Сабақ жоспары
Күні: 01.16ж
Сыныбы: 9 «в»
Тоқсан: ІІІ
Пәні: қазақ тілі
Пән мұғалімі: Баттал Г.Т.
Сабақтың тақырыбы: диктант
Мақсаты: оқушылардың стандарттың талап-міндеттері бойнша білім-білік деңгейін қанша мөлшерде игергенін анықтау.
Отбасы – тәрбие бастауы.
Баланың жақсысы – қызық, жаманы - күйік. Осы бір қанатты сөзде қаншама мағына жатыр десеңізші! Себебі, бұл шынайы өмірден алынған. Әрбір ата-ана баласының өмірге деген көзқарасы дұрыс қалыптасқан тәрбиелі, заман талабына сай азамат болып өскенін қалайды. Ата-ана бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайтыны сөзсіз.
Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған, жақсы, жаман бала болса солардан, - деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-ана өз баласының тәрбиесі үшін, ел, халық алдында жауапкер. Бала аяғын тәй – тәйлап басқаннан бастап- ақ, ата – анасымен, отбасындағы басқа жандармен қарым – қатынаста болып, тәрбие арқылы ересектердің бойындағы жақсы- жаман қасиеттерді үйренеді. Сондықтан отбасында күнделікті болып жатқан оқиғалар: ата-ананың бір-бірімен қарым-қатынасы, баламен сөйлесу, үй шаруасының атқарылуы, ересектердің еңбекке көзқарасы, уақытты өткізуі, қонақ қабылдауды- бәрі балаларға тікелей әсер етеді.
(Интернет желісінен)
109сөз)
Қорытындылау
Бағалау.
Сабақ жоспары
Күні: 01.16ж
Сыныбы: 9 «в»
Тоқсан: ІІІ
Пәні: қазақ тілі
Пән мұғалімі: Баттал Г.Т.
Сабақтың тақырыбы: қорытынды сабақ
Білімдік мақсаты: оқушыларға көсемшелердің сөйлемдегі қызметін үйрету;
Дамытушылық мақсаты: сөйлем талдау қабілетін, өткен тақырыптарды пысықтау;
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды жылдамдыққа, өз пікірін айтуға, өздігінше еңбектенуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: талдау, сұраққа жауап, өз пікірін айту
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Сыныппен амандасу
Сыныпты түгендеу
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан - деген Абай атамыздың сөзін қайталай келе ойын шартын түсіндіре кетсек
ІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. Керекті сөздерді пайдаланып, төмендегі сұхбатты толықтырыңдар.
-Сенің бос уақытың көп пе?
-аптаның соңында ғана
-Мектептен тыс уақытта немен айналысасың?
--Сен немен шұғылданғанды ұнатасың?
-Сен музыка тыңдағанды ұнатасың ба?
2-тапсырма. «Менің бос уақытым» тақырыбына әңгіме құрастырып жазыңдар.
3-тапсырма. Төмендегі тест сұрақтарына жауап беріңдер.
2008 жылы жазғы олимпада ойындары қай қалада өтті?
Қай жазғы олипиадада Қазақстан сортшылары 3 алтын медаль алды?
Ольга Шишигина әлем чемпионы болған спорт түрі қандай?
Балуан не істейді?
4-тапсырма. Түсіндірмелі салалас құрмаластың түріне төрт сөйлем құрап жазыңдар.
5-тапсырма. Мына сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар.
Бапкерлеріміздің, жаттықтырушыларға, балуандардан, олимпиадасын, мұз айдынына, сырғанаймыз, күреседі.
Қорытындылау.
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |