______________ Ж. Сейталиев
«Пісіру ісі» өндірістік шеберханасында орындау.
№
|
Жасалатын жұмыстар
|
Қолданылатын құралдар
|
Жасау ережесі
|
Техникалық қауіпсіздік ережелері
|
1
|
Жұмыс орнын жабдықтау. Пайдаланылатын материалдармен құрал-жабдықтарды дайындау.
|
ZX7 – 200 маркалы пісіру аппараты, диаметрі 2, 2.5, 3.0 өлшемді электродтар,
|
Жұмыс үстелін жабдықтау, қолданылатын құрал-саймандарды жұмысқа дайындау.
|
Жұмыс орнының дұрыстығына, тазалығына көз жеткізу. Пісіру аппаратының дұрыстығын тексеру.
|
2
|
Көлемі 205х150 мм металл табақшаларды доғалы пісіруге дайындау
|
Өлшегіш, бор, сызғыш, темір щетка
|
Темір щеткамен қажетті табақшаны тазалау. Бұйымды жасауға қажетті көлемде металл табақшаны өлшеу.
|
Жұмыс орнында қауіпсіздік ережесін қадағалау.
|
|
Металл табақшаларды қажетті көлемде кесу.
|
«Bosh» маркалы Кескіш болгаркасы
|
Өлшеп дайындалған металл табақшаны болгаркамен кесу.
|
Кесу кезінде қауіпсіздік көз әйнегін тағу керек. Кесуге арналған дискілердің дұрыс орнатылғанына көз жеткізу. Бәрін тексеріп, металды өлшеміне қарай кесу.
|
3
|
Пісіру аппаратын қосу.
|
ZX7 – 200
|
Аппаратты қоспас бұрын тексеру. Тексергеннен кейін, жасалатын металдың қалыңдығына байланысты тоқ қуатын реттеу.
|
Дәнекерлеу жұмысы кезінде бірінші арнаулы маска мен маман киімін кию. Аппаратты және ақпараттық кабельдерін қарау керек
|
4
|
Кескен металл табақшадан бұрышты қосылыс жасап доғалы пісіру.
|
Электрод, шлангі,редуктр
|
Темірді түйістіріп, бір қабатты жікпен ұстату. Электрлік пісіру аппаратымен жұмыс жасағанда электодты доғалы ұстау.
|
Ішкі жағын қарап саңылаудың, қож қосылыстарының, піспей қалған және балқытылмаған жерлері болмауын тексеру керек.
|
5
|
Металл табақшаларды доғалы пісіруді өндірістік сабақта орындау.
|
Трансформатор,
электрод
|
Металл табақшаларға бір және көпқабатты доғалы пісіру жұмыстарын орындамас бұрын жинастыру жұмысындағы саңылаулар, жалынның дұрыс қуатын таңдау, сол сияқты жұмыс барысында жік түбінің дұрыс пісіруіне көп көңіл бөлу керек.
|
Металл табақшаларды пісіру барысында ұшқыннан және электр қуатынан сақтану. Жұмысты орындауда электродтарды дұрыс ұстауға көңіл бөлу. Пісіру аппаратының қалыпты жұмыс жасауын қадағалау.
|
6
|
Пісіру аппаратын өшіру.
|
ZX7 – 200
|
Жұмыс аяқталғаннан соң дәнекерлік аппараттарды тоқ көзінен өшіріп дәнекерлік құралдарды жинақтау
|
Аппаратты жер желісіне бекітілуіне көз жеткізу керек. Ауа сору жүйесін тексеру керек.
|
7
|
Ақауды түзету
|
Сызғыш
|
Пісіру жұмыстарын аяқтағаннан кейін жіктерді тазарту.
|
Пісіру аппаратын ток көзінен ажыратылғанына көз жеткізу керек.
|
8
|
Жұмысты аяқтау. Жұмыс орнын жинастыру.
|
Пайдаланылған құрал-жабдықтарды тиісті орнына қою.
|
Пісіру аппаратын, кесу құралдарын ток көздерінен ажырату, сызғышты, темір щетканы жинастырып қою.
|
Жұмыс орнын қалыпты жағдайға келтіру, тазалау. Барлық пайдаланылған заттарды тиісті орындарына қою.
|