Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар Мектеп : Ш. Ермағанбетова атындағы №246 орта мектеп



Дата25.06.2017
өлшемі68,19 Kb.
#19934
түріСабақ
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентіндегі

Шекер Ермағанбетова атындағы №246 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сакиева Нурила Нурмаганбетова

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы:Дауыссыз дыбыстар

Мектеп: Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектеп

Күні:08.02.2017жыл

Мұғалімнің есімі:Сакиева Нурила

Сынып: 5 «ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Дауыссыз дыбыстарды және олардың түрлерін біледі.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

  • Дауыссыз дыбыстардың ережесін біледі.

  • Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстарды ажырата алады.




Жетістік критерийлері







Оқушылардың басым бөлігі:







Кейбір оқушылар:

  • Дауыссыз дыбыстарды қатыстырып сөйлем құрастыра алады;




Тілдік мақсат

Оқушылар: Пәнге бағытталған лексика және терминология

  • Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?

  • Дауыссыз дыбыстардың түрлері қандай?




Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

  • Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыстың айырмашылығы қандай?




Алдыңғы оқу


259-жаттығу



ЖОСПАР

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

10 мин



Оқушылармен амандасу

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру- «Жылы лебіз»

Топқа біріктіру- дауыссыз дыбыстардың түрлері арқылы.

«Зымыран сұрақтар» -үй тапсырмасын тексеру


  1. Фонетика қай тілден енген сөз? Грек

  2. «Әліпби» сөзі қалай жасалған? Алиф+би

  3. Әліпбиде көрсетілген таңбалар? Әріптер

  4. Әріп дегеніміз не?

  5. Дауысты дыбыстар дегеніміз не?

  6. Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстары қанша? 9 (а,ә,о,ө,е,ы,і,ұ,ү)

«Смайлик»арқылы бағалау

Ой атысы. Балалар енді бүгін біз дыбыстардың екінші түрі дауыссыз дыбыстарды бастаймыз.

Қазақ тілі оқулығы «Атамұра» баспасы

Ғаламтор желісін пайдалану


Интербелсенді тақта


Ортасы

30 мин




«Баспалдақ»

1 тапсырма.

Интерактивті тақтадан дауыссыз дыбыстар туралы бейнеролик көрсетіледі.

2 тапсырма. Топтық жұмыс

Мәтінмен жұмыс.

І,ІІ,ІІІ топтарға тапсырмалар



  1. Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не, мысал келтір

  2. Дауыссыз дыбыстардың өзіндік белгілері қандай?

  3. Дауыссыз дыбыстардан басталатын 10 сөз жаз.

«Бағдаршам» арқылы бағалау (жасыл, қызыл, сары)
Кім шапшаң? Жұптық жұмыс

«Ш» әрпінен басталатын   сөздер.

  1. Әйгілі компазитор есімі – Шәмші

  2. Су таситын құрал – шелек

  3. Спорттық құрал – шаңғы

  4.Қала аты – Шымкент

  5. Іс тігетін адам-шебер



«Кітап-досың, ақылшың» - жаттығулар жұмысы

261-жаттығу. Мәтінді оқып, осындағы дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратыңдар.
Сергіту сәті. Әзіл жұмбақ

Фонетикалық екі ұғым

Бірі мен бірі сыбайлас,

Бірі – айтылады да естіледі,

Екіншісі – жазылады а көрінеді. (Дыбыс, әріп)
Бір ағашта отыз жеті алма,

Оны алып жемек болсаң,

Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді

Қалғандары қақтығып барып өтеді. (Дауысты, дауыссыз дыбыстар)


262-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жұп дауыссыздарды жазыңдар

п-б

... айдасыз, са...ар, са...тау, қа...ылда, ла...ылда, са...ақ

т-д

Ба...пақ, қа...ақ, са...ақ, ...ақ, ...абыс, ...алап, ...әрі, ...аналық

к-г

Ә...е, е...ін, кө...тем, кө...ер, ...үл, ...еремет, тө..., тер...еу

қ-ғ

Қа...аз, қа...ты, ба...дарлама, ба...ыр, ...асыр, ...арыш, ...асық, қа...

с-з

А...амат, ба...тыр, сү...бе, сү...істі, ...ағыз, қа...

ш-ж

Ша...пау, қа...ымас, қа...қын, ...апырақ, ...иен, ...аттық, ...алтылда



Қазақ тілі оқулығы «Атамұра» баспасы


Ғаламтор желісін пайдалану


Интербелсенді тақта


Аяқталуы

5 мин



«Венн диаграммасы»

Дауысты дыбыс Ортақ қасиеті Дауыссыз дыбыс

Үйге тапсырма. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін оқып келу.

Дауыссыз дыбыстардан басталатын 10 мақал-мәтел

Үлгі:


Бағалау:

Кері байланыс «Таным ағашы» (лайк, пікір)






Қосымша ақпарат

Саралау- сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлай-сыз? Сіз қабілеті жоғары оқу шыларға тапсырманы күр-делендіруді қалай жоспар-лайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс








Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1)
2)
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқуды да, оқытуды да)?

1)
2)


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет