Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
№5-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды айт. Мәтіннің стилін анықтап, дәлелде. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді тап.
Мәтінді оқып, негізгі ойды айтады. Мәтіннің стилін анықтап, дәлелдейді Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді табады.