Сабақтың тақырыбы: «Дарынды даралаймыз»



Дата18.02.2020
өлшемі25,05 Kb.
#58321
түріСабақ
Байланысты:
00062616-d36d2320 (1)


Интеллектуалды ойын- сайыс   1-сынып


Сабақтың тақырыбы:   «Дарынды даралаймыз»  Пәндік сайыс.

Сабақтың мақсаты: а)Алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету, дарынды оқушыларды анықтау, қабілеттерін ашу;

ә) Ой-өрісін, сөздік қорларын, таным процестерін дамыту;

 б) Шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу.

Түрі: Интеллектуалды сайыс – сабақ

Көрнекілігі:безендірілген зал, «Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді», «Ел ертеңі – білімді ұрпақ», «Ақыл-азбайды, Білім-тозбайды» деп жазылған плакаттар, гүлдер, шарлар.

Барысы:

Жүргізуші: Амандасу

Бүгінгі кеш-қызықты кеш,

Көрермендер, халайық.

Ой-түйсікті қозғап қазір

Биікке қанат қағайық.

 (Ортаға оқушыларды шақыру.)

О заманда ашқан қазақ өнер сырын,

Шақырған сайыстарға бірі-бірін.

Тыңдайық тамашалап, көрермендер

Көрсетеді сайыскерлер өз өнерін.



1. Ойын мақсаттарымен таныстыру.

2. Әділқазы алқасына бір сәлем,

    Әділдікке бас иеді күллі әлем.

    Жүйрік озар сайыстарда неше бір

    Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.     Әділқазылармен таныстыру.



Жүргізуші:

  1.  Оқушылар келіп жетті кездесуге,

       Бойындағы бар дарынды көрсетуге  - деп, кезекті ойыншылардың өздерін   таныстыруына береміз.  10 оқушы



2. «Бәйге»  Сұрақтарға жауап беру     (1жауап-1ұпай)

Қайсысы білгір, білімді,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам

Таланттарын табайық.

1.     Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

2.     Бір аптада неше күн бар?

3.     Жыл мезгілдерін ата.

4.       Сөйлем неден құралады?

5.     Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні ....

6.     Көру мүшесін ата.

7.     Тірі табиғат денелерін ата.

8.     Балапан сөзінде неше буын бар?

9.     Есту мүшесін ата.

10.                        Екі таңбалы санды ата.

11.                       Біздің Еліміз қалай аталады?

12.                       ҚР Мемлекеттік рәміздерін ата.

13.                       Еліміздің астанасы қай қала?

14.                       Тұңғыш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан адам?

15.                       ҚР Президентінің аты-жөнін толық айт.

16.                       ҚР Мемлекеттік тілі қай тіл?

17.                        Өзіңнің мекенжайыңды толық айт.

18.                        «Әсемпаз болма әрнеге»  өлеңінің авторы.

19.                        ҚР Мемлекеттік Туында нелер бейнеленген?

20.                        Тәуелсіздік күні қай күн?

21.                        Әкеңнің әкесі саған кім?

22.                       Ән айтатын адам.

23.                        Қой бағатын адам.

24.                        Әкеңнің анасы саған кім болады?

25.                       Күйді орындаушы кім?

26.                        Ең алғашқы кітабың.

27.                       Сенің інің әкеңе кім болады?

28.                       Бүгін аптаның нешінші күні?

29.                       Анаңның әке-шешесі саған кім болады?

30.                        Бүгінгі күнді, айды ата.

Ұпай саны 3-тен аз балалармен қоштасамыз.

 3. «Жұмбақ сайыс»  

Ал, балалар, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

Жұмбақтың шешуін тауып, сол сөзді қазақша, орысша, ағылшынша аудару. Балалар орыс тілін оқымайтындығын, ағылшын тілін оқитындығын ескеріп, тек қазақша – 10ұпай, ағылшынша — 20ұпай, орысша – 30 ұпай беріледі.

1.     Қабат-қабат қаттама,

                                 Ақылың болса аттама.  (кітап, книга,            )

2.     Үйіңді қорғайды, Үйшікте тоңбайды. (ит, собака,          )

3.     Қыс бойына жатады,

        Тәтті ұйқыға батады. (аю, медведь,           )

4.     Тұмсығымен қозғалар,

            Соңында аппақ із қалар.  (бор, мел,               )

5.     Бес алманың үшеуін,

        Досың сұрап алады.

         Айтшы сонда нешеуі

         Өз қолыңда қалады? ( екі, два ,             )

6.     Алмаға кеп күнара,

        Қонушы еді бір ара.

                 Бүгін  алты туысын

                  Алып кепті бұл ара.

                   Сонда бүгін алмаға

                    Келіп қонды қанша ара? (7, семь,           )

7.     Бұрап қойған сағаттай,

          Оятады таң атпай. ( Әтеш, петух,            )

8.     Ақ сандығым ашылды,

         Ішінен жібек шашылды. (күн, солнце,           )

9.     Тілі жоқ өзінде,

           Сөзі бар ізінде. (қалам, ручка,            )

10.           Сағат сайын қағылады,

               Тек мектептен табылады. (қоңырау, звонок,              )

 (Ұпай саны аз  оқушылармен қоштасамыз). 

4 «Орнын тап»

Орны ауысқан әріптерден сөз құрау.

л, а қ, б, ы (балық)                   қ, л,ұ, н, ы (құлын)

ғ, а, с, з, ы (сағыз)                     а, л, м, қ, а (қалам)

п, а, т, к,і (кітап)                       б,қ, а, с, а (сабақ)



 (Ұпай саны аз 1 оқушымен қоштасамыз) 

 5.«Көршісін тап»  Санның құрамы

Санаңды сенің толтырар,

Математика пәні бар.

Сабағыңды егер оқысаң

Өмірде саған жол болар.

6 «Математикалық бояу»Шартты түстер бойынша суретті бояп шығу керек.

7. Қорытынды бөлім.

Әділқазылыр алқасы бағаларын беріп, жеңімпаздарды анықтайды.

І орын  «Дарынды оқушы»

ІІ орын «Үздік оқушы»

ІІІ орын «Алғыр» оқушы атағымен марапатталады.

2030-дың барысымыз,

Жетістікке бастайды әр ісіміз.

Тәуелсіз елімізді көркейтетін



Дарынды болу парызымыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет