Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар



Дата25.06.2017
өлшемі106,99 Kb.
#19935
түріСабақ


Мукашева Зульфия Нагметоллаевна

13 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ақтөбе қаласы



Пәні: қазақ тілі, 5-класс

Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар

Сабақтың мақсаты: оқушыларға дауысты дыбыстар туралы түсінік беру, ерекшеліктері мен белгілерін меңгерту.

Сабақтың міндеті:

Білімділік – дауыстылар жөнінде теориялық ұғым қалыптастыра отырып, ережені ұғындыру.

Дамытушылық – қызықты ертегілер, ойындар арқылы тіл байлықтарын, ойлау қабілеттерін өз беттерінше жүйелеу, қорытынды жасау және таным белсенділіктерін дамыту, шығармашылық жұмыстары арқылы ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік – талдауға алынған мысалдар арқылы Отанын, елін сүюге тәрбиелеу, адамгершілік құндылықтарды жетілдіру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап,синтездеу, жеке жұмыс.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, аукцион сабақ

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, үлестірмелі кеспе қағаздары, бағалау парақшалары, ертегілер.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру

  • Саламатсыздарма, балалар?

  • Көңіл-күйіміз жақсы ма?

  • Оқулық, дәптерімізді ашып, күннің жадын жазамыз.

  • Балалар,мен әр сабақ сайын алдыма мақсат қоямын,сол тәрізді сіздерді де мақсат қоюға үйреттім.Кімнің алдында қандай мақсат бар? Оқушы мақсатымен бөлісу...

Балалар,енді өткен тақырыптарға шолу жасап, өткен тақырыптарға нүкте қояйық.

Ол не?

  1. Фонетика ол-

  2. Интонация ол-

  3. Тіл дыбыстары ол-

  4. Үн ол-

  5. Салдыр ол-

  6. «Әліпби» ол-

  7. Әріп ол-

  8. Қазақтың төл дыбыстары ол-

  9. Сөздік ол-

  10. Әліпбидің ерекшелігі ол-

ІІ Жаңа сабақ

Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.

Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстары – 9: а,ә,о,ө,е,ы,і,ұ,ү.

Орыс тілінен енген және халықаралық терминдерде и,у,э дауыстылары кездеседі: кино, уран, электр т.б. Қазақтың төл сөздерінде и,у жазылғанымен, олар дербес дауыстылар емес. И әрпі ы+й, і+й дыбыстарының, у әрпі ұ+у, ү+у дыбыстарының тіркесі (жазылуы – қи, ит,су,сурет; айтылуы – қый, ійт, сұу, сүурет). Дауысты дыбыстар үннен ғана тұратындықтан, оларды созып айтуға мүмкіндік шектеусіз. Дауысты дыбыстар буын құрайды. Бір сөзде қанша дауысты дыбыс болса, демек, сол сөзде сонша буын бар.

Мысалы: Қааан-ды, Тал-дыор-ған.

Ерекше сипаты

Қазақ тілінде актив қабатты құрайды.

Балалар,біз кішкене ғана ой түйсінуден өттік.Енді сол түйсікті барлығымыз бірлесе отырып бизнес жасауға мүмкіндік бар ма?Сол кішкентай өнімді аз- аздан нарыққа шығарайық,бірден мол өнім шығару үшін көп еңбектену керек.Біз қазір шағын бизнес ашып көрейік,егер жанданса жемісін көреміз.Не сатамыз? ...Алдымен,қайың ағаштарын сатайық,сосын ол сұранысқа ие болса, сол қайыңнан қағаз өндіріп нарыққа шығарамыз.



ІІІ Бекіту

Мәтінмен жұмыс

...лкенге із...т білдірд... б...здің т...рбиемізд...ң алт...н тіні болат...н жән... де ата-...наның ақ б...тасынсыз қанд...й іске болс... да кіріс... тіпті ақылғ... қ...нбайтын н...рсе еді. Б...л б...здің ұрпақт...ң бойын... с...ңген қаси...т.

(Н.Назарбаев)

Қайың ағаштары сұранысқа ие,себебі толығымен дерлік оқушылар еңбек жасады,дұрыс суарып,дұрыс баптады.Енді қайыңнан өндірілген сары қағаздарды сатамыз. Ол үшін бірге еңбектенеміз.

Тіл дамыту

Дауысты дыбыстардан басталатын қандай ертегілерді білеміз?

Балалар,өте жақсы.Енді сары емес,аппақ қағаздарды назарларыңызға ұсынамыз.

Жасырынған әріптерді анықта
1.Әнде бар, 2.Жаңада бар,

Күйде жоқ. Ескіде жоқ.

Сәнде бар, Танада бар,

Биде жоқ. Ешкіде жоқ.

3.Жерде жоқ, 4.Шөлде бар,

Отта бар. Суда жоқ.

Барда жоқ, Көлде бар,

Жоқта бар. Буда жоқ.

Оқушылар,енді еңбегіміздің жемісін көру үшін қайыңның саясында сәл тыныстаймыз.



«Сергіту» сәті

  1. 1,2,3,4,5,6,12,

12-нің ішіндегі ең сұлуы кімдікі?

2)Жақсы адамға дауа жоқ.Неге?

3)Мәртебесі биік шаһар дегеніміз ....

4)Қазақ – табиғатынан ділмар, шешен халық ....

5)Білімнің қайнар көзін қайдан іздеуге болады?

6)Ұзын бойлы, кең иықты Шыңғыс ханның мысық көздері от шашып ......

7) Отан оттан да ыстық ....

8) Бір кісі бетіңе жылы шыраймен күліп қараса ....

Енді нарыққа жиһаздар шығарамыз,егер сұранысқа ие болса шет елге ұсыныс жасап,өткіземіз,ол үшін еш қоспасыз әр ұста өзінің шеберлігін дәлелдеуі тиіс.
Білімді дәлелдеу

Ұлы шайыр, ғұлама, екінші ұстаз Әл-Фараби ана тілімен қатар қай тілдерді жетік меңгерген?

(Араб,парсы,грек)

Тапсырма: Математикаға, фонетикаға талдаңыз.

Үлгі: а) Берілгені: араб 2 +2 =4 =2 +2 = а 2 = е = ж2 = ү1 = д1

қ е2 ж ұ1 қ

=4

Ә) 5 дыбыс, 3 дау-з, 2 дауысты, 2 буын



П-дауыссыз, қатаң

А-дауысты, жуан, ашық, езулік

Р-дауыссыз, үнді,діріл

С-дауыссыз, қатаң

Ы-дауысты,жуан,қысаң,езулік

Шетелдік халыққа телефон шалып,өзіміздің өткен сатыларымызды баяндаймыз.Егер ұсыныс беріп біздің жиһаздарымызға сұраныс танытса онда нарыққа шетелге таратамыз.Келісімшарттың құжаттарын даярлаймыз.Алдымен маман кеңесіне жүгінеміз.Оқушы маман кеңесі: Қалың ну орманның ішіне біз бұрын еккен ақ қайыңдарды шауып аламыз.Егер шын мәніндегі орманшы болсақ онда мәтіннен дауыстылардың актив қабатта тұрған сөздерін теріп жазамыз.



«Түртіп алу» стратегиясы

Адам, ең алдымен, өзінің ана тілін, туған әдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қазынаңдай сақтау керек. (М.О.Әуезов)



  1. Тапсырма: қай сөзде дауысты дыбыстар белсенді қызмет атқарса, демек,сол сөзді дәптерге жазып отырамыз және дауыстылардың астын сызамыз.

  2. Мәтіннен басқа тілден енген сөздерді табамыз.

ІҮ Қорытынды

«Білімнің қалташасына» не салдым?

А) оқушы пайымы

Балалар,қазір жасаған жиһаздарымыздың құрамында не бар екенін және оның еш қоспасыз екенін дәлелдейміз. Сұрақ...



Ә) 1. Фонетикалық ұғым

Бір-бірімен сыбайлас

Бірі айтылады да, естіледі,

Екіншісі жазылады да көрінеді.

(дыбыс,әріп)

2. Өз құрамында үш буын, алты әріп бар, жалпы қарауындағы әріптері құрамындағыдан алты есе көп.

(әліпби)

3. Бір ағашта отыз жеті алма

Оны алып жемек болсаң,

Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді,

Қалғандары қақтығып барып өтеді.

(дауысты, дауыссыз дыбыстар)

4. Дыбыс емес, таңба

Оқылмайды, жазылады

Бірақ сөзден табылады

Ол қай әріп еді,

Ойлап көрші, есіңде бар ма? (ь,ъ )

5. Жанындағы тіркескен әріптердің ыңғайына жығылып, бірде дауысты, бірде дауыссыздың қызметін атқаратын қай дыбыс? (У)



V Оқушы білімін бағалау

VІ Үйге Ереже жаттау

Дауысты дыбыстардан басталатын әңгіме жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет