Сабақтың тақырыбы: «Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс»



бет1/3
Дата09.08.2017
өлшемі223,86 Kb.
#23037
түріСабақ
  1   2   3
«Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің физика пәнінің мұғалімі Иманалиева Рымгуль Сейсеновна


Сабақтың тақырыбы: «Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс»
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға импульс. Импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс жөнінде мағлұмат беру.

Дамытушылық: Дене импульсі, күш импульсі, импульстің сақталу заңы, реактивті қозғалыс негізінде оқушылардың физикалық түсініктерін дамыту. Формулалармен таныстыру, практикалық есептер шығарудағы машығын тереңдету.

Тәрбиелік: Теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға, нақтылыққа, жүйелілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ, семинар сабағы.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, мысалды, практикалық, ізденіс жұмысы.

Сабақтың  жоспары:

I Ұйымдастыру кезеңі 2мин 1. Сәлемдесу (Психологиялық  ахуал туғызу)

2. Түгендеу

3.Сабаққа дайындығын тексеру

Мұғалім: Сәлеметсіңдерме ,балалар! Сабақта бүгін кім жоқ,түгелміз бе?

Құрметті оқушылар! Біздің бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше.

Өйткені, бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар - ағай-апайларымыз қатысуда. Сондықтан сіздерден  өзіміздің алған білімімізді  тиянақты,  нақты жауап  берулеріңізді  сұраймын. Сабырлыққа шақырамын.

Саспай, ойымызды дұрыс айтып, нақты жауап беруге тырысайық.

Сыныпты 3 топқа бөліп,топ басшыларын сайлаймын.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру 10 мин


  1. Ньютонның 1 заңы

  2. Ньютонның 2 заңы

  3. Ньютонның 3 заңы

  4. Галилейдің салыстырмалық принципіне сәйкес не делінген?

  5. Бүкіләлемдік тартылыс заңы

  6. Бірінші ғарыштық жылдамдық

  7. Дененің салмағы

ІІІ. Жаңа сабақты түсінуге ой тастау 3 мин

1.Үлкен жылдамдықпен келе жатқан допты футболшы аяқпен немесе баспен тоқтатады, ал өте жай жылдамдықпен қозғалып келе жатқан вагонды адам тоқтата алмайды?



IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру 15 мин


Импульс – қозғалыс мөлшері

Дене импульсі Күш импульсі


Дененің массасы мен жылдамдықтың көбейтіндісіне тең физикалық шама

Денеге әрекет ету күш пен әрекет ету уақытының көбейтіндісіне тең физикалық шама


Кг * м/с Н * с

m = t
1. «Импульс»  гректің   impulses деген сөзінен шыққан,  оның сөбе сөз аудармасы «соққы» дегенді білдіреді.  Бұл термин механикада  екі шаманы:  күш импульсі мен  дене импульсін білдіреді.

Дене импульсі дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама = m Р дене импульсінің ХБ (СИ) жүйесіндегі өлшем бірлігі  секундына килограммметр [кг · м/с] Масса – скалярлық шама, ал жылдамдық векторлық шама.

Дене импульсінің векторының бағытыда жылдамдық векторының бағытымен сәйкес келетін векторлық шама.



2. Күш импульсі мен дене импульсі арасындағы байланыс. Дене қандайда бір 0 бастапқы жылдамдықпен қозғалып келе жатсын дейік.

0


Белгілі бір уақыт ішінде дененің қоғалыс бағытында оған түсірілген тұрақты күштің әрекетінен оның жылдамдығы . Егер үдеу жылдамдығының өзгеру шапшаңдығын сипттайтынын ескерсек, онда Ньютонның екінші заңын өрнектейтін формуласын немесе түрінде жазуға болады.

уақыт аралығының бастапқы 0 = mжәне соңғы мезетіндегі = m импульстерін деп белгілесек, онда соңғы фопмуланы

0 немесе

Дене импульсінің өзгерісі күш импульсіне тең.

3. Күш импульсі күш пен оның әрекет ету уақытының ( көбейтіндісіне тең. күш импульсінің ХБ (СИ)жүйесіндегі өлшем бірлігі-Ньютосекунд [Н· с]

Күш импульсі бағыты күш векторының бағытымен сәйкес келетін векторлық шама.



Каталог: uploads -> doc -> 01a0
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01a0 -> Мемлекеттік рәміздердің тәрбиелік мәні
01a0 -> Атадан бес ұл, үш қыз ана туған! Әрбірі орны толар дара тұрған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет