Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріпті қайталаймыз



бет3/7
Дата23.05.2017
өлшемі1,83 Mb.
#16636
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

2-жаттығуда берілген «Ақбөкен» мәтіні талқыланғаннан кейін, ақбөкенді сипаттау үшін қолданылған бейнелі сөздерді «Топтастыру» әдісімен жазып шығады.
3-жаттығуда құлынды сипаттауда қолданылған теңеу сөздерді табады. Өлеңің мазмұны толық талқыланғаннан кейін, «Еркін жазу немесе өзім үшін жазу» страдегиясын пайдаланып, өлеңде берілген теңеу сөздерді қолдана отырып, «Менің құлыным» атты сипаттау мәтінін құрастыру.
5. Ой толғаныс

«Дөңгелек үстел» стратегиясын қолдану. Бір тақырып беріледі. Топ мүшелері бір сөйлемнен жазып, бір-бірін жалғастыра отырып, 4-5 сөйлемнен тұратын сипаттау мәтінін құрастырады.


6. Үйге тапсырма беру:

Сипаттау мәтінін құрап жазу.



Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің түрлері
Сабақтың мақсаты:Мәтіннің бір түрі – пайымдау мәтіні туралы түсінік беру;

пайымдау мәтінін құрастыруда сөздерді дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру; оқушылардың сөздік қорын арттыру.


Сабақтың әдісі:«Жұп болып оқу» ,«Дөңгелек үстел»,«Топтастыру»,«Еркін жазу» стратегиялары.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру жұмысы

2. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылардың құраған сипаттау мәтінін оқыту.


3. Қызығушылықты ояту

Мәтін таңдалып алынады.Топтағы оқушылар екі-екіден жұптасады да,«Жұп болып оқу, жұп болып талқылау» стратегиясы бойынша жұмыс істейді.

Мәтін екі бөлімге бөлінеді. Ол мәтіннің ішінде пайымдау бөлімі болу керек.

1-бөлімді оқығаннан кейін,жұптасқан оқушылардың бірі репортер қызметін атқарып, 2-оқушы сұрақ қоюшы болады.

2-бөлімді оқығанда рөлдері ауысады.

-Бірінші мәтінде не туралы айтылған?

-Екінші мәтінде ше ?

Оқушыларға жетекші сұрақтар қойып, бірінші мәтін-әңгімелеу мәтіні екенін, ал екінші мәтін пайымдау мәтіні екеніне көз жеткізу керек.



4. Мағынаны тану кезеңі

1-жаттығу. Пайымдау кезінде сөйлемдерде өйткені, себебі, сондықтан деген сөздер кездеседі. Осы сөздердің көмегімен сөйлемдерді жалғастырып жазу.

2-жаттығуда берілген «Балықтар әлемі», «Ойынның пайдасы» мәтіндері талқыланғаннан кейін, олардың қайсысы пайымдау мәтініне жататынын сұрау. Себебі не?
3-жаттығу. Сурет бойынша ауызша пайымдау мәтінін құрастыру. «Бұл ойынның қандай пайдасы бар?» деген сұраққа мәтін арқылы жауап беру.
5. Ой толғаныс

«Дөңгелек үстел» стратегиясын қолдану. Бір тақырып беріледі. Топ мүшелері бір сөйлемнен жазып, бір-бірін жалғастыра отырып, 4-5 сөйлемнен тұратын сипаттау мәтінін құрастырады.


6.Үйге тапсырма беру

3-жаттығу. Құрастырған мәтіндердің бірін дәптеріңе жаз.


Сабақтың тақырыбы: Хат жазып үйренеміз

Сабақтың мақсаты оқушыларды хатты дұрыс, сауатты жаза білуге үйрету, сөздік қорын дамыту, сөйлеу мәдениеттіне баулу.

Сабақтың әдісі «РАФТ», «Сауаттылықты ашатын хаттар» стратегиялары».

Сабақ барысы: : 1.Ұйымдастыру жұмысы

2. Үй тапсырмасын тексеру

3-жаттығу. Құрастырған мәтіндерін тексеру.

3.Қызығушылықты ояту

Оқушылар топқа бөлініп отырады. Төмендегідей сұрақ төңірегіндегі өз ой-пікірлерін жазады. Хат жазу үшін не керек? Хатты кімдерге жазамыз.



4.Мағынаны тану кезеңі

1-жаттығуды оқып, мағынасын түсінгеннен кейін топтарға мынадай тапсырмалар беруге болады:

1-тапсырма. Өлеңмен жазылған хатты қара сөзбен жаз.

2-тапсырма. Жаттығудың соңындағы сұрақтарға жауап жаз.

3-тапсырма. Атасының атынан жауап жаз.

4-тапсырма. Әжесінің атынан жауап жаз.

2-жаттығу ауызша талданады. Содан кейін белгілі бір бөлігін ғана көшіруді ғана ұсынуға болады.

3-жаттығуды орындау арқылы оқушылар өз бетінше хат жазуды үйренеді.

4-жаттығуды орындамас бұрын “РАФТ” (рөл, аудитория, форма, тақырып ) стратегиясын

қолдану арқылы дайындық жұмысын жүргізуге болады.

1.Мысалы, «Тазалық» тақырыбы (Оқушылар басқа да тақырып таңдай алады).

Әр топ тазалыққа байланысты тақырыптарын ұсынады. Ол тақырыптар тақтаға жазылады.

2.Тазалық туралы қай сала мамандары жазуы мүмкін? Әр топтың айтуы бойынша тақтаға тізім жазылады.

1.Ол әңгіме кімге арналуы мүмкін? Бұл тізім де тақтаға жазылады.

2. Әңгіме қандай формада жазылады? Бұл сұрақтың жауабы да жазылады.

Әр топ тақырып, форма т.б. өзі таңдауына қарай таңдайды немесе мұғалім бөліп беруіне болады. Мысалы;

Р(рөл) дәрігер

А(аудитория) халық

Ф(форма)хат

Т(тақырып)судың тазалығы



Тақырыптар; Кім жазуы мүмкін?

1.оқушының тазалығы 1.мұғалім

2.сынып тазалығы 2.дәрігер

3.көше тазалығы 3.ата-ана

4.ауа тазалығы 4.әкім

5.судың тазалығы 5. экологтар



Кімге арнаулы мүмкін? Қандай формада болуы мүмкін?

  1. оқушы 1.кеңес

  2. халық 2.өтініш

  3. басшылар 3.хат

  4. ата-аналар 4.арыз

  5. азаматтар 5.әңгіме

Оқушыларға жаңа сабаққа байланысты тақырып мазмұны бойынша хат жазуды ұсынуға болады. Бұл стратегияның мақсаты балаларды тақырыптың мәнін ашып көркемдік тұрғыда қиыннан қиыстырып жаза білуге баулу.

Ой толғаныс

Қызықты қысқа бір мәтін таңдалынады. Оны оқушылар оқып түсініп, қасында отырған оқушыға сол мәтіннің мазмұны бойынша хат жазады. Бұл – «Сауаттылықты ашатын хаттар» стратегиясы.



6.Үйге тапсырма беру. 4-жаттығу. Тақырыптардың біреуін таңдап хат жаз.
Сабақтың тақырыбы: Хат жазып үйренеміз

Сабақтың мақсаты: оқушыларға хат жазу үлгісін көтеріп, айтпақ ойын әзілмен және нақты жеткізе білуді үйрету; хат жазуға дағдыландыру; сауатын арттыру.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру жұмысы

2. Үй тапсырмасын тексеру

4-жаттығу. Тақырыптардың біреуін таңдап хат жаз.

3. Жаңа сабақ

Кіріспе әңгіме

Балалар, бүгін бәріміз басқа қала, ауылдағы туысқан, достарымыздың амандығын білу үшін олармен қалай хабарласу керектігін үйренеміз. өздерің байланыстың қандай түрлерін білесіңдер?



  • Телефон, интернет арқылы, жеделхат, хат және басқалары.

Дұрыс. Хатта не жазылады? Оны қалай жазады?

Жаңа сабақты түсіндіру

Хат – байланыс құралы. Хат жолдаушы адам хат жолдаған адамының қалын сұрайды. Өз жағдайын жаңалықтарды жазады. Хат дайын болған соң, хатқалтаға салынып, оның сырты толтырылады. Содан кейін байланыс бөлімшесіне өткізіледі немесе арнайы пошта жәшігіне салынады. Хат иесіне уақытында жету үшін хатқалта сыртын қатесіз толтыру керек. Сондықтан хат жазу, хатқалтаның сыртын толтыру үлгісін мұқият меңгеріп алған жөн. Хатта ой толық, еркін айтылады.



1-жаттығуда берілген өлеңде пошташы туралы айтылады. Оқушылар пошташының атқаратын жұмысымен танысады. Өзі тұратын жердегі байланыс қызметі туралы әңгімелейді.

2-жаттығу бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, хатқалтаның сыртын сауатты толтыруды үйренеді.

3-жаттығуда берілген сурет бойынша оқушылар Жанар жазған хаттың иесіне жету ретін анықтап, дәптерлеріне жазады. Бірнеше оқушының жазғаны оқылады.

Сабақты қорытындылау

  • Қандай байланыс құралдары бар?

  • Хатқа не туралы жазуға болады?

  • Хаттың жазылу тәртібі қандай?

  • Хат пен жеделхаттың айырмашылығы қандай?



6.Үйге тапсырма беру

4-жаттығу. Хатты толықтырып, жазу.




Күні: 22.10.13 31-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем туралы өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: сөйлем тақырыбы бойынша 2-сыныпта алған білімдерін еске түсіру; сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құрастыра білу дағдыларын арттыру; байланыстырып сөйлеуге үйрету; сөздік қорларын дамыту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, қайталау, жаттығу.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.



2. Үй тапсырмасын тексеру

Сөйлемді еске түсіру


3. Қайталау сабағы.

  • Сөйлем дегеніміз не?

  • Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

  • Сөйлем сөзден құралады.

  • Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.

  • Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады.

  • Сөйлемнің соңына тыныс белгісі қойылады.

  • Сөйлемнің қандай түрлері бар?

  • Хабарлы, сұраулы, лепті.

  • Бірдеме жайында хабарлай айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады.

  • Біреу я бірдеме жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлем жауап алу мақсатында айтылады. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) койылады.

  • Лепті сөйлем адамның көңіл күйін, сезімін (қуану, ренжу, өкіну, ұран, т.б.) білдіреді.

  • Лепті сөйлем үнемі көтеріңкі дауыспен айтылады.

  • Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады.


1-жаттығу. Берілген сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге айналдырып жаз.

Хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлемдердің айырмашылықтарын айт.



2-жаттығу. Өлеңді іштей бірнеше рет кайталап оқу, көшіріп жазу. Өлеңдегі сөйлем түрлерін ажырату.

3-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, ондағы сөйлем санын анықтау. Тиісті тыныс белгісін қойып, бір сұраулы, бір хабарлы сөйлемді көшіріп жазу. Соңғы сөйлемді лепті сөйлемге айналдырып жазу.
4. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау үшін мынадай сұрақтар қоюға болады:



  • Сөйлем дегеніміз не?

  • Сөйлем түрлерін ата.

  • Сөйлемнің алгашқы сөзі қандай әріппен жазылады?

  • Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады?

5. Үйге тапсырма беру

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемді еске түсіреміз.
Сабақтың мақсаты: сөйлемнің сөзден құралатыны, белгілі бір тиянақты ойды білдіретіні туралы түсінік беру; сөйлемнің алғашқы сөзін бас әріппен бастап жазып, соңына тыныс белгісін дұрыс қоюға дағдыландыру; сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға үйрету.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.



2. Үй тапсырмасын тексеру.

4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу.


3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Бұл тақырыпқа арналған жаттығулар алдыңғы сабақта сөйлем туралы берілген ұғымдарды еске түсіріп, жинақтау мақсатын көздейді.



1-жаттығудың тапсырмасын орындай отырып, оқушылар сөз бен сөйлемнің айырмашылығы туралы қорытынды жасайды. Әр сөйлемде қандай ой айтылып тұрғанын түсіндіреді. Тиісті тыныс белгілерін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

2-жаттығу бойынша оқушылар алдымен хабарлы, сонан соң сұраулы және лепті сөйлемдерді көшіріп жазады.

3-жаттығу. Сөздерді оқу. Тиісті тыныс белгілерін қойып, сөйлем құрастырып жазу.

Жаттығу жұмысын жан-жақты талдап болғаннан кейін сөйлемнің соңына нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі қойылатыны нақтыланады.



4-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жазу. Жаңылтпаштағы сұраулы сөйлемді лепті сөйлемге айналдырып жазу.

Қараңыздар, қалай біз

Қабырғалар қалаймыз?

Қалаймыз да, қараймыз,

Қараймыз да, қалаймыз. (Е.Ерботин)
4. Үйге тапсырма беру

5-жаттығу. Тауда демалғаныңды, қуанышты хабарды, сабақтан бестік алғаныңды, Астанаға қыдырып барғаныңды, спорттық жарыстан жеңімпаз атанғаныңды алдымен хабарлы сөйлем, сонан соң лепті сөйлем түрінде жаз.



Қазақ тілі 3 «А»сынып №30

Күні: 28.10.2013ж.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері

Мақсаты: оқушылардың сөйлем мүшелері туралы білімдерін бекіту;

Тіл байлықтарын,сөздік қорларын дамыту, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.

Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

65-беттегі 4-жаттығуды тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ (жалғасы)

Жаттығулармен жұмыс

Сөйлем мүшелерін еске түсіру.

1-жаттығуда берілген сөйлемдерді көшіріп жазу. Сөйлемде кім немесе не жайында айтылып тұр? Сол сөздердің астын сызу.

-Талғат бірінші сөйлемде балалар туралы айтылады деп есептейді. Ал Гүлнар сөйлемде музей туралы айтылады деп санайды. Сен балалардың қайсысымен келісесің?

2-жаттығуда берілген суреттердің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жазу.

Мысалы: Дәрігер адамдарды емдейді.Үйрек аспанға ұшты. Т.с.с.

Суреттің орнына жазылған сөздерге сұрақ қой.

Кім? не? кімдер? нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін бастауыш дейміз.

3-жаттығуда берілген өлеңді оқып, көшіріп жазу.

Бастауыштың астын сыз, оларға сұрақ қой.

4-жаттығуда берілген мәтінді оқып, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу.



(Кімдер?) сыныпта гүл өсіреді. (Нелер?) сынып бөлмесінің ауасын тазартады.

Керекті сөздерге қарап жаз.



ІҮ.Үйге тапсырма: 5-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастырып жаз. 67-бет.

Сабақтың тақырыбы: Бастауыш

Сабақтың мақсаты: сөйлемде ойдың кім, не туралы айтылғанын білдіретін бастауыш сөздерді сөйлем ішінен даралап көрсетуге дағдыландыру; бастауыш – сөйлемдегі ойдың негізі екенін түсіндіру.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.



2. Үй тапсырмасын тексеру.

3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Әр сөйлемдегі сөйлем мүшелеріне сұрақ қою.

Әр сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар?

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

1) Оқушылар мұғалімнің басшылығымен алдымен жеке суреттер бойынша сөйлем құрастырады, сөйлемде кім туралы айтылғанын айтады. Кейбір сөйлемдерді тақтаға жазу, ал қалғанын оқушылар ауызша талдайды, онда кім, не туралы айтылғанын көрсетіп тұрған сөздердің астын сызады, үстіне сұрақтарын жазады.

Сөйлемдегі ойдың негізі болып тұрған сөйлем мүшелерінің бірі бастауыш деп аталатыны, ол кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап беретіні түсіндіріледі.

2) Оқулықтағы жаттығу жұмыстарын орындату.

1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Сөйлемде кім немесе не жайында айтылып тұр? Сол сөздердің астын сызу.

2-жаттығу. Суреттің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жазу. Суреттің орнына жазылған сөздерге сұрақ қою.

3-жаттығу. Өлеңді оқып, көшіріп жазу. Бастауыштардың астын сызу, оларға сұрақ қою.

5-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастырып жазу. Бастауыштардың астын сызу.
4. Қосымша материал

Оқушылардың сөз таптары жайындағы осы білім дағдыларына сүйене отырып, бастауыштың көбіне зат есімнен және зат есімнің орнына жұмсалатын сөздерден (мен, сен, ол, біз, т.б) болатынын түсіндіру.

Мынадай кесте арқылы түсіндіруге болады:

Сұрақтары

Сөйлемдер

Кімдер?

Оқушылар сурет көрмесіне барды. Олар суреттерді ұзақ тамашалады.

Нелер?

Құстар зиянды жәндіктерді жейді. Олар адамдарға пайда келтіреді.

Кім?

Марат сабағын оқып болды. Ол енді анасына көмектеседі.

Не?

Қоян қаша жөнелді. Ол түлкіден қорқады.



5. Бастауыш тақырыбы бойынша өздік жұмыс

17-бет 1-тапсырма.

Сөйлемдерді көшіріп жаз. Әр сөйлемнен бастауыштарды тауып, астын сыз.

2-тапсырма.

Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлең жолдарынан бастауыштарды тауып, сұрақ қой.
6. Сабақты қорытындылау
7. Үйге тапсырма беру

4-жаттығу. Мәтінді оқу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу.



Сабақтың тақырыбы: Бастауыш
Сабақтың мақсаты: сөйлемде ойдың кім, не туралы айтылғанын білдіретін бастауыш сөздерді сөйлем ішінен даралап көрсетуге дағдыландыру; бастауыш – сөйлемдегі ойдың негізі екенін түсіндіру.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.



2. Үй тапсырмасын тексеру.

1) 4-жаттығу. Мәтінді оқу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу.

2) Бастауыш дегеніміз не? Мысалдар келтіру.
3. Жаңа сабақ .

1) Сөйлемдегі ойдың негізі болып тұрған сөйлем мүшелерінің бірі бастауыш деп аталатыны, ол кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап беретіні қайта түсіндіріледі.



2) Бастауыш тақырыбы бойынша өздік жұмыс

17-бет 3-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Бастауыштарды тауып, астын сыз.

18-бет 4-тапсырма. Дәулет сөйлемдердегі бастауыштарды дұрыс белгіледі ме? Сөйлемнен бастауышты қалай табамыз?
3) Оқулықтағы жаттығу жұмыстарын орындату.
1-жаттығу. Мақалды жатқа көшіріп жазу. Бастауыштарды тауып, оларға сұрақ қою. Сол сөздердің астын сызу.
2-жаттығу. Өлеңді оқып, көшіріп жазу. Бастауыштардың астын сызу, оларға сұрақ қою.

орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жазу. Суреттің орнына жазылған сөздерге сұрақ қою.


3-жаттығу. Суретті пайдаланып, сөйлемдерді толықтырып жазу. Көп нүктенің орнына қойылған сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұр?
5-жаттығу. Берілген тапсырмалар бойынша сөйлем құрастырып жазу. Бастауыштардың астын сызу, сұрақ қою. Қандай сөздер бастауыштың қимылын білдіріп тұр?

4.Сабақты қорытындылау
5. Үйге тапсырма беру

4-жаттығу. Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазу.




Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш

Сабақтың мақсаты: баяндауыштың сөйлемде атқаратын қызметін түсіндіру; баяндауыштарды сөйлем ішінен тауып, оларға сұрақ қоя білуді; сөйлемдегі негізгі мүшелерді анықтай білуді үйрету.

Сабақтын барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.



2. Үй тапсырмасын тексеру.

1) 4-жаттығу. Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазу.

2) Бастауыш дегеніміз не? Мысалдар келтіру.

3. Жаңа сабақ .

Кестені пайдалана отырып, баяндауыштың өзіндік белгілерімен танысып, анықтамасын жаттау керек. Баяндауышқа қойылатын сұрақтар:

не істеді? Не қылды ? қайтті?

Баяндауыштың етістіктен ғана емес, басқа сөз таптарынан да жасалатыны айтылып, мысал келтіріледі.





Мысалдары



Баяндауыш болатын сөз таптары.

1. Шоқан молдадан түрікше хат тани бастады. 2.Шоқан Омбыдағы оқуына он жасында түсіпті.

Етістік


Жақсы ата – орман.

Зат есім

Анамыз ақылды, әдемі.

Сын есім

Екі жерде екі - төрт.

Сан есім

Осы кестедегі сөйлемдер арқылы баяндауыштардың тұлғасы, сұрақтары, қай сөз таптарынан болатыны танытылып, оқушылар мынадай қорытынды жасау тиіс:



  1. Баяндауыш сөйлемдегі ойды тиянақтайды.

  2. Баяндауыш бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, заттық, сындық сапасы мен

санын білдіреді де , не істейді? не қылды? қайтеді? деген сұрақтарға жауап береді.

3. Баяндауыш дара және күрделі болады.

Осы белгілерімен танысқаннан кейін оқушылар баяндауышқа толық анықтама береді.

4. «Жалғастыр» дидактикалық ойыны . Шарты: тақтаға бірнеше аяқталмаған сөйлем жазылады. Оқушылар сөйлемді аяқтап жазулары тиіс.

Мысал:


1. Шоқан Айғаным әжесінің үйіне ... . (келді)

2. Мектеп - ..., (кеме)

3. Білім - ... .(теңіз)

4. Аспан - ... . (көкпеңбек)

5. Бес жерде бес -... . (жиырма бес)

Сөйлемді оқыту. Оқушыларға сұрақ қою арқылы баяндауыштардың қай сөз табынан жасалғанын aнықтауды үйрету.



5. Оқулықтағы жаттығу жұмыстарын орындату.
1-жаттығу. Сурет бойынша малдардың қалай дыбыстайтынын айтқызу. Сұрақтарға жауап жаздыру. Бастауыштың қимылын білдіріп тұрған сөзді тапқызу. Сол сөздердің астын сызу.

2-жаттығу. Төмендегі сөздердің кімнің немесе ненің іс-қимылы екенін айтқызу. Осы сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырып жазу. Бастауыш пен баяндауыштардың астын сызу, оларға сұрақ қою.
3-жаттығу. Өлеңді оқып, көшіріп жазу. Баяндауыштардың астын екі сызықпен сызу. Баяндауыш қай сөздің қимылын білдіріп тұр? Ол сөз қалай аталады? Басқа құстар мен жануарлардың нені сүйетінін білесің бе? Мысалдар келтір.

5-жаттығу. Мәтінді оқып, көшіріп жазу. Бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сызу, сұрақ қою. Қандай сөздер бастауыштың қимылын білдіріп тұр? Айнаның Гүлнарға қалай көмектескені туралы әңгіме құрау.

6.Сабақты қорытындылау

Оқушылардың сабақта алған білімдерін тиянақтай түсу мақсатында үлестірмелі қима қағаздар таратылып, жұмыс жүргізіледі.


7. Үйге тапсырма беру

4-жаттығу. Әр сөздер тобына сұрақ қою. Олар қай сөз табы? Берілген сөздер тобынан бір сөзден алып, сөйлем құрастырып жазу. Құрастырылған сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауыш қай сөз табынан жасалып тұр? Бастауыш пен баяндауыштың астын сызу.



Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш

Сабақтың мақсаты:баяндауыштың сөйлемде атқаратын қызметін түсіндіру; баяндауыштарды сөйлем ішінен тауып, оларға сұрақ қоя білуді; сөйлемдегі негізгі мүшелерді анықтай білуді үйрету.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.



2. Үй тапсырмасын тексеру.

1) 4-жаттығу. Әр сөздер тобына сұрақ қою. Олар қай сөз табы? Берілген сөздер тобынан бір сөзден алып, сөйлем құрастырып жазу. Құрастырылған сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауыш қай сөз табынан жасалып тұр? Бастауыш пен баяндауыштың астын сызу.

2) Баяндауыш дегеніміз не? Мысалдар келтіру.

3) Баяндауыштың қандай сөз таптарынан жасалатынын айт, мысал келтір.


3. Жаңа сабақ .

Кестені пайдалана отырып, баяндауыштың өзіндік белгілерімен танысып, анықтамасын жаттау керек. Баяндауышқа қойылатын сұрақтар:

не істеді? не қылды ? қайтті?

Оқулықтағы жаттығу жұмыстарын орындату.
1-жаттығу. Өлеңді оқып, көшіріп жазу. Баяндауыштардың астын сызу, оларға сұрақ қою.
2-жаттығу. Суретті пайдаланып, сөйлемдер құрастырып жазу. Сөйлемдегі баяндауыштарды тауып, астын сызу, сұрақ қою. Олар қай сөз табынан жасалып тұр?
4-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа көшіріп жазу. Баяндауыштарды тауып, астын сызу.
5-жаттығу. Сөйлемдерден бастауыш пен баяндауышты ғана теріп жазу. Бастауыш пен баяндауыштардың астын сызу, сұрақ қою. Қандай сөздер бастауыштың қимылын білдіріп тұр?

4. Дидактикалық материалдармен жұмыс

18-бет. №2 1) Өлеңді көшіріп жазу. Баяндауыштардың астын сызу, оларға сұрақ қою.

Таң атты арайлап,

Көрінді бар аймақ.

Жер беті жайнады,

Құстар да сайрады.

Ә.Ысқабай

2) Мақалдардағы көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу.



Ердің атын еңбек ... . Шындықты іздеген ... . Таулы жер бұлақсыз ... .

3)Баяндауыштарды теріп жазу.



Шашпайды, баспайды, ашпайды, қарамайды, санамайды.

4) Ребусты шешіп, мақалдың бірінші жолын табу. Мақалдан баяндауышты табу.



Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны іледі.

5.Сабақты қорытындылау

Баяндауыштардың тұлғасы, сұрақтары, қай сөз таптарынан болатыны пысықталып, оқушылар мынадай қорытынды жасауы тиіс:



  1. Баяндауыш сөйлемдегі ойды тиянақтайды.

  2. Баяндауыш бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, заттық, сындық сапасы мен

санын білдіреді де , не істейді? не қылды? қайтеді? деген сұрақтарға жауап береді.

3. Баяндауыш дара және күрделі болады.


6. Үйге тапсырма беру

3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу. Ол сөздер қай сөйлем мүшесі болады?




Сабақтың тақырыбы: Бастауыштан кейін қойылатын сызықша

Сабақтың барысы: оқушылардың бастауыш пен баяндауыш бойынша алған білім, білік дағдыларына сүйене отырып, бастауыштан кейін сызықшаның қойылу себебін түсіндіру; бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан жасалғанын анықтауды үйрену.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.



2. Үй тапсырмасын тексеру.

3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу. Ол сөздер қай сөйлем мүшесі болады?



3.Қызығушылықты ояту Топтарға бастауыш пен баяндауыш туралы алған білімін топтастырып жазу ұсынылады. Тапсырманы алдымен әр оқушы орындайды. Топ мүшелері бір-бірін толықтыра отырып, ортақ топтастыру жасайды. Одан кейін әр топтан бір оқушы сөйлеп, бір-біріне сыни пікірлерін білдіреді.

4.Мағынаны тану кезеңі (жаңа сабақ) ЖИГСО 2 стратегиясы былай қолданылады: әр топта болады, топтағы балалар 1-4-ке дейін санайды (1-оқушы №1, 2-оқушы №3, 4-оқушы №4 болады). Осылайша барлық топ 4-ке дейін санап шығады. Бұл топты « жанұя топ» дейді.

1-топ 2- топ 3-топ 4-топ

Енді әр топтағы № 1 болып белгіленген оқушылар бір топқа , № 2 болғандар екінші топқа т.с.с. бірігеді. Сызба арқылы көрсетсек

4 с


Сарапшы парағы болады. 1-нөмірлілер жиналған топқа №1 сарапшы парағы , 2 нөмірлілер жиналған топқа №2 сарапшы парағы т.с.с. беріледі.

1 сарапшы парағы

Алма – жеміс . Алма күзде пісіде.

Ақан – үлгілі оқушы . Ақан жақсы оқиды.

Әсет – әнші . Әсет әнді жақсы айтады.

Екі бағандағы сөйлемдерде не себепті бастауышпан кейін сызықша қойылған?

2 сарапшы парағы

Сәбит Мұқанов – жазушы . Сәбит Мұқанов жақсы жазады.

Марат – тракторшы Марат трактор айдайды.

Кітап – білім бұлағы. Көп оқу керек.

Бағандағы сөйлемдерді мәнерлеп оқы , салыстыр. Оқу кезінде дауыс ырғағындағы ерекшелікке назар аудар. Қандай ерекшеліктерді байқадың?

3 сарапшы парағы

Сәкен – күйші. Сәкен күйді жақсы тартады.

Қасқыр – аң . Қасқыр тауда болады.

Менің әкем – жүргізуші . Әкем машина жүргізеді.

Екі бағандағы сөйлемдерді оқы , салыстыр. Бастауыш пен баяндауышты тауып , үстіне сұрағын жаз. Екі қатардағы сөйлемдердің қайсысына сызықша қоюға болады ? Не үшін қойғаныңдағы түсіндір.



4 сарапшы парағы

Сазан – үлкен балық.

Мына сызба бойынша сызықшаның қойылу себебін өзің қорытындылап айтып көр.

Сарапшы парақтағы сөйлемдерді жаңа топқа талқылап болғаннан кейін , оқушылар қайтадан өздерінің «жанұя топтарына» қайтып келеді.

Жанұя топтарына топ мүшелері өз тобының мүшелері өз тобының мүшелерін басқа топта сарапшы парағы бойынша талқылау қорытындыларымен таныстырады.

Топта талқыланып болғаннан кейін, екі – үш топтың қорытындылары айтылып, оқушылардың жаңа тақырып туралы түсініктері қалыптаса бастайды.

Жаңа сабақты пысықтау мақсатында оқулықтағы жаттығу жұмыстары орындалады.

1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Бастауыш пен баяндауыштардың астын сызу, сұрақ қою.

2-жаттығу. Мақалды жатқа көшіріп жазу. Бастауыш пен баяндауыштардың астын сызу.

Бастауыштан кейін сызықшаның қойылу себебі түсіндіру.

3-жаттығу. Бастауыштан кейін сызықша қойып, өлеңді көшіріп жаз.

4-жаттығу. Сөйлемдерді баяндауышы зат есім болатындай өзгертіп жаз.



5.Сабақты қорытындылау

Сызықша қай кезде қойылады?



6. Үйге тапсырма беру

5-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырып жазу. Ол сөздер қай сөйлем мүшесі болады?



Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер.

Сабақтың мақсаты: тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізін құрайтынын түсіндіру бастауыш пен баяндаушқа сұрақ қоя біліуді үйрету.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.



2. Үй тапсырмасын тексеру.

5-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырып жазу. Ол сөздер қай сөйлем мүшесі болады?



3.Жаңа сабақ:

1) Кіріспе бөлім

Тұрлаулы мүшелердің өзіндік белгілері мен анықтамасын саналы түрде меңгерту керек. Бұл үшін төмендегі жұмыстар жасалады.



Мәди жиналған оттының арасынан бір дыбыс естіді. Ол жақын барып қарады. Бір құс қуысқа қысылып қалыпты. Құс қанатымен отында сабалайды. Мәди құсты үйіне алып келді.

  1. Осы сөйлемдердегі кім? не? не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді қалдырып оқыту.( нәтижесінде сөздердің мағынасыз тізбегі қалады)

  2. Не істеді? не қылды? қайтты? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді қалдырыа оқыту. ( Сөйлемдік дәрежесін сақтай алмайтынын байқату).

  3. кім? не? не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер сөйлемнің негізін құрайтынын түсіндіру.

2) Негізгі бөлім

  • Сонымен сөйлем құрауға негіз болатын қандай сөздер екен?

  • Сөйлемдердегі кім? не? не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер – сөйлемге негіз болатын сөздер.

Сөйлем құруға негіз болатын сөздер сөйлемнің тұрлаулы мүшелері деп аталады. Тұрлаулы мүшелердің өзіндік белгілері мыналар:

А)Тұрлаулы мүшелер өздігінен сөйлем жасай алады, сөйлемде тірек , негіз қызметін атқарады.

Ә) Сөйлемнің тұрлаулы мүшелер кім?не?не істеді ? не қылды?қайтті ? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер.

Б)Бір ғана тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлемдер де болады.Мысалы :Түн.



3) Оқулықта берілген жаттығулар орындалды .

1-жаттығу. Мәтінді оқы. Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауышты тап. Дәптерге сөйлемнің негізгі мүшелерін ғана көшіріп жаз. Бастауыш пен баяндауыштан ғана тұратын бұл сөздерді сөйлем деп айтуға бола ма?

2-жаттығу. Мәтінді оқы. Сөйлемдердің тұрлаулы мүшелерін тап. Баяндауышы зат есім болып тұрған сөйлемдерді көшіріп жаз.

3-жаттығу. Сұрақтарға жауап жаз. Жауабыңдағы бастауыш пен баяндауыштың астын сыз.

5-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.Тұрлаулы мүшелердің астын сыз. Бастауыштан кейін сызықшаның қойылу себебі түсіндіру.

4) «Толықтар» дидактикалық ойыны .

Шарты : көп нүктенің орнына кім? не? не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді қойып , сөйлемдерді толықтыру. Тақтаға төмендегідей сөздер жазылады :

1. … айнадай жарқырайды. 2.Ақбөкен ен даланы … 3.Есік алдында … жайқалып өсіп тұр.

4. Қорытынды бөлім

1) Оқушыларға тек тұрлаулы мүшелері бар сөйлемдерден мысал келтіруге тапсырма беру.

2) Сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді алып тастап оқығанда, сөйлем мағынасына нұқсан келе ме? Мысалы: Ілияс домбыраны жақсы тартады. Добыраны жақсы.

3) Бір ғана тұрлаулы мүшеден жасалған сөйлемге мысал келтіру. Мысалы. Қыс.



5. Үйге тапсырма беру. 4-жаттығу. Қандай сөйлем мүшесі жазылмаған? Мағынасы бойынша сәйкес келетін сөз жаз.

Сабақтың тақырыбы: Диктант. «Достар»
Сабақтың мақсаты: тұрлаулы мүшелерді қалай меңгергендерін байқау, бастауыш пен баяндауышқа сұрақ қоя білу арқылы оларды дұрыс таба білу.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.


2. Өткен материалды қайталау.

  • Сөйлем құрауға негіз болатын қандай сөздер ?

  • Бастауыш дегеніміз не? Мысалдар келтіру.

  • Баяндауыш дегеніміз не? Мысалдар келтіру.

  • Бастауыштың қандай сөз таптарынан жасалатынын айт, мысал келтір.

  • Баяндауыштың қандай сөз таптарынан жасалатынын айт, мысал келтір.


3.Жаңа сабақ:
1) Диктант тексімен таныстыру

«Достар»

Зейін бақта жүр. Бұталардың сыртына мойнын созып қарап қояды. Бұқпантайлап ілгері жылжыды. Кішкентай денесімен бүрісіп отыра қалды. Бұтаның арғы бетінде шымшықтар жел түсірген бүршіктерді шоқып жүр. Жерге еңкейген сайын құйрықтары шошаң-шошаң етеді. Зейін ағаштың төменгі жағына жем шашатын тақтай орнатты. Құстар әлгі жерге үйір болып алды. Бала торғайдың бақтан кетпегенін ұнатты. Құстар – адамның досы.

2) Жазылуы қиын сөздермен жұмыс. Әр сөздің жазылуын талдау.

Мойнын, бұқпантайлап, бүрісіп.
3) Диктантты жаздыру.
4) Грамматикалық тапсырма

1)Сөйлемдердің тұрлаулы мүшелерін тапқызу. Бастауыш пен баяндауыштың астын сызу.

2) Соңғы сөйлемдегі баяндауыштың қай сөз табынан жасалғанын көрсету.

3) Құстар сөзіне дыбыстық талдау жасау.


4. Қорытынды бөлім.

1) Оқушылардың жұмысын тексеру, бағалау.


5. Үйге тапсырма беру. 4-жаттығу. Қандай сөйлем мүшесі жазылмаған? Мағынасы бойынша сәйкес келетін сөз жаз. Тұрлаулы мүшелерді қайталау.

Қазақ тілі 3 «А»сынып №37 сабақ

Күні: 12.11.2013ж.

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер

Сабақтың мақсаты: тұрлаусыз мүшелермен таныстыру; тұрлаусыз мүшелерге сұрақ қоя білу, олардың сөйлем ішіндегі байланысын анықтай алуды үйрету; сөйлем мүшелері туралы білімін пысықтау.

Сабақтың әдісі: «Ой түрткі», «дөңгелек үстел» стратегиялары.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.



2. Үй тапсырмасын тексеру.

4-жаттығу. Қандай сөйлем мүшесі жазылмаған? Мағынасы бойынша сәйкес келетін сөз жаз. Тұрлаулы мүшелерді қайталау.


3.Жаңа сабақ:
Қызығушылықты ояту

«Тұрлаусыз» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Топтағы оқушылар осы сөздерді қалай түсінетінін тез арада жазып шығады. Олардың пікірін тыңдағаннан кейін, тақтаға мынандай сөздер жазылады:

Балалар келді.

Балалар ерте келді.

Балалар бүгін ерте келді.

Балалар мектепке бүгін ерте келді.

Бастауыш пен баяндауыштың астын сызып, олардың тұрлаулы мүшелер екенін естеріне түсіреді. Қалған сөйлем мүшелерінің қандай қызымет атқаратынын айтады. Олар не себепті тұрлаусыз аталатынын өздері қорытындылап айтады.

Мағынаны тану кезеңі

Кесте бойынша асты сызылған сөздерге сұрақтар қойылады.


Мысалдар

Сұрақтар

Машинаны Қасым жүргізді.




Аспанда құстар ұшып барады.




Аспаннан жұлдыздар көрінеді.





3) Оқулықта берілген жаттығулар орындалды .

1-жаттығу. Сөйлемдерді керекті сөздермен толықтырып жаз. Кітапта берілген және өзің толықтырған сөйлемдерді салыстыр. Қай сөйлемнен толық ақпарат алуға болады?

2-жаттығу. Сұрақтарға жауап жаз. Бұл сөздер сөйлемнің қандай мүшелері болады?

3-жаттығу. . Өлеңді мәнерлеп оқы. Кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап беретін тұрлаусыз мүшелерді теріп жаз.

4-жаттығу. Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.

Ой толғаныс

«Дөңгелек үстел » стратегиясы қолдануға болады.

Әр топқа тек қанак бастауыш пен баяндауыштан, демек түрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемдер беріледі.Осы сөйлемдерге топ мүшелерінің әрқайсысы бір сөзден қосып отырады.Қосылған сөздердің бір-бірімен байланысуын қадағалау керек. Сосын жұмыс топтары өздері құраған сөйлемдерді оқиды.

4. Қорытынды бөлім
5. Үйге тапсырма беру. 5-жаттығу. Қандай сөйлем мүшесі жазылмаған? Мағынасы бойынша сәйкес келетін сөз жаз.

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тұрлаусыз мүшелердің өзіндік белгілері мен анықтамасы туралы алған білмін тиянақтау.

Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.



2. Үй тапсырмасын тексеру.

1) 5-жаттығу. Қандай сөйлем мүшесі жазылмаған? Мағынасы бойынша сәйкес келетін сөз жаз.

2) Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?

3.Жаңа сабақ:

Сабақ басында оқушылардың дәптерлеріне сөйлемдерді төмендегі үлгімен жаздырып оларға талдау жасату:



Қыста қар көп жауады. Ағаштар ақ көрпеге оранған. Емен қардан бөрік киіп алыпты. Жас шырша қарға жасырынып қалыпты.

Тапсырмалары:



а) осы сөйлемдердің бастауышы мен баяндауышын (тұрлаулы мүшелер)алып тастапа оқыту.

Проблемалық сұрақ:

-Бұл сөйлемдер бастауыш пен баяндауышсыз сөйлем дәрежесін сақтай алды ма?

-Неге?


ә)Енді осы берілген сөйлемдердің тұрлаусыз мүшелерін алып тастап оқыту. Мысалы,”Қар жауады”, ”Қыста көп”деген сөйлемдерді салыстыртып оқыту арқылы тұрлаусыз мүшелердің өздігінен сөйлем жасай алмайтыны түсіндіріледі. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің негізгі мүшелері болса, тұрлаусыз мүшелер, демек, толықтауыш, анықтауыш пен пысықтауыш сөйлемде көбіне көмекші қызмет атқаратынын түсіндіру.

Карточкалар таратылып, ондағы сөйлемдерден тұрлаулы , тұрлаусыз мүшелерді табуға тапсырма беріледі. Әр сөйлемде неше тұрлаулы , неше тұрлаусыз мүше бар екенін анықтауға тапсырма беру.



Каталог: uploads -> doc -> 0c69
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c69 -> «Бекітемін» Мектеп директоры: А. М. Жунусова Хамза Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі 2016жылдың 14-19наурыз аралығында «Сен және сенің құқығың»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет