Сабақтың тақырыбы: «Дене импульсі және күш импульсі. Дененің салмағы. Реактивті қозғалыс»



бет1/2
Дата09.08.2017
өлшемі220,01 Kb.
#23035
түріСабақ
  1   2


Сабақтың тақырыбы: Дене импульсы , күш имульсы. Дененің салмағы, салмақсыздық тақырыптарына есептер шығарту.

Сыныбы: 10 «А»

Пән мұғалімі: физика пәнінің мұғалімі М. Елеусінова

2014-2015 о.ж
Бекітемін:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: «Дене импульсі және күш импульсі . Дененің салмағы. Реактивті қозғалыс» тақырыбына есептер шығарту.

Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың дене импульсі, импульстің сақталу заңы, реактивтік қозғалыс, дененің салмағы тақырыптары бойынша алған білімдерін толықтырып бекіту.

2. Оқушы нені білді, нені есте сақтады осы орайдағы білімдерін және пәнге қызығушылығын ойын элементтрерін қолдана отырып дамыту.

3. Топтық жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа , бәсекелестікпен жұмыс істеуге адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Қайталау.

Сабақтың әдісі: Сайыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық, слайдтар.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру. Сыныппен сәлемдесу, түгендеу.

ІІ.Сынып 3 топқа бөлінеді.



І топ – Импульс

ІІ топ - Энергия

IIIтоп - Күш

Әр топтың топ жетекшілері сайланады. Топ жетекшісі тобындағы оқушының алған ұпайын бірден бағалау парақша белгілеп, сабақ соңынан бағалайды.



Сайыстың жоспары:

І. «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап»

ІІ. «Қас – қағым сәт»

ІІІ.«Тапқыр болсаң – тауып көр»

ІV. Серпіту сәті

V. « Ал, қанекей физиктер»



І. «Қас – қағым сәт» сайысында топ жетекшілері сақталу заңы тарауы бойынша тақтаға шығып 1 минутта бір – біріне көз салмай, бірнеше формула жазуы керек. Кім көп жазады, ұпай жинайды.

ІІ. «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап» сайысында интерактивті тақтада әр топқа арналған 10 сұраққа 2 минутта жауап беру . Видео көрсету .

« Импульс » тобына

1 Импульс сөзі қай елдің сөзі?

2 Дене импульсі дегеніміз не?

3 Импульст ің сақталу заңын тұжырымдау.

4 Реактивті қозғалыс дегеніміз не?

5 Кинетикалық энергия формуласы.

6 Полюсте және экваторд а бір денеге әрекет ететін ауырлық күшінің мәндері бірдей бола ма?

7 Дене импульсінің өлшем бірлігі

8 Бірінші космостық жылдамдық неге тең?

9 Серпімді соққы дегеніміз не?

10 Тұйық жүйе деп қандай жүйені айтады?

«Энергия» тобына


  1. Импульс» сөзі нені білдіреді?

  2. Күш импульсі дегеніміз не?

  3. Күш импульсі мен дене импульсіның айырмашылығы

  4. Энергияның сақталу заңын тұжырымдау

  5. Потенциялық энергия формуласы

  6. Күш импульсінің өлшем бірлігі

  7. Импульс қандай әріппен белгіленеді?

  8. Екінші космостық жылдамдық неге тең?

  9. Серпімсіз соққы дегеніміз не?

  10. Қандай мақсатпен зымырандар көпсатылы болып келеді?

«Күш» тобына

1.Дененің салмағы дегеніміз не?

2.Дененің салмағы мен денеге әрекет ететін ауырлық күшінің арасындағы айырмашылық неде?

3.Жоғары қарай үдеумен қозғалған дененің салмағы қалай өзгереді?

4.Төмен қарай үдеумен қозғалған дененің салмағы қалай өзгереді?

5.Қандай жағдайда дене салмақсыздық күй кешеді, мысал келтіру.

6.Раективті қозғалыс дегеніміз не, оған мысалдар келтіру.

7. Раективті қозғалыстың жылдамдығы қандай шамаларға тәуелді болады?

8.Зымыран ненің әсерінен қозғалады? Ол ауасыз кеңістікте қозғала ма? Неліктен?

9.Қандай мақсатпен зымырандар көпсатылы болып жасалады?

10.Бірінші космостық жылдамдық неге тең?

III. «Тапқыр болсаң тауып көр» сайысында әр топқа 3 есептен 9 есеп беріледі

Есепті оқушылар уақытпен санаса шығарады

Есеп әр түрлі сандық,сапалық, логикалық болып келеді

«Импульс» тобына:

1 есеп

Массасы 4 т су шашқыш суды түгел шашып,босағаннан кейін 54 км/сағ жылдамдықпен келе жатқандағы импульсі қандай?

2 есеп

Ғарыш кемесі старт берілгенде Жер бетінен 20 м/с2 үдеумен тік жоғары қарай қозғалады.Кабинадағы массасы 80 кг ғарышкер-ұшқыштың салмағын табыңдар.

3 есеп

Салмағы екі есе арту үшін, тасты қандай а үдеумен жоғары көтеру керек?

«Энергия» тобына

1 есеп

Массасы 4 т су шашқыш автомашинасының цистернасында 2м³ су бар.Машинаның су шашатын жерге 18 км/сағ жылдамдықпен келе жатқандағы импульсі қандай?

2 есеп

Ғарышкеме вертикаль бағытта (Айға қатысты) 8,38 м/с2 тұрақты үдеуімен баяу қозғалып, Айға жұмсақ қонды. Оның ішіндегі массасы 70 кг ғарышкердің салмағы қандай болды?

3 есеп

1,5 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 20 т теміржол вагоны массасы 10 т қозғалмай тұрған вагонға тіркеледі. Вагондардың тіркелгеннен кейінгі жылдамдығы қандай

«Энергия» тобына

1 есеп

2 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 5 кг дененің импульсін анықтаңдар.

2 есеп

Дененің импульсі 10 кгм/с, ал кинетиалық энергиясы 20 Дж.Дененің массасы мен жылдамдығын табыңдар.

3 есеп

Массасы 1 кг дене жоғарыдан 9,0 м/с2 үдеумен жерге түссе, оның салмағы қандай болады? (g=9,8 м/с2)

V. «Ал,қанекей физиктер»атты сайысқа сыныптың физика олимпиадасына қатысатын оқушылары шығады.

3 топқа 2 есептен беріледі:



«Импульс» тобына

1 есеп

Массасы 50000 кг ғарыш кемесі двигателінің тарту күші 105 Н,двигателдің 6 с уақыт жұмысы кезіндегі ғарыш кемесі жылдамдығының өзгерісі.

2 есеп

Массасы 10 т бірінші вагон 2м/с жылдамдықпен козғалады,оны 3 м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 10 т екінші вагон қуып жетеді,егер соқтығысу серпімсіз болса,соқтығысқаннан кейінгі бұл вагондардың жылдамдығы?

«Энергия» тобына

1 есеп

Массасы 0,5 кг денеге 0,5 минут бойы 15 Н күш әсер етті. Күш импульсі неге тең?

2 есеп

Массасы 20 кг тыныштықтағы арбада массасы 60 кг адам тұр.Адам арбамен салыстырғанда 1 м/с жылдамдықпен қозғалса,арбаның жермен салыстырғандағы жылдамдығы кандай?

«Күш» тобына

№1 есеп


Төмен 0,8 м/с2 үдеумен қозғалатын лифт еденіне массасы 70 кг адамның түсіретін күші ()

2 есеп

Массасы 10 т жайдақ вагонды 3 м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 15 т жайдақ вагон қуып жетеді. Егер соқтығысу серпімсіз болса, соқтығысқаннан кейін бұл вагондардың жылдамдығы 2,6 м/с болады. Бірінші жайдақ вагон қандай жылдамдықпен қозғалған?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет