"Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені" КММ
Сабақтың тақырыбы:
Дауыссыз Л дыбысы мен әрпі
Логопед -мұғалім: Кулмагамбетова К.К.
Сабақтың тақырыбы: Дауысты Л дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1.Дыбыстың пайда болуы, дыбыстарды буын сөздерде дұрыс, нақты айту. Дыбысты есту, қабылдау қабілетін дамыту. Сөз байлығын молайту.
2. Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру. Л дыбысын сөз арасында ажырата білуге дағдыландыру.
3. Таза, ұқыпты жазуға, үй жануарларын және жәндіктерді сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Айна, профиль, суреттер, суретті әліппе, карточкалар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1 Сәлемдесу
2 Психологиялық дайындық: Қайырлы күн досым,
Қайырлы күн болсын,
Бүгінгінің күні
Сәттілікке толсын. (1 мин)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен сабақта қандай тақырып өттік?
І дыбысына басталатын сөздерді атаңдар. Мысалы: Ілмек, ірімшік, ішік.(1 мин)
ІІІ. Артикуляциялық жаттығулар (3 мин)
1. "Айтқанға көнбеген тілді жазалау". Мақсаты: тілді босаңсыту. Бала тілін төменгі ерінге қойып, жоғарғы ерінімен "пя-пя-пя" деп тигізіп айтады, содан кейін жалпақ күйге келтіріп, созып шығару. 1-ден 10 -ға дейін санап, ұстау қажет.
2. "Тәтті тосап". Мақсаты:тілдің алдыңғы жағының қозғалысының дұрыс болғанын қадағалау.
Ауызды ашқызып, тілінің алдыңғы жағын жоғары ерінге таятып,тілімен жоғарыдан төмен қарай қозғалыс жасату.
3. "Әткеншек". Мақсаты: дауысты а,ы,о,у дыбыстары мен л дыбысының қосылуына қажетті тілдің қимылының өзгеруіне көңіл аудару.
Ауыз ашық, жалпақ күйдегі тіл төменгі тістің ішкі жағында,1-ден 5-ке дейін санау. Содан кейін жалпақ күйдегі тілді жоғары тіске қою. Қимылдарды ауыстырып отыру.
4. "Ат шауып келеді". Мақсаты: тілдің бұлшық етін дамытып жетілдіру, жоғары көтерілуін қадағалау.
Ауыз ашық, тілдің ұшымен тарсылдату (ат тұяғының тарсылдатқанына ұқсату).
5. "Кеме". Мақсаты: тілдің ортасының жоғары көтерілуін қадағалау.
Ауызды ашып, ы деп ұзақ айтқызу.Тілдің ұшы төмен түсіп тұруы керек, ауыздың қуысында жатып, ортасы таңдайға көтеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |