Сабақтың тақырыбы: Диалект сөздер Сабақтың мақсаты



Дата28.06.2017
өлшемі25,63 Kb.
#20241
түріСабақ
Сабақ жоспары:

Сынып: 5

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Диалект сөздер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға диалект сөздер туралы түсінік қалыптастыру Дамытушылық: Түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың ойын, ойлау қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Қазақ тілін құрметтеуге, бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, Инсерт әдісі, ой шақыру, болжау әдістері

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Кәне балалар, шаттық шеңбер құрайық. Бүгін балалар сәлемдесу түрлерін бір-бірімізге көрсетейік. Сағат тілі бойынша бастаймыз.



Үй тапсырмасын тексеру:

171-181-жаттығуды дәптерлерінен шолып өтемін. Тақтаға екі оқушыны шығарып, қалғандары үй тапсырмасын тексеріп, қателерін түзетіп отырады.



Жаңа сабақты меңгеру:

Ой шақыру кезеңі.

  • ҚР-да неше облыс бар? Атап шығындар.

  • Шығыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Орталықтағы адамдардың сөйлесуі біркелкі ме?

  • Біркелкі емес қандай сөздер білесіңдер?

Болжау стратегиясы.

Сабақтың тақырыбы

Оқушының болжамы







Мағынаны тану кезеңі

Диалект сөздер

Диалект сөздер- белгілі бір жердегі аймақ, облыс, аудан тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер. Диалект жалпыхалықтық болып есептелінбейді. Өйткені олардың көпшілігіннің әдеби тілде баламалары болады. Мысалы, әдеби тілдегі тәртіп сөзі Орал облысында нұсқау, бұйрық деген мағынада қолданылады.

Тілдегі бұл жағдай әдеби тілде байытудың бір жолы болып табылады.

Говр-ол диалектінің бір тармағы. Говр дегеніміз- белгілі бір ауыл тұрғындарының сөйлеу тілі.



Кітаппен жұмыс:

«Кім жылдам?» ойыны.

Ойынның шарты бойынша 183-жаттығудың тапсырмасын орындау.

Берілген диалект сөздерді оқып шығып, мағынасын түсіне отырып, оқушылар сол сөздерге сөйлем құрайды.

«Кім тапқыр?» ойыны.

Ойынның шарты: 184-жаттығуды орындау.

Мәтінді көшіріп жазып, диалект сөздердің астын сызады.

«Баламасын тап» ойыны.

185-жаттығу.

Берілген диалект сөздердің баламаларын тауып, көшіріп жазады.

Сабақты қорытындылау:

Сонымен оқушылар диалект сөздер дегеніміз не?

Осы бүгінгі тақырып бойынша қандай сөздерді естеріңе сақтап алдыңдар.

Қандай сөздер сендерге таныс болды, ал қандай сөздер қызықты болды.



Сабақты бекіту:

Білемін

Білдім

Білгім келеді










Үйге тапсырма:

188-жаттығу;



179-жаттығу.

Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0db1
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0db1 -> Болашақ тәрбиеден басталады Ата-аналар жиналысы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет