны, жер тырнап өкіріп қоя береді.

Әйелі науқастанып қалып, бір шал сиырын саууға өзі барса, сиыры пысқырып, иімейді. Ал әйелі шапанын кигізіп, басына жаулығын орап жіберсе, сиыр иій бастайды. Сауып отырғанда шалдың өңірі түріліп қалса, сиыр қорс етіп сүтін, тоқтата қояды.

Құрт-құмырсқаның иісшілдігі иттен де бетер, ара өзіне керек гүлге бұлтармастан ұшып барып қонады. Құрт өз жапырағына қарай тура жорғалайды. Қандала, бүрге, маса сияқты жәндіктер адамның иісін өздерінің жүз мың адымындай жерден сезеді.

Жүсіпбек АЙМАУЫТОВ


« Венн диаграмма» стратегиясы бойынша  дара және күрделі сөздердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын жазу.


Дара сөздер

Күрделі сөздер




Ұқсастығы



Кері байланыс.

  • Бүгін сабақ не туралы болды ?

  • Не қиын болды ?

  • Нені білдім ?




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Сабақты бастамас бұрын сыныппен жылы амандасамын, ынталандыру жұмысы тренинг ұйымдастырамын.

2.Сәйкестендіру тесті арқылы үй тапсырмасын тексеремін.

3. Қызығушылықты ояту миға шабуыл кезеңінде оқушыларға сұрақтар қоямын.


  • Сөзжасам дегеніміз не?

  • Лексика саласы нені қарастырады?

4. Слайд арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырып өтемін. Мәтінмен бірінші топ дара сөздерді, екінші топ күрделі сөздерді оқып, танысуға бағыттаймын.

5. Кеспе қағаздар таратамын. Мақсаты: берілген сөздерді оқып, тұлғасына қарай ажырату.
6. Жұппен жұмыс, күрделі сөздердің түрлеріне мысалдар жазу
7. І топқа «Ұстаз», ІІ топқа «Жан-жануардың иісшілдігі» атты мәніндер беремін. Мақсаты: мәнімен танысып, ішіндегі күрделі сөздерді тауып, құрамына қарай ажырату. (топпен жұмыс)
8. Сабақты қорытындылау кезеңінде тақтада Венн диаграммасы көрсетілген.

9. Рефлексия


10. Бағалау

Берілген бағалау журналындағы оқушылардың бағаларын қорыту


Үй тапсырмасы тақтада жазылады

Оқушылар мұғалімнің дайындап келген тренингі арқылы сабаққа қызығады, психологиялық тренинг арқылы сабаққа қызығушылықтары артады
Оқушылар тест орындайды, кейін тақтадағы дұрыс жауаптарымен тексеріп, өздерін бағалайды.
Оқушылар өткен тақырыптарды еске түсіріп, жауап береді.

Оқушылар мәтінмен танысады, әр топ өз тақырыпшаларын флипчартқа түсіріп, спикер қорғайды.



І топ дара сөздердің ережесін, мысалдарын көрсетеді.

ІІ топ күрделі сөздердің ережесін, мысаларын, түрлерін ажыратып айтады.
Сөздерді оқып, дара, күрделілігін анықтайды.
Біріккен, қос, тіркескен, қысқарған сөздерге 3 мысалдан жазып, оқиды.

Оқушылар мәтінді оқиды, ішінен күрделі сөздерді тауып, түрлеріне ажыратады.


Оқушылар дара және күрделі сөздердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын жазады.

Ойларын жазады.

Оқушылар күнделіктерін бағаларын қойғызады.


Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.

Дереккөздер және жабдықтар:

Оқулық, слайд, маркерлер, интербелсенді тақта



Үй тапсырма беру


көркем әдебиеттен күрделі сөздің түрлеріне 3 мысалдан жазып келу.



Сабақты бағалау


Формативті бағалау, өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет