Зейіндерін шоғырландыру мақсатында психологиялық дайындық.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне,жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
-Қанекей,балалар мен сендерге суреті бар қима қағаздар таратамын ,сол суретті құрастыру арқылы үш топқа бөлінеміз.
«Кезбе тілші»әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.
1.Әңгіменің авторы кім?
2.Бұл әңгімеде қай кездегі оқиға баяндалады?
3.Әңгімеде қай мезгіл айтылған?
4.Қаралы қағаз алған Аян не істеді?
5.Аянмен қоштасқан кезде достарының көңіл-күйі қандай болды?
6.Аянды қайда жіберді?
7.Әңгіме неліктен «Жусан иісі»деп аталған?
8.Аян бұл күні қайда болуы мүмкін?
9.Әңгімені өз ойынша жалғастыр.
10.Аянға жазған хатыңды оқып бер.
Топтар арасында критериалды бағалау.
|