ақ сары жүзді
жеңіл денелі
Оқушылар сөйлемнен Жанардың бес түрлі сындық белгісі айтылып тұрғанын айтады. Сын есмідердін ерекшелігін анықтау (құрамы, түрі). Салыстыра келе оқушылар әдемі, ұқыпты және дара сөздерден, дөңгелек жүзді, ақ сары өңді, жеңіл денелі сын есімдердің 2-3 сөзден тіркесе жасалғанын айтады. Осылайша 2-сыныпта өткен негізгі және туынды сын есім туралы алған білімдері естеріне түсіреді.
Туынды сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талдату: ұқыпты, жүзді, өңді, денелі.
Оқушылар негізгі, туынды сын есімнің ережелерін өз беттерінше қорытындылап айтады. Төмендегі сызба бойынша сын есімнің түрлері жинақталады.
Сын есімнің түрлері
Сын есім
жалаң
күрделі
негізгі сын есім
туынды сын есім
Оқулықтағы жаттығу жұмыстары орындалады.
1-жаттығуды орындау арқылы негізгі сын есім туралы білімдері толықтырылады.
2-жаттығуда сын есімдердің түбірі мен қосымшасын ажыратып, туынды сын есім туралы білімдері пысықиалады.
3-4-жаттығулар да туынды сын есімді ажырата білуді үйретуді көзделген.
5-жаттығуды үйге беруге болады.
Пәні.Қазақтілі .4-сәуір.
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім
Сабақтың мақсаты: оқушылардың сын есімнің негізгі және туынды түрі туралы білімдерін пысықтау.
Бұл сабақтарда сын есімдердің тұлғалық жағынан негізгі және туынды сын есім болып бөлінетіні түсіндіріліп, негізгі сын есім жұрнақсыз, басқа сөздермен қосарланбай, тіркеспей, жеке тұрғанда сындық мағына беретіні айтылады. Сонымен қатар осы сабақтарда берілген жаттығуларды орындау барысында туынды сын есімдердің жұрнақ жалғану арқылы жасалатыны меңгертіледі. Сөздерді сөз құрамына талдату арқылы туынды сын есімнің зат есім мен етістіктен жасалатынына мән беріледі.
Төмендегідей кесте арқылы туынды сын есімдердің жасалу жолдарын көрсетуге болады.
Мысалдар
(сын есім тудыратын жұрнақтар)
|
Сөз таптары
|
төр- гі, көктем-гі, ақыл-сыз,
ұйқы-шыл, қала-лық, тау-дай,
үй-дей т.б.
|
Зат есімге жұрнақтар жалғану арқылы жасалған туынды сын есімдер.
|
аш-ық, сын-ық, біл-гіш,
жабыс-қыш, сын-ық, ерін-шек,
мақтан-шақ, сүз-еген, жина-улы, бүрке-улі, желбіре-ңкі т.б.
|
Етістікке жұрнақтар жалғану арқылы жасалған туынды сын есімдер.
|
Негізгі және туынды сын есім туралы алған білімін анықтау мақсатында төмендегі үлгіде деңгейлік тапсырмалар беріледі.
І деңгей.
Терме диктант.
Қысқы, тақты жасыл, тоқсандық, сексен, жаңбыр, биік, еңселі, аласа, жүгірді, жаңа, ауыл.
Туынды сан есімдерді теріп жаз.
Жаңбыр, ауыл сөздеріне жұрнақ жалғап, туынды сын есімдер жаса.
ІІ деңгей.
Білім туралы мақал жаз. Туынды сын есімдерді тауып, оларды сөз құрамына талда.
«Көршісін тап» дидактикалық ойыны. Шарты: түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды қосып жазу.
Ат -шіл
Күлкі -тай
Сәулет -еген
Сүз -ті
ІІІ деңгей.
«Көктемгі күз» тақырыбына негізгі және туынды сын есімдерді қатыстырып, әңгіме құрастырып жазғызу. Әңгімедегі негізгі сын есімдерді бір сызықпен, туынды сын есімдерді екі сызықпен сызу.
ІV деңгей.
«Көктем» тықырыбына өлең құрып жазу. Туынды сын есімдерді сөз құрамына талдау.
Бағалау. Бұрын болған оқушыларды мұғалім өзі, ал соңғыларын тапсырманы орындап болған оқушылар тексереді.
Пәні.Қазақтілі. 6-сәуір
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты: оқушыларға сан есімдер жұрнақ-жалғау жалғанбаса, заттың санын білдіретінін, ал өзге сөздермен қарым-қатынасқа түскенде олардың мағынасы нақтылатынын меңгерту.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсіл: деңгейлеп оқыту.
Сабақтың барысы:
1-кезең. Сан есім туралы берілген білімді еске түсіру.
- Сан есім дегеніміз не?
- Сан есімдерге қандай сұрақтар қойылады?
- Сан есімнің қандай түрлерін білісіңдер?
- Реттік сан есім қалай жасалады?
2-кезең. Жаңа сабақты өзбетінше меңгерту.
Тақтаға төмендегідей кесте ілінеді. Оқушыларға кестенің тиісті бөлімін толықтыру.
Сан есім
|
Сұрақтары
|
Сан есімнің түрлері
|
Мысалдар
|
Қанша? ...
|
Есептік сан есім ...
|
1. Екі, ... 2....
|
1-жаттығу. «Көк кит» мәтінінен сан есімдерді тауып, оларға сұрақ қояды.
1) Берілген сөздердің ішінен сан есімдерді теріп жазу.
2) Сан есімдерге сұрақ қою.
3-кезең. Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей. Терме диктант
1) берілген сөздердің ішінен сан есімдерді теріп жазу.
2) «Туысын тап» ойыны. Сан есімдердің қай сөз таптарымен байланысып тұрғанын анықтау. Үлгі: он бес қой, жиырма торғай, т.б.
ІІ деңгей
Сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып жазу. Мысалы, екінші, бірінші.
Шешуі диірмен болатын сан есімдерді қатыстырып жұмбақ құрастыру.
Диірмен сөзіне ассоциация құру.
Диірмен
бидай
диірменші
ұн
…
…
3-жаттығу.
І деңгей.
1) Жаңылтпашты мәнерлеп оқу.
2) Сан есімдер қай сөздермен байланысып тұрғанын және олардың қызметін анықтау.
ІІ деңгей
«Сен білесің бе?» ойыны. Шарты: оқушылар өз беттерімен мәліметтер келтіреді. Мысалы, «Кемпірқосақтың жеті түсі бар», «Морж су астында ауасыз 10 минутқа дейін бола алады. «Император пингвинінің салмағы 45 кг болады».
І деңгей. 4- жаттығу.
1) Сөйлемдерді көшіріп жазу.
2) Сан есімдер нені анықтап тұр? (Ретін бе әлде санын ба?
Есептік сан есім бе әлде реттік сан есім бе?)
3)Сан есімдер қай сөз табымен байланысып тұрғанын анықтау.
Сан есімдердің астын сызу.
ІІ деңгей.
Сынып оқушыларын 6 топқа бөліп, мәтін құрастыру. Мысалы, 1-топ жеті қазына, 2-топ үш би, бес арыс, 4-топ үш бәйтерек, 5-топ жеті керемет, 6-топ төрт мезгіл туралы қысқаша мәлімет келтіреді.
Құрастырған мәтіндерінің ішінде сан есімдер болса, оның түрін анықтайды.
3-кезең. Сабақты қорытындылау
Оқушылардың сан есім туралы алған білімі пысықталады. Демек, сан есім өзге сөздермен байланысқанда, олардың мағынасы нақтыланады айтылады. Есептік сан есім заттың санын, ал реттік сан есім заттың ретін білдіретініне мысалдары келтіре отырып көрсету.
4-кезең. Бағалау.
Мұғалім оқушылардың білімін мониторинг жасау арқылы бағалайды.
5-кезең. Үйге тапсырма беру.
Үйге 5- жаттығу беріледі.
Пәні.Қазақтілі.7-сәуір.
Сабақтың тақырыбы: Реттік сан есім
Сабақтың мақсаты:
Реттік сан есімдердің өзіне ғана тән грамматикалық көрсеткіштері бар екенін, яғни-ыншы, -інші, -ншы, - нші жұрнақтарының жалғану жолын түсіндіру.
Сабақтың барысы:
Өткен сабақты еске түсіру.
Сан есім дегеніміз не?
Сан есімдерге қандай сұрақтар қойылады?
Сан есімнің қандай түрлерін білесіңдер?
Реттік сан есім қалай жасалады?
Жаңа сабақ.
Тақтаға төмендегі үлгідегідей плакат ілінеді. Оқушылар меркер немесе фломастер түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды сызып қосады.
алты -інші
жүз -нші
жеті - ыншы
тоғыз -ншы
Жаңа сабақты түсіндіру барысында оқушыларға басқа сөз таптарынан реттік сан есім жасалмайтыны, негізгі сан есімдерге ғана қосылып, түрленетіні меңгертіледі. Оқушылар қай кезде – ыншы, -інші жұрнақтары, қай кезде –інші, -нші жұрнақтары жалғанатынын айтады.
1-жаттығу. Сан есімдерді көшіріп жазып, оларды сөз құрамына талдайды. Осы сан есімдерді қатыстырып, екі сөйлем құрастырып жазады.
Ереже талданады.
2-жаттығуда берілген есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып жазады.
3-жаттығу бойынша мәтінді көшіріп жазады. Мәтіннен реттік сан есімдерді, тауып, олардың астын сызады.
5-жаттығу. Шешуі: Ел құлағы –елу.
1) Қай сөз табына жатады? Сұрақ қойыңдар.
2) Сын есімнің қай түріне жатады?
3) Реттік сан есімге айналдырыңдар (мысалы, елуінші).
3. Сабақты қорытындылау.
Оқушыларға тест тапсырмалары жазылған парақтар таратылып беріледі.
Мысалы:
а) Зат есім
ә) Сын есім
б) Сан есім
в) Етістік
2) Сан есімнің сұрақтарын белгіле.
а) қандай? Қай?
ә) кім? Не?
б) қанша? Қашан? Қандай?
в) қанша? Неше? Нешінші?
Реттік сан есім тудырып жұрнақтарды көрсет.
а) –ға, -ыншы
ә) –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер
б) –ыншы, -інші, -ншы, -нші
в) –мыз, -міз
4) Реттік сан есімдерді белгіле.
а) тоғызыншы, жетінші, алтыншы
ә) жүз, алты, бірнеше
б) бес, жеті, сегіз
в) екі, үш
4. Үйге тапсырма. Үйге 4-жаттығу беріледі.
Сабақтың тақырыбы: Есептік және реттік сан есім
Сабақтың мақсаты: есептік сан есім заттың санын, ал реттік сан есім заттың ретін білдіретіні туралы алған білімдері пысықталады. Оқушылардың жауатарын тыңдалып, толықтырылады.
2-кезең. Жаңа сабақты меңгерту.
Оқушыларға мысалдар келтірте отырып, сан есімдерге ғана тән ерекшеліктерін, яғни сан есім үнемі зат есімнен бұрын тұратынын, оларға басқа қосымшалар жалғанбайтынын түсіндіруге болады. Мысалы: «Кемпірқосақтың жеті түсі бар» дегендегі жеті сан есіміне ешқандай қосымша жалғауға болмайды.
3-кезең. Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей. 1-жаттығу.
1) Мәтінді түсініп оқу.
2) Мәтіннен сан есімдерді тауып, түріне қарай ажырату.
3) Сан есімдер қандай сөз табымен байланысады?
ІІ деңгей.
Берілген зат есімдерін орнына басқа сан есімдер қоюға бола ма? «Күнді 8 планета айналып жүр» деп айтуға бола ма?
Есептік сан есімдерге жұрнақтар жалғап, реттік сан есім жасату.
ІІІ деңгей.
Күн жүйесінде 9 планета бар. Тағы қанша планета болуы мүмкін?
Үлгі жауап: Егер аспан әлемін зерттейтін ғалымдар тағы бір планетаны ашса, онда оның он планета болуы мүмкін.)
2-жаттығу. Оқулықта берілген сан есімдердің ішінен есептік сан есімдерді бір қатарға, реттік сан есімдерді бір қатарға жазу. Оқушылар дәптерлеріне есептік сан есімге екі сөйлем, реттік сан есімге екі сөйлем құрастырып жазады.
3-жаттығудағы мақалдарды көшіріп жазғызу. Мақалдағы сан есімдердің астын сызып, олардың қандай сан есім екенін айтады. Сан есімдерге сұрақ қояды.
4-жаттығу. І деңгей.
1) Жұмбақтарды көшіріп жазып, шешуін айтады.
2) Жұмбақтардың шешуі болған сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып жазады.
ІІ деңгей.
Күн жүйесіндегі тоғыз планетаны атату.
Сынып оқушыларын бірнеше топқа бөліп, әр топқа тоғыз планетаның біреуі туралы мәтін құрастыру. Сөйлемдерде сан есімдер болуы керек.
4-кезең. Сабақты қорытындылау
І деңгей.
«Оқымыстылармен кездесу» дидкатикалық ойыны. Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. 1-топқа есептік сан есімдерді, 2-топқа реттік сан есімдірді зерттеп жүрген «ғалымдар» кіреді. Топ мүшелері бір-біріне сұрақ қояды. Жауаптары тыңдалып, толықтырылып отырылады.
Мысалы: сіздер есептік сан есімдерді зерттеп жүрген ғалым екенсіздер. Маған есептік сан есім туралы түсінік беріп кетсеңіздер. Есептік сан есімдердің реттік сан есімдерден қандай айырмашылығы бар?
ІІ деңгей.
Сабақтың соңында оқушылар жауаптарын жинақтап, сан есім жайында мынадай тұжырым жасайды:
Сан есім- заттың санын, ретін білдіретін сөз табы.
Сан есімнің сұрақтары: қанша? Неше? Нешінші? Нешеу? Т.б.
Сан есімдер тек зат есімнің алдына келеді.
Есептік сан есім заттың санын, реттік сан есім заттың ретін білдіреді.
Реттік сан есім басқа сөз табынан жасалмайды. Есептік сан есімге –ыншы, -ншы, -нші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
5-кезең. Үйге тапсырма беру.
Үйге 5-жаттығу беріледі.
Пәні.Қазақтілі
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді қайталаймыз
Сабақтың мақсаты:
1.Дамытушылығы.
оқушылардың мәтін және мәтіннің түрлері туралы алған білімін пысықтау.
2 Білімділік.Жыл бойында өткеді кайталау,еске түсіру,қайталау.
3.Тәрбиелік.Ұқыптылыққа,іздемпаздыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі.Суреттер кестелер,таратпалар.
Сабақтың барысы:
Тақтаға төмендегідей плакат ілінеді.
Балықтың неше түрі бар.
Балалар көл жағасында ойнап жұр. Әлия ағасының айтқанын бұлжытпай орындады.
|
Жидек шілдеде піседі. Дәмі өте тітті! Өзі бармақтың басындай, түсі бозғылт. Ауыл адамдары жидекті шелектеп жинайды. Жегенінен артығанын қайнатады.
С.Мұқанов.
|
Өркенннің сүп-сүйкімді қозысы бар. Оның көзі көмірдей қап-қара. Жүні аппақ, бұйра.
Бойы кішкентай.
|
Жаздың келуі.
Оқушылардың демалысы.
Лагерьде.
|
Оқушылардың назары 1-бөліктегі сөйлемдерге аударылады. Оларды оқиды. Бұлардың мәтін емес екені айтылады. Осылайша 2-3 бөліктегі мәтін оқытылып салыстырылады. Екі мәтіннің қайсысы сипаттау, қайсысы баяндау мәтіні екені анықталады.
Енді 4-бөлікте берілгенді оқыңдар. Мәтін деуге бола ма?
Бұл-жоспар. Жоспар бойынша мәтін құрастыруға болады.
4-бөліктегі жоспар бойынша мәтін құрастыру. Құрыстырылған мәтін мәтіннің қай түріне жататынын айтады.
Оқулықтағы «Нөсер» деген әңгіме оқылып, мазмұны ашылады. Тапсырмалары орындалады.
2-жаттығу бойынша берілген мәтін оқылады. Мәтінге тақырып қойылады. Мәтіннің қай түріне жататыны анықталады. (Әңгімелеу).
3-жаттығуда бүркіттің суреті берілген. Бүркітті сипаттап, сипаттау мәтінін құрастырады.
4-жаттығу. «Көңілсіз есек» мәтіні бойынша берілген тапсырмалар толық орындалады.
Үйге мәтін құрастырып келуге тапсырма беріледі.
Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлемді қайталаймыз
Сабақтың мақсаты: жалаң және жайылма сөйлем туралы алған білімін пысықтау.
Сабақтың барысы:
Сабақ барысында сөйлемдердің жалаң және жайылма болып бөлінетінін, олардың заңдылықтарын түсіндіру керек. Жалаң сөйлем тек тұрлаулы мүшелерден (бастауыш пен баяндауыштан) тұратыны, ал жайылма сөйлем тұрлаулы да тұрлаусыз да мүшелердің қатысуымен жасалатыны естеріне түсіріледі. Оқушылар 1-жаттығуды орындау барысында жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жазады. 2-жаттығуда жайылма сөйлемдерді аяқтап, жазса, ал 3-жаттығуда берілген жай сөйлемге айналдырып жазады.
Бұл сабақта берілген жаттығуларды сөйлем мүшелеріне талдатуға болады.
Осы сабақта айтылғандарды қорыта келе, жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемдердің өзіндік ерекшеліктерін оқушылардың өздеріне мынадай жұмыстармен қорытындылауға болады:
Мәтінді сөйлемдердің қайсысы жалаң, қайсысы жайылма екендігін тапқызып, олардың неге бұлай аталатынын дәлелдету;
Жалаң сөйлемді жайылма, керісінше жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыру;
Олардың сызбаларын сыздырып, сызба бойынша сөйлем құрғыз;
Мазмұндама, шығарма жұмыстарын жазғызу:
Сөйлем мүшелеріне талдату:
Олардың әрқайсысынң өзіндік белгілерін айтқызу.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы білімдері беки түседі.
Сабақтың тақырыбы: Қаратпа сөзді қайталаймыз
Сабақтың мақсаты: Қаратпа сөздің айтылу ерекшелігі мен тыныс бергілерін еске түсіру.
Сабақтың барысы:
І. Өткен сабақта алған білімдерін еске түсіру
Тақтаға төмендегідей кесте ілінеді. Оқушылар кестеде жазылған сөйлемдерді оқып, қаратпа сөздерді табады. Екінші бағанға қаратпа сөз сөйлемнің қай жерінде келіп тұрғанын жазады.
Сөйлем
|
Сөйлемдегі орны
|
Балам, мына лебізің қандай жақсы еді.
|
Басында
|
Кел, балалар , оқылық!
|
|
Айтыңыз әке.
|
|
Бір адам немесе заттың назарын аудару үшін қолданылатын сөздердің қаратпа сөздер деп аталатыны оқушылардың естеріне түсіріледі. Оқушылар қаратпа сөздер сөйлемнің басында, ортасында, және соңында де келетініне мысалдар келтіреді.
Жаңа сабақты түсіндіру
Оқушылардың назары кестеде жазылған сөйлемдерге, олардың тыныс белгілеріне аударылады. Қаратпа сөздің тыныс белгілері туралы алған білімдері еске түсіріледі. Қаратпа сөз әрқашан сөйлемде айтылатын ойға қатысты болатыны, сондықтан айтуға дауыс ырғаға арқылы ерекшеленетіні пысықталады. Қаратпа сөз үтірмен, кейде леп белгісімен ажыратылатыны түсіндіріледі. Оқулықта леп белгісі туралы айтылмаған, оны оқушылар жоғарғы сыныптарға барғанда өтеді. Бірақ бұл туралы да түсіндіріп кетуге болады (Асқар! Ауылға қашан жүресің?) Жақсы меңгеру үшін мұғалім мысалдарды тақтаға жазғызып, кестедегі сөйлемдермен салыстыра отырып түсіндіргені дұрыс. Оқушылар қаратпа сөздің тыныс белгілері туралы түсінігін осылайша бекітеді. Оқулықтағы жаттығулар орындалады.
Сабақты қорытындылау.
Сабақты қорытындылау кезінде қаратпа сөздер бойынша берік дағды қалыптастыру үшін келесідей жұмыстарды орындатудың пайдасы мол:
Кез келген мәтіннен қаратпа сөзді тапқызу;
Тыныс белгілері қойылмай жазылған қаратпа сөздердің тиісті тыныс белгілерін қойғызып жазғызу;
Берілген сөздерді қаратпа сөз етіп және оны сөйлемнің бірде басына, бірде ортасына, бірде аяғына келтіріп оқу тыныс белгісін қойғызып жазғызу.
Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамын қайталаймыз
Сабақтың мақсаты: Түбір және туынды сөз туралы алған білімін бекіту.
Сабақтың барысы:
Тақтаға мына сөздер жазылған плакат ілінеді.
Ел ана кент қабырға
Ас ара алты жаңбыр
Бұл сөздер түбір сөздер ме әлде туынды сөздер ме? (Түбір сөздер).
Плакатта жазылған ел, ана кент сөздерін алайық. Бұл сөздерде неше дыбыс, неше буын бар?
Осы сөздердің бір дыбысын алып тастасақ не болады?
Бұрынғы мағынасы қала ма? Неге?
Олай болса, түбір сөздерді бұдан әрі бөлшектеуге болмайды.
Шығармашылық диктант
Тақтаға сөздер жазылады. (Байлық, тас оқулық, кеңесші, әсемпаз, т.б.) Оқушылар осы сөздердің ішінен түбір сөздерді бір бөлек, туынды сөздерді бір бөлек көшіріп жазады.
Туынды сөздер қалай жасалады? (Жұрнақ жалғану арқылы жасалады).
Оқулықпен жұмыс
2-жаттығудағы М.Неталиевтің «Бір бала бар» өлеңі оқылады. Өлеңнің мазмұны ашылады. Оқушылар өлеңдегі салиқалы, сабырлы, қадірлі, инабатты, ибалы деген сөздерді сөз құрамына талдайды.
- А.Құнанбайұлының «Бес асыл іс білсеңіз» деген өлеңін еске түсіріңдер.
Өсек, өтірік, мақтаншақ
Еріншек бекер мал шашпақ,
Бес асыл іс көнсеңіз.
3-жаттығуда берілген сөздерден туынды сөздерді тауып, түбірі мен қосымшасын табады. Мақалдың мағынасы ашылады. 3-жаттығу бойынша жаңылтпашты жатқа жазып, «тастарды» деген сөзді сөз құрамына талдайды.
4. Сабақты қорытындылау.
Түбір және туынды сөздер туралы алған білімдері пысықталады.
Сабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталаймыз
Сабақтың мақсаты: зат есім бойынша алған білімін пысықтау.
Сабақтың барысы:
Тақтаға бірнеше бағанға сөздер жазылады.
жапырақтар анамыз балалық
қалалар әкесі асхана
Оқушылар берілген сөздерді оқып, олардың қай сөз табына жататыны айтады. Әр бағандағы сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратады.
Бірінші бағандағы сөздер- зат есімдер, көптік жалғауы жалғанған.
Екінші бағандағы сөздер- зат есімдер, тәуелдік жалғауы жалғанған.
Үшінші бағандағы сөздеер- жұрнақтар жалғану арқылы жасалған туынды зат есімдер.
- Бүгінгі сабақта «Зат есімнің тәуелденуі» деген тақырыпты қайталаймыз. «Әке» сөзін кім тәуелдеп береді?(Жекеше және көпше түрін тәуелдеу)
Зат есімге жалғанатын тәуелдік жалғаулары көрсетілген кесте арқылы « Зат есімнің тәуелденуі » тақырыбын оқушылыр еске түсіреді.
Жекеше
Жақ
|
Дауысты дыбысқа аяқталатын зат есімге ижалғанатын тәуелдік жалғаулары
|
Дауыссыз дыбысқа аяқталатын зат есімге жалғанатын тәуелдік жалғаулары
|
1. Менің ...
|
-м(анам)
|
-м(әкем)
|
-ым(отаным)
|
-ім(елім)
|
2. Сенің...
Сіздің...
|
-ң(анаң)
-ңыз(анаңыз)
|
-ң(әкең)
-ңіз(әкеңіз)
|
-ың(отаның)
-ңіз(отаныңыз)
|
-ң(елің)
-іңіз(еліңіз)
|
3. Оның
|
-сы(анасы)
|
-сі(әкесі)
|
-ы(отаны)
|
-і(елі)
|
Көпше
Жақ
|
Дауысты дыбысқа аяқталатын зат есімге жалғанатын тәуелдік жалғаулары
|
Дауыссыз дыбысқа аяқталатын зат есімге далғанатын тәуелодік жалғаулары
|
1. Біздің...
|
-мыз(анамыз)
|
-міз(әкеміз)
|
-ымыз
(отанымыз)
|
-іміз(еліміз)
|
2. Сендердің...
Сіздердің...
|
-лар+ың
(аналарың)
-лар+ыңыз
(аналарыңыз)
|
-лер+ің
(әкелерің)
-лер+ыңыз
(әкелеріңіз)
|
-дар+ің
(отандарың)
-дар+ыңыз
(отандарыңыз)
|
-дер+ің
(елдерің)
-лер+іңіз
(әкелеріңіз)
|
3. Олардың...
|
-сы(анасы)
|
-сі(әкесі)
|
-ы(отаны)
|
-і(елі)
|
2. Оқулықпен жұмыс
Оқулықта берілген жаттығулардын тапсырмалары
зат есімнің тәуелденуіне арналған. Осы тапрсырмаларды орындау
арқылы оқушылар жыл бойы алған білімдерін бекітеді.
Сабақ қортындыланады.
Үйге тапсырма беріледі.
Пәні. Қазақ тілі. 16-мамыр
Сабақтың тақырыбы: Етістікті қайталаймыз
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. негізгі және туынды етістік туралы алған білімін бекіту.
Дамытушылық.Етістікті еске түсіру,суреттер тапсырмалар беру арқылы дамытушылығын арттыру.
Тәрбиелік.Ұқыптылыққа,жинақтылыққа
сұрақтарға нақты жауап беруге
.дағдыландыру,тәриелеу.
Көрнекілігі.Таратпалар,плакаттар суреттер.
Сабақтың барысы:
«Ойлан тап» дидактикалық ойыны. Оқушыларды 4 топқа бөлу:
1-топ –дара етістік;
2-топ-күрделі етістік;
3-топ негізгі етістік;
4-топ-туынды етістік туралы алған білімін ортаға салады. Әр топ екінші топтың айтпай кеткенін толықтырып отырады. Соңында мұғалім барлық топтың жауабын қорыты3-жаттығу. «Жер-адамның жүрегі» өлеңі оқылып, туынды етістік кездесетін шумақты көшіріп жазады.
Оқулықпен жұмыс.
1-4-жаттығуларды орындау.
Орындалу ережелерімен таныстыру.
- «Жер – адамның жүрегі» дегенді қалай түсінесіңдер?
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға карточкалар таратуға немесе тест алуға болады.
Үйге тапсырма.Ережелерді қайталау. 3-жаттығу.Өлеңнен болымсыз етістіктерді тауып жазу жолдарын түсіндіру.
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелерді қайталаймыз.
Сабақтың мақсаты: Тұрлаусыз мүшелердің өзіндік белгілері мен аңықтамасын оқушылардың естеріне түсіре отырып, сол мүшелер жайында алған білімін жан жақты пысықтау.
Сабақтың барысы:
1-кезең.
1) Өткен сабакқта алған білімін еске түсіру.
Сұрақ-жауап әдісі бойынша оқушылардың тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімі пысықталады. Оқушылардың жауабы тыңдау , толықтырылып отырылады.
1.Қандай мүшелерді тұрлаусыз мүше дейді?
2.Бастауыш пен баяндауыш қандай мүшеге жатады?
3.Тұрлаусыз мүшелердің сұрақтарын айтындар.
4.Тек тұрлаусыз мүшелерден сөйлем құрастыруға болама
2-кезең. Денгейлік тапсырмалар.
1-деңгей
1) Сызба бойынша сөйлем құрастырып сөйлеп құрастырып, дәптерлеріне жазуды тапсыру. ( Бір оқушы құрастырған сөйлемін тақтаға жазады).
2) Сөйлем мүшелеріне талдату (Бастауыштың астын бір сызықпен, баяндауыштың астын екі сызықпен сызғызу).
2-деңгей.
1) Осы құрастырылған сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді алып тастатып оқыту. (Тек тұрлаусыз мүшелерден тұрған сөздерді сөйлем деп айтуға бола ма?)
2) Сөйлем құрастыруда тұрлаусыз мүшелер қандай рөл атқарады?
3-кезең. Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. 1-деңгей.
1. Сөйлемдерді оқытып, тұрлаусыз мүшелермен толықтырып жазғызу.
2-дөңгелек.
1. Жаңадан қосылған сөз сөйлемнің қандай мүшесі екенін анықтау.
2-жаттығу. І-деңгей.
1. Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу. 1-топ өлеңде неше сөйлем бар екенін анықтайды, 2-топ сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді табады, 3-топ тұрлаусыз мүшелерді табады, 4-топ тұрлаусыз мүшелердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсетеді.
2-деңгей.
1. 1-топ «Қызғалдақ», 2-топ «Күн сәулесі», 3-топ «Бауырсақ», 4-топ «Шырын» тақырыптарына мәтін құрастырады.
2. Мәтіннің кез келген бір сөйлемін сөйлем мүшелеріне талдайды.
4-кезең. Өзіндік жұмыс
1. 3-жаттығуда берілген сурет бойынша қысқаша мазмұндама жазғызу.
2. Мәтіннің кез келген екі сөйлемінен тұрлаусыз мүшелерді табуға тапсырма беру.
3. Бірнеше оқушыға мазмұндаманы оқыту.
5-кезең. Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың сабақ барысында тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімі бекітіледі.
6-кезең. Бағалау.
7-кезең. Үйге тапсырма (4-жаттығу).
Тақырыбы: Диктант .
Қамқорлық
Мақсаты: 1.Оқушылардың білім деңгейі мен тиянақтылығын тексеру.
2. Білімін,каллиграфиясын дамыту.
3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: білімді тексеру және бағалау сабағы
Әдісі: сұрақ-жауап,өзіндік жұмыс
Көрнекілігі: кестелер
Барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындық
IV Мақсатын қою кезеңі
Тақырыбын,мақсатын хабарлау
Диктант. Қамқорлық
III Білімді тексеру кезеңі
1. Диктант мәтінімен таныст
Қамқорлық
Аулада биік емен ағашы бар. Ағашқа көктемде құстар ұя салатын.Сайран балапандарды жақсы көреді.Ол құстарға жем салып жүрді.Таңертең өткінші жаңбыр жауды.Жел тұрды.Кәрі емен теңселе ырғалады.Ұялардың бірі құлап түскелі тұр. Балапандардың аянышты даусы естілді. Сайран шыдап тұра алмады. Ол биік еменге өрмелеп шықты.Көйлегінің жыртылғанын да елемеді.Ұяны жайлы орынға көшірді.
2. Мәтінді талдау
-Мәтін кім туралы?
- Сайран неге қамқорлық жасады?Қалай?
3.Диктантты жазу.
4.Оқушылардың диктантты өз бетуімен тексеруі.
5. Жұмыстарын жинау.
6.Қорытындылау
VIII Үй тапсырмасын беру кезеңі
1.Өткенді қайталау
Тақырыбы: Бақылау диктанты . Қыс
Мақсаты: 1.Оқушылардың білім деңгейі мен тиянақтылығын тексеру.
2. Білімін,каллиграфиясын дамыту.
3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: білімді тексеру және бағалау сабағы
Әдісі: сұрақ-жауап,өзіндік жұмыс
Көрнекілігі: кестелер
Барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындық
IV Мақсатын қою кезеңі
Тақырыбын,мақсатын хабарлау
Бақылау диктанты . Қыс
III Білімді тексеру кезеңі
1. Диктант мәтінімен таныстыру.
Қыс
Қаңтар айынын ішінде көптеген аң үзақ ұйкыға беріледі. Ағаштың қуысына кіріп алып жарғанат та ұйықтайды. Сарышұнак, атжалман, суыр, қосаяк сияқ-тылар өздерінің інін паналайды. Қар үстінде көзге түсе коймайтын ақ тышқандар жорғалайды. Оларды аңдып жүргең сасықкүзен жем етеді.
Балықтар да бұл кезде ұйыктап жатады. Сазандар судың түбінде жатады. Көксерке балык ұйыктаған күйінде судың ішінде тұрады. Құстар күздігүні жылы жақка ұшып кеткендіктен, аз болады. Қыстыгүні ауыл маңында сұр шіл мен қоян көп болады. Олар қар калыңдаған кезде жемді ауыл маңынан іздейді.
2. Мәтінді талдау
- Мәтін не туралы?
- Қыс келісімен табиғатта қандай өзгерістер болады?
Мәтінде нелер туралы айтылған?Біріккен сөздер қалай жазылады?
Құрмалас сөйлемдер ше?
3.Диктантты жазу.
4.Оқушылардың диктантты өз бетуімен тексеруі.
5. Жұмыстарын жинау.
6.Қорытындылау
VIII Үй тапсырмасын беру кезеңі
1.Өткенді қайталау
Тақырыбы: Диктант.Орман іші
Мақсаты: 1.Оқушылардың білім деңгейі мен тиянақтылығын тексеру.
2. Білімін,каллиграфиясын дамыту.
3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: білімді тексеру және бағалау сабағы
Әдісі: сұрақ-жауап,өзіндік жұмыс
Көрнекілігі: кестелер
Барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындық
IV Мақсатын қою кезеңі
Тақырыбын,мақсатын хабарлау
Диктант. Орман іші
III Білімді тексеру кезеңі
1. Диктант мәтінімен таныстыру.
Орман іші.
Қыркүйек айы. Күздің басы. Аспан жиі бұлттанып, жел тұрады. Күн көзінің қызуы азаяды.Мектеп оқушылары орманға серуенге барды.Оқушыларды табиғаттану пәнінің мұғалімі Дина Үкітеава алып барды. Орманда қайың, терек, қарағаш, шырша өсіп тұр.Терек пен қайыңның жапырақтары сарғая бастаған.
Ағаштың бұтақтарында түрлі құстар ұшып - қонып жүр. Оқушылар құстардың, ағаштардың атын дәптеріне жазып алды.(52)
2. Мәтінді талдау
– Қай ай?
– Аспан қандай ?
– Мектеп оқушылары қайда барды, оларды кім алып барды?
– Орманда қандай ағаштар бар?
– Оқушылар нені дәптерге жазып алды?
3.Диктантты жазу.
Тапсырма.
1. Көпше түрінде жазылған зат есімдердің астын сыз.
2. Тасымалданбайтын сөздерді көшіріп жаз.
4.Оқушылардың диктантты өз бетуімен тексеруі.
5. Жұмыстарын жинау.
6.Қорытындылау