VIIІ. Жұлдызқұрттың денесінде жазылған буындарды, сөздерді қайтала
(2 мин)
ла ла ла
ло ло ло
ле ле ле
ли ли ли
ІX. Суреттерді ретімен айт және дыбыстың орнын анықтап торкөзге сәйкестендір.(флипчарт тапсырма). (5 мин)
X.Саусақ жаттығуы. Қырлы қарындашпен "Баспалдақ" ойынын ойнаймыз.
(1 мин)
XI.Көркем жаз.
Лл әрпін көк қарындашпен бояймыз.Себебі, л дауыссыз дыбыс.
( 1 мин)
XII.Төмендегі суреттерден сөйлем құрап, сұрақтарға жауап бер. (2 мин)
1. Қандай ертегіден алынған?
2. Ертегіде лақ саны қанша болады?
3. Қандай мезгіл бейнеленген?
4.Суретте тағы нелер бар?
XIII.Л дыбысы бар суреттерді мақталы таяқшамен нүкте арқылы боя(пуантилизм) . (3 мин)
XIV.Рефлексия Кеменің үстіндегі жалаушаны бояймыз. (1 мин)
Егер саған логопедиялық сабақ ұнаған болса және де барлық тапсырманы қиналмай орындаған болсаң- кеменің үстіндегі жалаушаны жасыл түске боя.
Егер де сабақ үстінде тапсырма орындауда сәл қиналған болсаң, бірақ сол қиындықты жеңіп, дұрыс жауап тапқан болсаң кеменің жалаушасын сары түске боя.
Егер де сабақ үстіндегі тапсырмалар қиынға соғып, сағамұғалім көмегі қажет болған жағдайда-кеменің жалаушасын қызыл түске боя.
XV. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап ал. (1 мин)
Лақ
Жалт -жұлт етіп лақ,
Жағалайсың бұлақ.
Секірем деп бірақ,
Қала көрме құлап.
(А.Асылбеков)
Дәптердегі Л әрпін көркем жаз.
Сабақтың соңы.
Достарыңызбен бөлісу: |