Орал қаласы,
Ахметова Венера Максимовна
№5 орта жалпы білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Қазақ тілі -2-сынып
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г
Сабақтың мақсаты: Білімділік: дауыссыз к мен г - нің жазылу емлесімен таныстыру, дауысты дыбыс қосылғанда қалай өзгеріске ұшырайтынын түсіндіре отырып, сауаттылыққа жетелеу, мысалдар арқылы дәлелдей алуға үйрету.
Дамытушылық: ой шапшаңдығын дамыту, берілген сұраққа тиянақты жауап беруге үйрету, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: сауаттылыққа, бауырмалдыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: бесік, қазақ үй, Абай, Мұхтар, Тазша бала суреттері слайды, қоржын
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: ой қозғау стратегиясы, куббизм әдісі
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, математика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, оқу құралдарын әзірлеу.
Психологиялық дайындық
Қонақ күту - салтымыз,
Оқып - біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге
Сәлемдестік жалпымыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау
а) 146 - жаттығу. – «Қорықта» ребус шешуіндегі сөре әңгіме жазу.
ә) Сұрақ - жауап арқылы өткен сабақтағы қ мен к дыбысының жазылу емлесін пысықтау.
ІІІ. Жаңа білім
1) Ой қозғау: Дыбыстар туралы не білеміз?
- Балалар, «Тазша бала», «Сиқырлы қамыс» көмегімен «Білім еліне» тап болыпты. Ол қарсы алдынан елі қазақ үйді көреді. Бірінші үйден қызықты әуен естіліп тұр. Қандай әуен?
- Бұл үйде қай дыбыстар тұрады екен?
- Олар нешеу?
- Орыс тілінен енген э, ё, я, ю дыбыстарын қосқанда он бес.
- Ал, мына үй неге көңілсіз?
- Тук - тук, жым - жырт, тым - тырыс. Бұлар бір жаққа кыдырып кеткен бе?
- Жоқ, олар дауыссыз дыбыстар, дауыссыздар созылып айтылмайды, сондықтан олар жай сөйлейді, дауыстарын созбайды.
- Дауыссыз дыбыстар нешеу?
- Орыс тілінен енген әріптеді қосқанда жиырма бес.
- Тазша бала осылайша қырық екі әріппен танысқан екен. Біз тағы не білеміз?
- Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінетінін білеміз. Олай болса үш топ дауыссыз дыбыстардың үш түріне
Топтастыру әдісі
Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінетінін дәлелдедік.
- Ендеше, дөңгелек деген сөзден жаңа сөз шығарып жіберейік.
Енді буынға бөлейік: Дөң – ге – лек.
Екінші буынның бірінші дыбысын ата. Г
Үшінші буынның соңғы дыбысын ата: К
К қандай дыбыс? Г – ше?
Олай болса, бүгінгі біздің жаңа сабағымыз дауыссыз к мен г деп аталады. (дәптерлеріңе күнді, тақырыпты жаздыру)
Графикалық жұмыс
К к К к К к Г г Г г Г г
Оқулықпен жұмыс. 147 - жаттығуды ауызша орындау. Ү - кі, Түл - кі, ке - ме, жү - рек, кө - рік, шең - гел, ү - зең - гі, сүр - гі, гүл - зар, гау - һар.
Сөздік жұмыс.
Көрік – металл өңдеуге қолданылатын құрал - жабдық, темір балқытатын пештің отын қыздырып тұратын теріден жасалған үрлеуіш.
Гауһар – бриллиант – қымбат асыл тас.
Гүлзар – қаланың орталық көшелерінде гүл өсіретін алаң.
148 – жаттығу. Жұмбақты жатқа жазу, шешуін табу.
- Ал, қанеки, балдырған,
- Құлақ салғын сөзіме.
- Алғыр болсаң, тап жылдам,
- Жұмбақ айтам өзіңе.
- Ойла, ойла тереңнен,
- Жақсы емес көп бөгелген,
- Жұмбағымды таппасаң,
- Өзім айтып берем мен.
"Қай әріпті жоғалттың?" ойыны
Көлі... Күре... Бөлтірі...
Өрі... Жүре.... Белді...
Дәптермен жұмыс. 149 - жаттығу.
Сөздерді і дыбысын қосып, өзгертіп жазу.
Өрік – өрігі, белдік - белдігі, күрек - күрегі, серік - серігі, көк - көгі.
К дыбысының өзгеру себебін түсіндір.
Сергіту сәті
Дауылға да қарамай
Жауынға да қарамай
Балықшылар айдынында
Ау тартады жағалай
151 - жаттығу. Дәптермен жұмыс.
Шыңғыстау
Бәріне ашық есігі,
Өнер сырын ұққанның.
Шыңғыс – алтын бесігі,
Абай менен Мұхтардың.
(Несіпбек Айтов)
- Есік, бесік сөздері қандай өзгеріске ұшырады?
- Абай, Мұхтар туралы не білесіңдер?
- Қандай шығармаларын атай аласыңдар? Слайд көрсету.
Сонымен, біз бүгін қандай дауыссыз дыбыстар өтіп жатырмыз: К, Г
Салыстыру: К - қатаң дауыссыз дыбыс, сөздің басында, ортасында, соңында келеді. Дауыссыз дыбыс, сөздерде жіңішке айтылады.
г - ұяң дауыссыз дыбыс, сөздің басында, ортасында келеді. К дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, К Г - ге айналады.
Куббизм әдісі.
Б - П Қ - Ғ К - Г
Жіп – Лақ – Көк -
Доп – Сабақ - Бөбек -
Қап – Тамақ - Көмек -
Кітап – Орақ - Шелек -
Мектеп – Тарақ - Иек -
Шөп – Аяқ - Елік -
Тәртіп - Таяқ - Өрік –
IV. Сабақты бекіту. Қоржыннан сөздер алу: Қатаң дауыссызды ұяң дауыссызға айналдыру.
V. Қорытынды. Бүгін қандай жаңа білім алдық.
Мадақтау.Бағалау. (смайлик арқылы)
VI. Үйге тапсырма 150-жаттығу Ереже жаттау.
Орал қаласы,
Ахметова Венера Максимовна
№5 орта жалпы білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: "Қош келдің, Әз-Наурыз!"
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Наурыз - 2016» газеті, нақыл сөздер, киіз үй, дастархан көрінісі, суреттер көрмесі.
Барысы: Кіріспе.
Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
1 – жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
2 - жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
1 - жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.
2 - жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
1 - жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Хор: «Наурыз той»
Сайыс бағдарламасын бастамас бұрын оқушылардың аузынан Наурыз мерекесінің қалай тойланатыны туралы сұрайық:
Мадина: Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.
Дильман: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.
Ақгүл: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.
Надир: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.
Ерасыл: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.
Әли: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
1-оқушы: Қыс өтіп қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!
2-оқушы: Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.
3-оқушы: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
1 - жүргізуші: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,
Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.
Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,
Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.
2 - жүргізуші: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Біздің сыныбымыздың оқушылары өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, көп күттірмей сол оқушыларымызды ортаға шақырайық.
1 – жұп: Мадина мен Дильман
2 – жұп: Ақгүл мен Кенесары
3 – жұп: Айзада мен Әли
4 - жұп: Азиза мен Ерасыл
5 - жұп: Мөлдір мен Надир
6 - жұп: Жасмин мен Біржан
7 - жұп: Мөлдір мен Мансур
1 - жүргізуші: Сайыс бағдарламасы 5 байқаудан тұрады.
1 – бөлім: «Кел, танысайық»,
2 - бөлім: «Ағаш көркі жапырық»,
3 - бөлім: «Өнерлілер»,
4 - бөлім: «Мені жалғастырып көр»,
5 – бөлім: а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр».
ә) Ұлдар Наурыз көже ішіп жарысады.
2 - жүргізуші: Әділ – қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерлі, кім мықты? - деп әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1 - жүргізуші: Деген екен Қазақ халқы «Сәлем – сөздің анасы,»
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.
Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың? – деп
«Кел, танысайық!» атты бөлімімізді бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
2 - жүргізуші: Келесі бөліміміз «Ағаш көркі жапырақ» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз жапырақтарды алып, ондағы сұрақтар жауап береді. Жауап берген соң жапырақты мына талға іліп, ағашты безендіреді.
1.Жыл басының алғашқы сүті?(Уыз)
2.Жыл басының алғашқы көгі? (Бәйшешек)
3.Жыл басының алғашқы асы (Наурыз көже)
4.Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
5.Адам өміріне қажетті 5 жағдай...(ауа, тағам, жылу, жарық, су)
6.Ұлттық тағамдарды ата.
7.Қазақта сүттен қандай тағамдар жасайды
1-оқушы: Наурызым ғажап туысың,
Ұлыстың ұлы күнісің.
Жылыттың жердің жүрегін,
Жүрегі елдің жылысын.
2-оқушы: Наурызым - тойлы нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!
Ән орындалады.
(Әр жұп өз өнерлерін көрсетеді.)
2 - жүргізуші: Келесі бөлім «Мені жалғастыр» деп аталады. Бұл бөлімде карточка алып, ішіндегі мақалды немесе өлең жолдарын жалғастырады.
Ортаға барлық сайыскерлерімізді шақырамыз.
1 - жүргізуші: Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан,
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.
«Шеше көреген тон пішер» деген рас,
Қыздарымыз шебер қолға араласқан, - дей отыра қыздарымыздың ою оюдың кереметін тамашалайық. Ортаға қыздарымызды шақырайық.
Ер балаларымыздың "Кім жылдам?" көже ішуден жарыс
1 - жүргізуші: Көрсетті өнерлерін жаңа ғана,
Сыналып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділ – қазы әділ баға – деп, әділ – қазыларға сөз кезегін береміз.
Номинациямен марапаттау.
2 - жүргізуші: Келер күнге бар үмітті табынтып,
Бар халықты қуантатын бұл қай кез?
Хормен: Наурыз!
Бата беріледі.
Біржан:Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Әумин!
Достарыңызбен бөлісу: |