Сабақтың тақырыбы: Диқан баба. Мифтік әңгіме Мақсаты: Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыр



Дата11.01.2017
өлшемі91,69 Kb.
#6988
түріСабақ
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы

Қарауылкелді орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Мейрамгул Назаровна

4 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Диқан баба. Мифтік әңгіме

Мақсаты: 1. Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.

2. Оқушыларға молшылық туралы мағлұмат беру. Ой ұшқырлығын дамыту .

3. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, іскерлікке, нанды қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: саяхат схемасы, аялдамалар суреттері, мақал-мәтелдер жазылған парақтар, бағалау парақтары, интерактивті тақта.

Сабақ түрі: аралас сабақ, саяхат сабақ.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Психологиялық дайындық.

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Бар адамды құрметтеп

Бас иеміз біз.

Мұғалім: Мен оң қолымды жайып, жүрегімнен қуаныш алып сендерге сыйлаймын. Жер бетіндегі ең ақылды ең күшті кім? (адам). Ал сендер де ақылды, күшті, зеректісіңдер.

Ендеше біз өз білімімізге сеніп сабағымызды бастайық.

Балалар, біз бүгін «Әдебиет еліне» саяхат жасаймыз. Ол үшін 4 топқа бөлінеміз.Әр топтың өзінің топ басшысы болады.Саяхат барысында шартты белгілері бар ауылдарға тоқталамыз.

  1. Саяхатымызды Қоңырау белгісімен бастаймыз, бұл-сабақтың басталуы.

Ата тілі туралы өлең шумағын айту.

Туған тілім - тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.



  1. Бұл қандай белгі? Сұрақ белгісі сұрақтар мен тапсырмалар ауылы.

  • Үй тапсырмасын тексеру

  • Үйге қандай тапсырма берілді?

  • Үйге берілген тапсырма С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» атты өлеңін жатқа айту

  • Карточкамен жұмыс.

№1. Ауыз әдебиетінің түрлерін жаз.

№2. Әдебиеттегі бейнелеу құралдарын жаз.

№3.Мақалдарды жалғастырып жаз.

Бақа көлін сүйеді,

... ... ... .

№4. Жаңылтпашты жалғастырып жаз.

Қара бала сары баланы жықты,

... ... ... .



Сұрақтарға жауап беру , бекіту.

1.Өлеңде айтылған баланың арманы ма, өтініші ме, серті ме?

2.Өлеңде ақын бірнеше рет айтқан надандық деген не?

3. «Шығамын тірі борлсам адам болып» тақырыбына жазған эссені оқу.

3. «Кітап» шартты белгісі бар ауыл. Теориялық білім, нақыл сөз.

Жұмбақ шешу.

Бұтақ басында ұясы бар, Біреуін бердім,

Дәл осында өмірің бар. Онын тердім.

Шешуі: Бидай


Бидай — бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азықүлігі болып табылады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады. Адамға қажетті бүкіл калорияның 35 пайызы бидай өнімінен алынады. Бүкіл дәнді дақылдар өнімінің 60% мөлшері бидайдан алынады.Масақшаларының ұзындығы 5-19 см, ал дәндерінің ұзындығы 5-9 мм болады.
Бидайдың жиырмадан астам түрі бар. Солардың ішінде ең көп тарағаны—жұмсақ бидай. Бұл дақылдын, алуан түрлі сорттары бар және олар жер шарының барлық

аймақтарында егіледі.
Нан [1]– ас атасы. Ол бидай ұнынан жасалады. Нанды жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне ешбір затты қоймайды. Нанды бір қолмен үзіп жемейді. Қазақтар нанды қасиетті санайды.Бидай өнімдері өнеркәсіпте де кең көлемде пайдаланылады. Мысалы, бидай дәнінен крахмал, спирт, май алынады. Бидай сабанынан қағаз, картон жасалынады. Бидай өнімдері тек адам үшін ғана емес, сонымен қатар мал үшін де бағалы азық. Бидайдың өзінен және дамып қалдықтарынан дайындалған жеммен үй жануарлары да, құстар да тез өсіп, жақсы семіреді.

Интерактивті тақтадан суреттер арқылы жаңа тақырып «Диқан бабаны» түсіндіру. Мифтік әңгіме – көне аңыз әңгіме екендігін айту



Сонау – сонау атам заманда , адам жаңа адам болып келе жатқанда, Аспан ата мен Жер ана «жан бергенге дән беріп», жан біткенді жарылқап, Диқан баба жыл сайын жаңбыр орнына арпа-бидай, қар орнына аппақ ұн жаудырып отырған екен.



  • Сонан соң егін бейне жердің шөбі сияқты жыл сайын өзі өсіп-өніп, мезгілімен пісіп тұратын болыпты. Ол замандағы ел-жұрт «сенікі- менікі» демей, дайын астықты жинап алып, шетінен жей береді екен.

Бір жылы егін қалың шығыпты да, орасан, аста-төк болып, ішуге ауыз, қоярға жер табылмапты. Мұндай молшылықты көтере алмай, мейманасы тасыған адамдар : «Диқан баба, биылғыдай көп беріп қиқаңдама», - деп, кепиет сөз айтыпты. Көл-көсір астықты аяқасты етіп қорлапты. Бұл оспадарлыққа шамданған Диқан баба үш жыл ұдайы теріс қарап: «Ас қадірін білмесең, ашаршылық берсін жазаңды», - депті де, көктен жаудырғанды қойып, жер бетіне бір түбір дән өсірмей тастапты.

Кіріспе әңгіме.

Ашаршылыққа тап болып, тентіреген жұрт Диқан бабаға қайтадан жалынып-жалбарыныпты. Шұбырып алдына барып, аяғына жығылыпты. Жұрттың білместігін кешірген Диқан баба оларды қайта есіркепті. Бірақ бұрынғыдай аспаннан арпа-бидай, ақ ұн жаудырмай, оның орнына жазда жаңбыр, қыста қар жаудырып: «Жауын-шашынның суына өздерің егін егіп, керектеріңе жарайтын қоректеріңді алып отырыңдар», - депті.

Ашаршылық көріп, ас қадірін білген жұрт маңдай терін төгіп, өз қолымен егін еккен екен.

Олар бұрынғыдай ас-азықты төгіп-шашып, «нантептілік» істемейтін, кесірлі-кепиет сөздерді айтпайтын болған екен.

4.«Сандықша» белгісі бар ауыл – сөздерге түсінік.

Сөздікпен жұмыс

Мейманасы тасу – астамшылық жасау.

Кепиет сөз – кесір сөз.

Оспадарлық – көргенсіздік.

Есіркеу – жаны ашу.

5. Ауыз әдебиеті ауылына жеттік.

Сергіту сәті

Мақал-мәтелдерді еске түсірейік, бәріміз бір-бір мақалдан айтайық. Біріміздің айтқанымызды біріміз қайталамауымыз керек.

Жаңа мақал-мәтелмен таныстырып, мәнін ашу.

Ашаршылық көрмеген – ас қадірін білмейді,

Жаяушылық көрмеген – ат қадірін білмейді.
Асты көрсең, қадір тұт, досты көрсең, қыдыр тұт.

6. «Кілт» белгісі бар ауыл ойлануға берілген тапсырма. Ол үшін әңгімені оқып алайық.

  • Оқушыларға іштей оқыту

  • Тізбектеп оқыту

  • Жекелеп оқыту

-Молшылық кездегі адамдар қандай болған?

-Неліктен олар молшылық кезінде ойланбады?

-Қалай ойлайсыңдар, адам ақыл кіру үшін аш болуы керек пе?

-Диқан баба адамдарға не үйретті?

-«Еңбек етсең, ерңнбей,

Тояды қарның тіленбей» деген Абайдың сөзінің аңызбен қандай байланысы бар?

Мәтіннен сұрақтар қойғызу.

Ойын «Пәндер тартысы») Пәнаралық байланыс.

Қазақ тілі –Бидай сөзін септеу..

Математика – бидайға байланысты сандарды айту.

Дүниетану – Бидай қай жерлерде өсіріледі?

Бейнелеу өнері – суретін салу.

7. Батпырауықтың белгісі бар ауыл-шығармашылық тапсырма

«Нан – ас атасы. Қазақтар нанды қасиетті санаған. Оны жерге тастамайды, аяқпен баспайды, қол жумай оны ұстамаған. Осы нанның қадір-қасиетін кей балалар ұғынбайтын сияқты. Оған мысал мына оқиғаны айтқым келеді...

Аңыздың негізгі ойын өмірмен байланыстырып эссе жазу. .

8. Қорытындылау.

- Бүгінгі сабақта сіздер біліммен қаруланып, өз бойларыңа мынандай энергияны сіңірдіңіздер.Біз не үйрендік?
1.Мифтік әңгімемен танысып, жаңа тақырыпты меңгердік.

2. Мақал-мәтелдерден тағылым алдық.

3.Шығармашылық тапсырмаларды орындап, ой-өрісімізді кеңейттік.

4. Сөздермен сөздік қорымызды байыттық.


9. Бағалау.

10.Үй тапсырмасы.



“Диқан баба” әңгімесін түсініп оқу.

Мақал-мәтелдерді жаттап, жазу.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет