Есептер шығару
1-тапсырма.
1. Жазық далада жаңғырық шығуы мүмкін бе?
2. Неге шәйнек қайнар алдында шуылдайды және неге суы аз болғанда
қаттырақ шу шығады?
3. Неге күндізге қарағанда дауыс түнде қаттырақ шығады?
4. Неге жанып жатқан ағаш отыннан сыртылдап ұшқын ұшады?
2- тапсырма.
№ 1. Адам үңгірдің алдына келіп қатты айқайлады. Ол жаңғырығын 3
секундтан соң естіді. Осы үңгірдің тереңдігі қандай?
№2. Эхолоттың көмегімен кеменің астынан теңіз тереңдігін өлшеген
кезде, сигналды жіберген уақыттан бастап оны қайтадан қабылдағанға
дейін 6 с уақыт өтсе, теңіз тереңдігі қандай болғаны?
№3 Серпімді жіпті бойлай 20м/с жылдамдықпен көлденең толқындар
таралады. Тербеліс периоды 0,5с. Толқын ұзындығын табыңдар.
Пайдаланылған әдебиеттер: Б. Кронгарт, В.Кем, Н. Қойшыбаев «11-сынып
физикасы»
Достарыңызбен бөлісу: |