Сабақтың тақырыбы: Допты кедергілердің арасынан жерге соғып алып жүру Сабақтың мақсаты: І. Білімділік



бет1/9
Дата23.08.2017
өлшемі1,14 Mb.
#25322
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы

Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің

дене шынықтыру пәні мұғалімі

Тасымова Мәншүк Қаппарқызы
Сыныбы: 5 ә
Сабақтың тақырыбы: Допты кедергілердің арасынан жерге соғып алып жүру
Сабақтың мақсаты: І. Білімділік

Оқушыларға допты кедергілердің арасынан

жерге соғып алып жүруді үйрету.
ІІ. Дамытушылық

Оқушыларды күш – қуат, ептілік, шыдамдылық

қасиеттеріне баулу.
ІІІ. Тәрбиелік

Оқушыларға адамгершілік тәрбиесін беру,

сенімділік қасиеттерге баулу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіндіру, үйрету, көрсету, жаттығу, қайталау.
Сабақтың құрал – жабдығы: кедергілер, доп, ысқырық
Сабақтың өтілу уақыты: 45 минут.
Өтілетін орны: спорт зал.



Р/с

Сабақтың өтілу барысы


Уақыты

Әдістемелік нұсқаулар


І.

1

2

ІІ

1

2


ІІІ

ІV

1

2

3


Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыларды сапқа тұрғызу. Рапорт қабылдау. Салемдесу. Түгендеу. Сабақтың тақырыбын айту, мақсатын түсіндіру.

Бұрылу әдістерін қайталау:

Оңға!


Солға!

Кері айнал!


Дайындық бөлімі:

Айнала жүру және жүгіру:

- екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүреміз;

- екі қол желкеде, өкшемен жүреміз;

- екі қол алдыда, жартылай отырып жүреміз;

- екі қол тізеде, толық отырып жүреміз;

- жай жүгіру;

- оң және сол жақ иықпен жүгіру;

- өкшені артқа лақтырып жүгіреміз;

- жай жүріс, тынысты қалпына келтіру.

Орнында тұрып жалпы дамыту жаттығулары:

Б.Қ: аяқ иық деңгейінде, қолымыз белде, басымызды 1 – 4 оңға, 5 – 8 солға қарай айналдырамыз;

Б.Қ: екі қол иықта, 1 – 2 алға, 3 – 4 артқа айналдырамыз;

Б.Қ: екі қол жанда, алақан жұмулы, 1 – 4 алға, 5 – 8 артқа қарай айналдырамыз;

Б.Қ: екі қол алдыда, 1 – отыр, 2 – тұр, 3 – 4 қайталаймыз.
Негізгі бөлім:

1.Оқушыларға допты кедергілердің арасынан алып жүрудің әдістерін үйрету. Допты әдеттегі ыршытып алып жүру кезінде баскетболшының екі аяғы аздап бүгілген, денесі сәл еңкейген, допты алып жүретін қолы шынтақтан бүгілген қалыпта болады. Допты алақан және саусақтардың ұшымен жерге итере ұрып ыршытады. Допты алып жүру ойынщының қозғалу бағытымен байланыстыра жүргізіледі.

2.Оқушыларды екі топқа бөліп, кедергілер арасынан допты жерге соғып алып жүру арқылы жарыстырамын.
Қорытынды бөлім:

Оқушыларды сапқа тұрғызу;

Оқушыларды бағалау;

Сабақты аяқтау.


3 минут


15 минут

25 минут


2 минут

Оқушылардың дене сабағы формаларын тексеру.


Тек сол жақпен бұрылу керек.

Қолды тік ұста!
Кеудені, қолды тік ұста!

Ара қашықтықты сақта.


Екі қол белде.

Екі қол артта.

Жаттығуды бір орында қозғалмай орындау. Көзді жұмбай!

Санақтан қалмай.


Шынтақты бүкпей.
Қолды тік ұста

Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін ескерту және есте сақтау.


Допты оң және сол қолмен де алып жүруге болады. Допты алып жүргенде адымды кең ашып, баяу жүгіруге де болады.

Тынысын қалпына келтіру.

Кемшілігін айту.

Үйге: Допты кедергілердің арасынан жерге соғып алып жүруді үйрену






САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сыныбы: 6 Уақыты:

Сабақ тақырыбы: Бір адым жасап, екі қолмен кеудесінен доп беру

Өткізетін орны: спорт алаңы

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:


  • Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру;

  • Дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен оқушылардың денсаулығын нығайту;

  • Күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмыстарға құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен оқушыларды тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтары: Ысқырғыш, гим.бөрене, т.б.


Мазмұны

Мөлшері

Әдістемелік нұсқау


І. Дайындық бөлімі

Сапқа тұрғызу, оқушылармен амандасу

Жүру жаттығулары:

-қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру,

- қол белде, өкшемен жүру;

-қол алда, жартылай отырып жүру;

-қол желкеде, толық отырып жүру.


Жүгіру жаттығулары:

  • Қолды алға айналдырып, оң жағымен жылжу;

  • Қолды артқа айналдырып, сол жағымен жылжу;

  • Сол қол алда, артпен жүгіру;

  • Қол белде, аяқты алға сермеп жүгіру;

  • Қол желкеде, аяқты артқа сермеп жүгіру.

  • Екі қолды алға созып, тізені жоғары көтеріп жүгіру.

  • Екі қол артта, аяқты артқа лақтырып, қолға тигізе жүгіру.

  • Екі қол жанда, аяқты жанға сермеп жүгіру.

  • Сап бойынша жүру

  • Тыныс алу жаттығулары.

Жалпы дамыту жаттығулары:



  • Б.қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басымызды солға 4 рет, оңға 4 рет айналдырамыз;

  • Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол иықта, қолымызды алға 4 рет, артқа 4 рет айналдырамыз;

  • Б.қ. аяқ иық көлемінде, сол қол белде, оң қол жоғарыда, 4 рет сол жаққа, 4 рет оң жаққа қисаямыз;

  • Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол тізеде, тіземізді ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдырамыз;

  • Б.қ. қол белде, аяқ барынша алшақ, 1 оң аяққа еңкейеміз, 2 ортаға, 3 сол аяққа, 4 б.қ.

20 мин.


Оқушыларды тексеру, дене киімін қарау.


Қолды бүкпей, толық айналдыру

Аяқты бүкпей орындау

Денені тік ұстау
Қолды бүкпей, толық қисаю
Көзді ашып, басымызды толық айналдыру.



ІІ. Негізгі бөлім

Бір адым жасап, екі қолмен кеудесінен доп беру:

Допты екі қолмен кеуде тұсынан беру-ең кең тараған ж/е ең сенімді тәсіл. Ол қосымша күш жұмсамай-ақ допты 4-6м қашықтыққа тез ж/е дәл беруге мүмкіндік береді. Допты берудің бастапқы қалпы-допты кеудеге қарай жақындатып ұстап тұру. Допты лақтырғанда қол кеудеден шамалы доға жасап толық жазылады. Доп саусақтардың белсенді қимылымен серпіледі. Қол қимылының басталуымен бір мезетте аяқ та жазылады. Доп бір адым аттап барып беріледі. Алақанмен ұрмаған дұрыс. Осыдан кейін не сол, не оң қолмен доптың еденнен шоршуын өзгерте отырып алып жүруді үйрену керек. Оң қолмен допты алып жүргенде, сол аяқ жарты қадамдай ілгері қозғалады.


20 мин.


Оқушылардың жаттығу барысында қауіпсіздігін қадағалау.



ІІІ. Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу



  • Түзел!

  • Тік тұр!

  • Еркін тұрыңдар!

Үйге тапсырма беру;

Жүйелі түрде бағалау;

Оқушылармен қоштасу.


5 мин.

Оқушылардың сабақ барысында жіберген қателіктерін айтып, ескерту.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет