Сабақтың тақырыбы: Дәрумендер Сабақтың мақсаты



Дата10.06.2017
өлшемі65,64 Kb.
#18856
түріСабақ
Бекбосынова Айгүл,

М.Мәметова атындағыжалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі.

Арыс қаласы

Сабақтың тақырыбы: Дәрумендер

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Дәрумендердің адам ағзасындағы маңызды рөлі туралы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелігі: Адамгершілікке, сұлулыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың жалпы қабілеттілігін, дүниетанымын, қызығушылығын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың өту барысы: Сұрақ-жауап, әр түрлі деңгейлік тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: география, математика, шет тілі.

Сабақтың барысы;



  1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау, кабинеттің сабаққа даярлығын қамтамасыз ету.

б) Үйге берілген тапсырманы сұрау.(Сұрақтар беруарқылы)

Кім жылдам?

Бізден сұрақ, сізден жылдам жауап.



  1. Жасушаны зерттейтін ғылым?

  2. Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттері.

  3. Ұлпа дегеніміз не, ол қанша топқа бөлінеді?

  4. Адамның дене жасушасындағы хромосома саны.

  5. Жүйке жасушасының атауы.

  6. Аралас бездерді ата?

  7. Ми бөлімдері нешеге бөлінеді?

  8. Адамда қанша сезім мүшелері бар, оларды ата?

  9. Құлақ қанша бөлімнен тұрады?

  10. Ересек адамның қаңқасында қанша сүйек бар?

  11. Қол басы сүйектеріне қандай сүйектер жатады?

  12. Оссеин заты сүйекке қандай қасиет береді?

  13. Сүйектің сынуы нешеге бөлінеді?

  14. Иммунитет дегеніміз не?

  15. Қан беретін адам.

  16. Қан ұйымайтын ауру.

  17. Жүрек неше қуысты?

  18. Қанайналым шеңберлері нешеге бөлінеді?

  19. Қан қысымын қандай құралмен өлшейді?

  20. АИВ-тың қандай топтары анықталған?

2. Жаңа сабақ

Витаминдердің маңызы. Витаминдер (латынша тіршілік, өмір) тағамдық заттардың құрамында болатын ерекше ағзалық қосылыстар. Витаминдер тағамның құрамында аз мөлшерде болғанымен, ағза үшін өте қажетті заттар. Витаминсіз ағзаның өсуі, даму және тіршілігін жалғастыру мүмкін емес.

Витаминдердің көпшілігі тағамдық заттардың құрамында болады, ал, аздаған түрлері адам ағзасында түзіледі.

Витаминдерді 1880 жылы орыс дәрігері Николай Иванович Лунин тапты.

Витаминдер ағзадағы зат алмасу үдерісіне қарқынды әсер етеді. Қазіргі кезде витаминдердің 30-ға жуық түрі белгілі. Витаминдер әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің дұрыс өсуі, даму үшін өте қажет. Ағзаның түрілі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады.

Витаминдер өсімдіктекті және жануартекті тағамдардың құрамында кездеседі.Аамға тәлігіне қажетті барлық витаминдердіңмөлшері 180-200мг.

Витаминдер адам ағзасына жетіспеуінен болатын ауруды авитаминоз дейді. Авитаминоз кезінде ағзада зат алмасу бұзылады. Витаминдерді шектен тыс көп мөлшерде пайдалану да зиян. Бұл кезде ағзаның улануы (гипервитаминоз) байқалады.

Витаминдердің түрлерін латынның бас әріпімен белгілейді.

Мысалы: А,Б,С,Д және т.б. Кейде осы әріптердің жанына сандар жазылады. Бұл сандар сол топқа жататын витаминдердің ретін көрсетеді. Мысалы: В1,В2,В6, В12.

Витаминдердің топтары мен түрлері. Барлық витаминдер майда және суда еритін деп екі топқа бөлуге болады. Майда еритіндерге А,Д,Е,К витаминдері жатады. Суда еритіндерге С,РР және В тобындағы барлық витаминдер жатады.

А витамині бауырда, сүтте, жұмыртқаның сарысында көп болады. Өсімдіктердің қызыл, сары жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақтакөп кездеседі.

Д витамині (кальциферол) адамның терісінде күннің ультра күлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді.

Жас сәбилерде Д витаминінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады.

Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады.

Е витамині (токоферол) ағзаның зат алмасу үдерісіне және көбеюіне әсер етеді. Бұл витамин жетіспеген жағыдайда әйел бедеулікке ұшырауы мүмкін. Е витамині көкөністерде, астық тұқымдастардың дәнінде, өсімдік майында және жұмыртқада кездеседі.

К витамині (филлохинон) қанның ұюына әсер етеді. Витамин жетіспегенде жарақаттанған жердегі қанның ұюы баяаулайды да, қан аға түседі. К витамині көкөністерден жасалған салаттарда, томаттта, бауырда кездеседі.

Суда еритін витаминдер. С витамині (аскорбин қышқылы). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. Адам ағзасы С витаминін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдау керек. Жаңа піскен көкөністер, жеміс және тұздалған орамжапырақ құрамында кездеседі.

В1 витамині (тиамин) зат алмаға, қарын мен жүректің, жүйке жүйесінің қызметтеріне әсер етеді. Жетіспеген жүйке жүйесінің жұмысы бұзылып, адамның қозғалысы өзгереді. В1 витамині түрлі жармалардың қалдығында, сүт өнімдерінде, жұмыртқада мол болады.

В2 витамині (рибофлабин) зат алмасуға, көзге әсер етеді. Жетіспеген жағыдайда баланың өсуі баяулайды, тері мен ішкі мүшелердің сілемейлі қабықшаларында ауру пайда болады. Көздің қасаң қабығы қабынып, көзден жас ағады.

В6 витамині (пиидоксин) негізінен ағзада нәруыздың алмасуына әсер етеді.

В12 витамині (цианкобаламин) қанның түзілуі үшін өте қажет. Жүйке ұлпасының өсуін реттеуге қатысады. Оның жетіспеуі қаназдық ауруына шалдықтырады. Бұл кезде ағзаға оттегі жетіспейді. Бұл витамин ағзаға ұзақ уақыт жетіспесе, адам өліп кетуі мүмкін.

РР витамині (никотин қышқылы) ішек және қарын қызыметіне әсер етеді. Жетіспеген жағдайда адам өзін дәрменсіз сезінеді, көңіл күйі өзгереді. Теріде күлдіреген көпіршектер мен дақтар пайда болады. Адам пеллагра ауруына шалдығады. РР витамині еттің, бауырдың, жұмыртқаның, қара наның, жержаңғақтың құрамында кездеседі.

Тағамдық өнімдердегі витаминдерді сақтау жолы.

Тағамдық заттарды дұрыс сақтау және өңдеу кезінде құрамында витаминдер бұзылады. Тағамдық өнімдерді жоғары температурадаөңдегенде С витамині жойылып, В тобындағы витаминдердің мөлшері азаяды. Тағамның құрамындағы витаминдерді сақтау үшін, төменгі температурада, тоңазытып барып сүрлемеу әдісін қолданады. Бұл кезде тағамдық өнімдер 0-4 С температура аралығында өңделеді.

Азық-түлік өнімдерін күнге кептірген кезде де, олардың құрамындағы витаминдер азаяды.Тұздау кезінде витаминдер сақталады. Витаминдерді сақтау үшін эмаль, шыны ыдыстарын пайдаланады.

3. Логикалық сұрақтар.



  1. Қайыңда 4 бұта бар. Әр бұтада 4 алма өсіп тұр. Барлығы неше алма болады? (Қайыңда алма өспейді)

  2. Бала – аяғы жоқ 9, басы жоқ 6, ортан белі жоқ 8 балық ұстады. Барлығы нешеу? (000)

3.5 адамға 5 алманыбөлу керек, әр адам 1 алманы алса кәрзеңкеде қалу үшін қалай бөлеміз? (1 адам 1 алманы кәрзеңкесі мен қосып алады.)

4.9 бас. 22 аяқ. Неше тауық, неше ешкі? (2 ешкі, 7 тауық)

4. Жұмбақ шешу.

1. Көк лағым көгенде тұрып семірген. (қарбыз)

2. Сусызпіскен ас көрдім,

Домаланған бас көрдім. (қауын)



  1. Бар екен жер астында түйме басты,

Мәнісін адам тауып айта алмасты.

Өзінің кемеліне әбден келіп,

Басына бөріктей қып ығыр шашты. (Жуа)


  1. Формы бар домалақ,

Көміп қойдым сығалап.

Жақсы болса тұрмысы,

Шығады екен қоғалап.

Бес ай тама біикенде,

Қамтал алдым құмалап. (Картоп)

5. Сабақты қорытындылау.

Сабақты қорытындылау мақсатында әр оқушыға 5 сұрақтан тест тапсырмасы беріледі.


  1. Денсаулықтың тиімді жолы.

А) жаныңқалаған іс әрекетпен айналысу;

Ә) Ұйқтау;

Б) Салауатты өмір салтын ұстау;

В) дәрумендер мен көкөністермен тамақтану;

2. «Үшінші күй» деп нені айтады?

А) көңіл-күйдің жақсы болуы;

Ә) Денсаулық пен ауру арасындағы күй;

Б) қан қысымының көтерілуі;

В) Ағзаның қорғаныш қабілеті;

3. Бір тулікте бүйректен неше песеп бөлінеді?

А) 2 литр

Ә) 1 литр

Б) 3 литр

В) 1,5 литр

4. Гигиена нені зерттейді?

А) адам организіміне сыртқы ортаның әсерін және түрлі аурулардан сақтану шараларын зерттейді.

Ә) Салауатты өмір салтын

Б) Рухани денсаулықты зерттейді.

В атмосфераны зерттейді.


  1. Йодтың жетіспеуі неге алып келеді?

А) жаңа жасушалардың түзілуіне

Ә) қаназдыққа

Б) қоршаған орта жағдайына төзімділіктің бұзылуына

В) Эндамиялық зоб ауруына, шаштың түсуіне, ақыл-ойдың, дене қабілетінің төмендеуіне



6. Бағалу

7. Үйге тапсырма: Дәрумендер

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет