9.1.3.1 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу;
9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Білім алушылар тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра алады. Сонымен қатар салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата біледі, түрлендіріп қолдана алады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.