Сабақтың тақырыбы: Доғалы пісіруге арналған жұмыс орнын ұйымдастыру. Сабақтың мақсаттары



бет1/2
Дата01.04.2017
өлшемі179,27 Kb.
#12949
түріСабақ
  1   2
Сабақ өткізілетін күні «БЕКІТЕМІН»

«23» 11 2016 жыл Директордың оқу өндірістік

Д16/11 10 айлық жұмыстар жөніндегі орынбасары

______________ Ж. Сейталиев



Өндірістік сабақ жоспары № 12
Сабақтың тақырыбы: Доғалы пісіруге арналған жұмыс орнын ұйымдастыру.
Сабақтың мақсаттары:

Сабақтың білімділік мақсаты: Металл конструкциясында жұмыс жасаған уақытта оқушылардың теориядан алған білімдерін өндірістік орында қолдануға баулу. Білім алушылардың теориялық білімін жетілдіру. Әртүрлі бұйымдар жасағанда доғалы пісіруді орындамас бұрын жұмыс орнын ұйымдастыруды үйрету.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Студенттер бойында құрал – саймандарды күтіп ұстау, шикізаттармен  материалдарды үнемді пайдалану,  жұмыс барысында ұқыптылық пен тыңғылықты еңбек қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың кәсіби білімін жетілдіру мақсатында студенттерді доғалы пісіруге арналған жұмыс орнын ұйымдастыруға дағдыландыру. Жұмыс орнында қауіпсіздік шараларын қарастыруға баулу. Студенттің жоспарлы жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы: Технологиялық нұсқау картасы, пісіру аппараттары, электродтар, көрнекілік құралдар, көлемі 250х150 мм көлеміндегі болат табақшалар, 40х40мм металл профильдер.
Оқу өндірістік базасы: «Пісіру ісі» шеберханасы
Сабақ барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: (сағ: )

  1. Студенттердің сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру.

  2. Студенттердің өндірістік сабаққа арналған киімдерін тексеру.




  1. Кіріспе нұсқау: (сағ: )

    1. Студенттерге сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

    2. Өткен сабақ бойынша білім алушылардың білімін тексеру.

    3. Өндірістік оқу кезінде техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру.

Жаңа сабақ бойынша студенттерге нұсқау беру:


  1. Ағымдық нұсқау: (сағ: )

  1. Студенттерді жұмыс орындарына бөлу.

  2. Тексеру мақсатында жұмыс орындарын аралау.

  3. Студенттердің жаттығу жұмыстарын орындау үшін технологиялық нұсқау картасымен жұмыс жасауларын ұйымдастыру.




    1. Жұмыс орнының дұрыстығын қадағалау.

    2. Доғалы пісіруге арналған жұмыс орнын ұйымдастыруды жүргізу.

    3. Металдарды доғалы пісіру әдісін өндірістік сабақ барысында тәжірибеде қолдану.

    4. Пісіруді аяқтаған соң жұмыстың дұрыстығын, орындалу барысын қадағалау.




  1. Жұмыс қалпының дұрыстығын тексеру.

  2. Қауіпсіздік ережелерін сақтау деңгейін қадағалау.

  3. Орындалған жұмыстарды қабылдау.

  4. Жұмыс орындарын жинап, тазалау және пісіру аппартын ток көздерінен ажырату.




  1. Қорытынды нұсқау: (сағ: )

  1. Жіберілген қателіктерге талдау жасау, түзету.

  2. Студенттердің білімін бағалау.

  3. Үйге тапсырма беру: Т. Шакирова, А. Маметсупиев «Газ және электрмен пісіру», «Фолиант» баспасы, Алматы, 2007 ж. 72-84 беттер.

Өндірістік оқыту шебері: ____________ А.Д. Досболов


Технологиялық нұсқау картасы № 11
Тақырыбы: Доғалы пісіруге арналған жұмыс орнын ұйымдастыру.
Тапсырма № 11 Доғалы пісіруге арналған жұмыс орнын ұйымдастыруды

«Пісіру ісі» өндірістік шеберханасында орындау.






Жасалатын жұмыстар

Қолданылатын құралдар

Жасау ережесі

Техникалық қауіпсіздік ережелері

1

Жұмыс орнын жабдықтау. Пайдаланылатын материалдармен құрал-жабдықтарды дайындау.

ZX7 – 200 маркалы пісіру аппараты, диаметрі 2, 2.5, 3.0 өлшемді электродтар,

Жұмыс үстелін жабдықтау, қолданылатын құрал-саймандарды жұмысқа дайындау.

Жұмыс орнының дұрыстығына, тазалығына көз жеткізу. Пісіру аппаратының дұрыстығын тексеру.

2

Көлемі 205х150 мм металл табақшаларды доғалы пісіруге дайындау

Өлшегіш, бор, сызғыш, темір щетка


Темір щеткамен қажетті табақшаны тазалау. Бұйымды жасауға қажетті көлемде металл табақшаны өлшеу.

Жұмыс орнында қауіпсіздік ережесін қадағалау.




Металл табақшаларды қажетті көлемде кесу.

«Bosh» маркалы Кескіш болгаркасы

Өлшеп дайындалған металл табақшаны болгаркамен кесу.

Кесу кезінде қауіпсіздік көз әйнегін тағу керек. Кесуге арналған дискілердің дұрыс орнатылғанына көз жеткізу. Бәрін тексеріп, металды өлшеміне қарай кесу.

3

Пісіру аппаратын қосу.

ZX7 – 200

Аппаратты қоспас бұрын тексеру. Тексергеннен кейін, жасалатын металдың қалыңдығына байланысты тоқ қуатын реттеу.

Дәнекерлеу жұмысы кезінде бірінші арнаулы маска мен маман киімін кию. Аппаратты және ақпараттық кабельдерін қарау керек

4

Кескен металл табақшадан бұрышты қосылыс жасап доғалы пісіру.


Электрод, шлангі,редуктр

Темірді түйістіріп, бір қабатты жікпен ұстату. Электрлік пісіру аппаратымен жұмыс жасағанда электодты доғалы ұстау.

Ішкі жағын қарап саңылаудың, қож қосылыстарының, піспей қалған және балқытылмаған жерлері болмауын тексеру керек.


5

Металл табақшаларды доғалы пісіруді өндірістік сабақта орындау.

Трансформатор,

электрод


Металл табақшаларға бір және көпқабатты доғалы пісіру жұмыстарын орындамас бұрын жинастыру жұмысындағы саңылаулар, жалынның дұрыс қуатын таңдау, сол сияқты жұмыс барысында жік түбінің дұрыс пісіруіне көп көңіл бөлу керек.

Металл табақшаларды пісіру барысында ұшқыннан және электр қуатынан сақтану. Жұмысты орындауда электродтарды дұрыс ұстауға көңіл бөлу. Пісіру аппаратының қалыпты жұмыс жасауын қадағалау.

6

Пісіру аппаратын өшіру.

ZX7 – 200

Жұмыс аяқталғаннан соң дәнекерлік аппараттарды тоқ көзінен өшіріп дәнекерлік құралдарды жинақтау

Аппаратты жер желісіне бекітілуіне көз жеткізу керек. Ауа сору жүйесін тексеру керек.

7

Ақауды түзету

 


Сызғыш

Пісіру жұмыстарын аяқтағаннан кейін жіктерді тазарту. 

Пісіру аппаратын ток көзінен ажыратылғанына көз жеткізу керек.

8

Жұмысты аяқтау. Жұмыс орнын жинастыру.

Пайдаланылған құрал-жабдықтарды тиісті орнына қою.

Пісіру аппаратын, кесу құралдарын ток көздерінен ажырату, сызғышты, темір щетканы жинастырып қою.

Жұмыс орнын қалыпты жағдайға келтіру, тазалау. Барлық пайдаланылған заттарды тиісті орындарына қою.


1 – сурет. Қолмен доғалы пісіру әдістері




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет