Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
№9-тапсырма: Мәтіндегі ақпараттарды пайдалана отырып немесе өз өмірлеріңдегі оқиғаларды ескере отырып, талғау мәнді сөйлем құраңдар. Сөйлемнің жай немесе құрмалас екенін дәлелдеңдер.
Үлгі: Жастар бақытты отбасы болу дегенді жақсы тұрғын үйлі болу немесе табысты болу деп түсінеді.