Сабақтың тақырыбы: Допты төменнен және жоғарыдан ойынға қосу



Дата24.04.2017
өлшемі340,42 Kb.
#14690
түріСабақ

Қызылорда облысы , Қазалы ауданы , Әйтеке би кенті
Ы. Алтынсарин атындағы №204 мектеп тің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Әбіл Әмірхан
Дене тәрбиесі пәнінен 11 «А» сыныпқа арналған волейболдан ашық сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Допты төменнен және жоғарыдан ойынға қосу.

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға волейбол ойынының әдіс-тәсілдерін үйрету.

2) Жылдамдық, шапшаңдық қасиеттеріне баулу.

3) Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, үйрету және айналмалы жаттығу

Өтілетін орны: №204 мектептің спорт залы.

Өтілетін күні: 21.01.2015жылы, І-ауысым 5-сабақ

Керек құрал: Ысқырық, волейбол доптары, фишка, секундамер және сетка т.б.


С/б

Сабақтың мазмұны

Уақыт реті

Әдістемелік нұсқаулар

Кіріспе бөлім 10 - 15 минут


1. Сапқа тұрғызу. Кезекші мәліметін қабылдау, сәлемдесу, өтілетін сабақтың мақсатын түсіндіру.

1’30’’


Оқушылардың спорттық киіміне және бұйрықтың дұрыс орындалуына көңіл бөлу

2. Назар аудару жаттығулары: «Оң-ға»,

«Сол-ға», «Ай-нал»



30’’

Бұйрықтардың дұрыс орындалуын қадағалау

3. Жүру бағытындағы жаттығулар:

-қол жағары, аяқтың ұшымен жүру;

-қол белде, өкшемен жүру;

-қол белде,табанның ішкі,сыртқы қырымен жүру;

-қол белде, тізені көтеріп жүру;

-қол белде, жартылай отырып жүру;

-қол тізеде, толық отырып жүру;

-қол тізеде, оңға-солға секіру;

Спорттық жүріске ауысу


3’мин

10м


10м

10м


10м

10м


10м

10м


30м

Қолды түзу ұстау керек.

Денені тік ұстау

Басты тік ұстау

Тізе жоғары болу керек

Басты жоғары ұстау

Қолмен көмектесу

Ара-қашықтықты сақтау

Тез орындау


4.Жүгіру бағытындағы жаттығулар:

-қол алда, тізені көтеріп жүгіру;

-қол белде, аяқ ұшын алға сілтей жүгіру;

-қол жамбаста, аяқты артқа лақтыра жүгіру;

-қол белде, оң, сол жанымен секіріп жүгіру;

-арқамен жүгіру;

-алға секіріп керілу;

-жәй жүгіру;

-жүру,тыныс алып, демді басу


3’мин

15м


15м

15м


15м

15м


15м

15м


1’мин

Тізені жоғары көтеру

Аяқты бүгпеу керек

Тез орындау

Жоғары серпілу

Сол иықпен артқа қарау

Қолмен көмектесу арқылы


Терең дем алу,тынысты қалыпқа келтіру

5.Жалпы денені жетілдіру жаттығулары:

-Б.Қ қол белде, аяқ иық көлемінде,сан:1-2 басты оңға, 3-4 солға айналдыру;

-Б.Қ қол иықта, аяқ иық көлемінде сан: 1-2 иықты алға, 3-4 артқа айналдыру;

-Б.Қ оң қол жоғары, сол қол төмен, аяқ иық көлемінде, сан:1-2 қолды артқа сілтеу,3-4 қолды ауыстыру;

-Б.Қ қол белде, аяқ иық көлемінде, сан: 1-2 оң жаққа иілу, 3-4 сол жаққаиілу;

-Б.Қ аяқ иық көлемінде, сан: 1-қол жоғары артқа керілу,2-қолды аяққа жеткізу, 3-қол алда, отыру, 4-б.қ

-Б.Қ қол белде, оң, сол, қос аяқпен жоғары секіру

Демді қалыпқа келтіру, сан: 1-2 қол жоғары көтеріп дем алып, 3-4 қолды төмен түсіріп дем шығару


4’мин


5-6 рет
5-6 рет
5-6 рет

5-6 рет
5-6 рет

10,10,20

5-6 рет

Денені тік ұстау,басты толық айналдыру.

Иықты толық айналдыру.


Қол түзу болады.

Толық иілу керек


Санақ бойынша орындалады.

Жоғары секіру.

Терең дем алу


Негізгі бөлім 25 - 30 минут



Жаңа сабақ:

Допты төменнен және жоғарыдан ойынға қосу.
- Оқушыларды сапқа тұрғызу, өтілетін сабақтың мақсаты түсіндіру, оның орындалу барысын көрсету және ортаға екі лекпен жүріп арнайы жаттығулар орындау:

1.Екеу ара доппен оң, сол қолмен еденге ұру арқылы ойнау.

2.Екі қолмен артқа созылу арқылы қарсыласына допты жеткізу.

3. Допты жоғарыдан және төменнен қабылдауға үйрену.

4. Қарсыласына допты жоғарыдын және төменнен ойынға қосу әдіс-тәсілдерін үйрету.
-Оқушыларды екі топқа бөліп бірінші топ, тор сетканың арғы жағында допты қабылдауға дайындалады, ал екінші топ кезектесіп допты төменнен және жоғарыдан ойынға қосу

әдіс-тәсілдерін оқушыларға үйрету. Допты 10-15см жоғары лақтырып, ойынға қосуға дағдылану.

-Екі топты орын ауыстырып бірінші топ допты ойынға қосуға үйрету, ал екінші топ допты қабылдауға орын ауысады.
-Екі топқа бөліп волейбол ойынын ойнату.

2’мин


6-7 рет
6-7 рет
6-7 рет
6-7 рет

5-6 рет

5-6 рет

15 ке дейін


Оқушылардың тәртібіне

назар аудару
Қарсылысына допты түзу жеткізуін қадағалау.

Жылдамдықа баулу.


Дұрыс қабылдауға үйрену.
Допты сәл жоғары лақтырып ойнау

Допты ойынға қосу кезінде сызықты баспауын және қолдан допты бермеуін қадағалау.


Ереже бойынша ойнату



Қорытынды бөлім 3-5 мин

Сапқа тұрғызып, жәй жүру арқылы тыныс алу жаттығуларын орындау.

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру.


1’мин
4’мин



Терең дем алу және шығару.



Сабақ барысында жіберген қателіктерді ескерту.

Сыныбы: 7 «а»

Сабақтың тақырыбы: Жүрістің санын есептеу жолдары.

Сабақтың мақсаты: а)Оқушыларды ойын күштеріне жауапкершілікпен

қарап, терең есептеуге бейімдеу.

ә) Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту және
қалыптастыру.


б) Жас ұрпақты ұлттық қадір қасиеттерімізді қастерлей білуге тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: Тарих, математика т.б.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ойын әдісі, жаңа сабақты меңгерту.

Көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, бор.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Оқушылардың дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын түсіндіру.

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Тарихтың терең қойнауынан бастау алған, шығу және пайда болу мерзімі әлі

толық дәрежеде зерттелмеген, ұлтымыздың асыл қазыналарының бірі -тоғызқұмалақ.

Оның ерте заманнан келе жатқанына дәлел боларлық тастарға қашалып қалдырылған.Тоғызқұмалақ тақтасының бейнелері. Қазақстанның әр түкпірінен табылуда. Тарихшы В.А. Куфтин тоғызқұмалақ ойынының Солтүстік Африка халықтарының ойынына ұқсастығын көрсетеді. Археологтардың зерттеуі бойынша шахматтан, дойбыдан ерте пайда болған «Калах» ойыны туралы айтады. Бұл ойынның біздің тоғызқұмалақ ойынының арасындағы ұқсастығын көруге болады.


Калах ойынының тақтасы Тасқа қашалып салынған тоғызқұмалақ
отаулары мен қазандары
Ақшұқырдан табылған.

Тасқа қашалып салынған ойынның отаулары мен қазандары «Ақшұқырдан» (Қаратау қаласындағы) табылған. Бұл өнерді ұлы Абай, заңғар жазушымыз М. Әуезов пен Б.Момышұлы қадір тұтып, серік еткен. СССР халық артісі Қалыбек Қуанышбаевтың ойынның жоғалып кетпеуіне сіңірген еңбектері зор. Ал, Қазалы жерінде алғашқы тоғызқұмалақ ойынын насихаттаушы Сәлменов Мұхтар ағайымыз.
ІІІ. Жаңа сабақ

Әрбір ойыншы үшін ойынның ортасы мен аяқ шенінде тек өз жағындағы жүрістерінің ғана мақсатын белгілеп, құмалақтарды дұрыс салу және жүрістердің санын есептеу ғана жеткіліксіз. Қосымша қарсы жақтың да мақсатын біліп, барлық жүрістердің санын үздіксіз есептеп отыру керек. Екі жақтың отауларында бес-бестен құмалақтары бар. Жүріс кезегі ақ жағынан.



Егер екеуі де жүрісін 6-шы отаудан, ал екінші жүрісін 5-ші отаудан бастап жүрген жағдайда, құмалақтарды 9-шы отауға жинамақ болса, 9-шы отауға жеткенше ақ жағының 15 жүрісі, қара жағының 16 жүрісі бар. Ақ жағының жүрістері тез таусылып «атсырап» тұр. Егер қара жағы бірінші жүрісін 5-ші отаудан бастаса оның барлық жүрістерінің саны 9-шы отауға жеткенше 14 ақ жүріс екен. Бұл жағдайда қара жағы «атсырап» қалады.

ЕРЕЖЕ: Барлық жүрістерінің санын азайту үшін, тез «атсырап» қалмау үшін ойыншылар әрқашан да өздерінің оң жағындағы отаудан бастап жүріп отыруы керек те, жүріс жасалған отаудың оң жағындағы отауларға екі құмалақтан артық құмалақ тастамауы керек.

Мысалы:


Әр бір отауда 1-1ден құмалақ бар дейік. Жоғарыда айтылғандай ережені қолдана отырып есептесек, 8-ші отаудағы бір құмалақ 9-ші отауға жеткенше бір жүріс. 7-ші отаудағы бір құмалақ 9-шы отауға жеткенше екі жүріс жасайды. Келесі отаудың жүрісі т.с.с болып кете береді. Барлық жүрістерді қоссақ, 1+2+3+4+5+6+7+8=36 яғни, отыз алты жүріс жасауға болады екен. Отауда жатқан екі құмалақтың барлық жүрістерінің санын табу үшін, жүрісті жүретін отау мен құмалақтар жинайтын отаудың арасындағы отаулар санын отаудағы құмалақтар санына (бұл жерде екіге) көбейтсек болғаны.

Мысалы 5-ші отауда жатқан екі құмалақ 9-шы отауға еткенше 4 рет қарғиды екен, яғни ол екі құмалақ (4*2=8) жүріс береді. 2-ші отауда жатқан екі құмалақ 9-шы отауға жеткенше (7*2=14) жүріс береді, т. с. с.


Отауда жатқан үш құмалақтың барлық жүрістерінің санын табу үшін, сол жүріс жүретін отау мен құмалақтарды жинайтын отаудың ара-қашықтығындағы қарғу санын отаудағы құмалақтар санына (бұл жерде 3-ке) көбейтіп, сол көбейтіндіден екі санын алсақ болғаны.

Мысалы, 4-ші отауда жатқан үш құмалақ 9-шы отаудың арасына 5 рет қарғып жетеді.

Демек, 4-ші отаудағы 3 құмалақ (5*3)-2=13 жүріс береді.

Отауда жатқан 4 құмалақтың жүрістерінің санын табу үшін, сол жүріс жүретін отау мен құмалақатрды жинайтын арақашығындағы қарғу санын, отаудағы құмалақ санына (4) көбейтіп, сол көбейтіндіден 5 санын алсақ болады. Мысалы, 6-шы отауда жатқан 4 құмалақ пен 9-шы отаудың арақашықтығы 3 қарғу, демек 6-шы отаудағы 4 құмалақ (3*4)-5=7 жүріс береді.


Отауда жатқан 5 құмалақтың барлық жүрістерінің санын табу үшін әр қашанда сол жүріс жүретін отаумен құмалақтарды жинайтын отаудың арақашықтығы қарғу санын сол отаудағы құмалақ санына (5-ке) көбейтіп, сол көбейтіндіден 9 санын алсақ болды.

Мысалы, 3-ші отауда жатқан 5 құмалақпен 9-шы отаудың арақашықтығы 6 қарғуға тең. Демек, отаудағы 5 құмалақ (6*5)-9=21 жүріс береді.


3-ші отауда жатқан 6 құмалақтың барлық жүрістерінің санын табу үшін әрқашанда сол жүріс жүретін отау мен құмалақтарды жинайтын отаудың арақашықтығы қарғу санын сол отаудағы құмалақ санына (6-ға) көбейтіп, сол көбейтіндіден 14 санын алсақ болды.

Мысалы: 3-ші отауда 6 құмалақпен 9-шы отаудың арақашықтығы 6 қарғуға тең. Демек, отаудағы 6 құмалақ (6*6)-14=22 жүріс береді.


Жүрістер санын есептеу жолының математикалық заңдылығының ең негізгі қажеттісі – отаудағы құмалақ санын қарғу санына көбейткен соң одан алатын тұрақты санды тез табу. Бұл заңдылықты төмендегі кестеден көресіздер:

IV. Жаңа сабақты бекіту

Мына төмендегі көрсетілген позициядан кейін қарсыластардың олар құмалақтарын 9-шы отауға жинаған жағдайда қаншадан жүрістері бар екенін есептеп көрейік. Негізгі ереже мен кестені қолдана отырып есептесек. Ақ жағының барлығы – 64 жүріс, қара жағының барлығы – 60 жүріс. Демек, ойын аяқ шенінде «атсырау» көбінесе құмалақтардың санымен шешілмей, олардың тақта үстінде қаншалықты тиімді орын алу жағдайында көп жүріс болуда байланысты екен.



V. Үйге тапсырма

а) Жүрістердің санын есептеу жолдарын оқу;

ә) Тұрақты сандарды жаттау;

б) 6, 7, 8, 9 санды құмалақтарға мысал келтіре отырып, есепті шығарып келу.
VІ. Бағалау

Сабақ барысында белсінділік көрсетіп отырған оқушыларды бағалау.


Дене тәрбиесі пәнінен 9 «а» класқа арнап жасалған ашық сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: Граната лақтыру

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға гаранатты лақтыру әдіс-тәсілдерін үйрету;

2) Оқушыларды жеңіл атлетикаға деген қызығушылығын арттыру;

3) Ептілік, икемділік және жылдамдық қасиеттеріне оқушыларды баулу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: АӘД, анатомия

Құрал-жабдықтар: Ысқырық, граната, жалауша және секундомер т.б.

Өтілетін күні:

Өтілетін орны: №204 орта мектептің спорт алаңы



С/б

Сабақтың мазмұны

Уақыт

Әдістемелік нұсқаулар


К

і

р

і

с

п

е
б

ө

л

і

м

і

10

-

15

м

и

н

Н

е

г

і

з

г

і
б

ө

л

і

м

і
25

-

30

м

1.Сапқа тұрғызу, кезекші мәлімет беру, сәлемдесу, өтілетін сабақтың мақсатын

түсіндіру.



2.Саптағы жаттығулар:

«Оң-ға», «Сол-ға», «Кері бұрыл»



3.Жүру бағытындағы жаттығулар:

-қол жағары, аяқтың ұшымен жүру;

-қол белде, өкшемен жүру;

-қол белде,табанның ішкі,сыртқы қырымен жүру;

-қол белде, тізені көтеріп жүру;

-қол белде, жартылай отырып жүру;

-қол тізеде, толық отырып жүру;

-қол тізеде, оңға-солға секіру;

Спорттық жүріске ауысу

4.Жүгіру бағытындағы жаттығулар:

-қол алда, тізені көтеріп жүгіру;

-қол белде, аяқ ұшын алға сілтей жүгіру;

-қол жамбаста, аяқты артқа лақтыра жүгіру;

-қол белде, оң, сол жанымен секіріп жүгіру;

-арқамен жүгіру;

-алға секіріп керілу;

-жәй жүгіру;

-жүру,тыныс алып, демді басу
5.Жалпы денені жетілдіру жаттығулары:

-Б.Қ қол белде, аяқ иық көлемінде,сан:1-2 басты оңға, 3-4 солға айналдыру;

-Б.Қ қол иықта, аяқ иық көлемінде сан: 1-2 иықты алға, 3-4 артқа айналдыру;

-Б.Қ оң қол жоғары, сол қол төмен, аяқ иық көлемінде, сан:1-2 қолды артқа сілтеу,3-4 қолды ауыстыру;

-Б.Қ қол белде, аяқ иық көлемінде, сан: 1-2 оң жаққа иілу, 3-4 сол жаққаиілу;

-Б.Қ аяқ иық көлемінде, сан: 1-қол жоғары артқа керілу,2-қолды аяққа жеткізу, 3-қол алда, отыру, 4-б.қ

-Б.Қ қол белде, оң, сол, қос аяқпен жоғары секіру

Демді қалыпқа келтіру, сан: 1-2 қол жоғары көтеріп дем алып, 3-4 қолды төмен түсіріп дем шығару



Жаңа сабақ граната лақтыру

Оқушыларды сапқа тұрғызу, өтілетін сабақты мақсатын түсіндіру, оның орындалу барысын көрсету.

-Оқушылар гранаты лақтырмас бұрын екі қолын алға-артқа айналдырып арнайы жаттығулар орындау.

-Оқушылар гранатсыз екі,үш адым жасау арқылы қолды жоғарыдан алға қарай сілтей лақтыруға үйрену.

-Оқушылар біртіндеп гранатыны орында тұрып лақтыруға үйрету.

-Үш, төрт мерт жерден жүгіріп, қолды артқа созу арқылы гранатыны бастан асыра ұзақ қашықтыққа лақтыруға оқушыларды дағдыландыру.

Эстафеталық ойын. Жеңіл атлетика элементтерін пайдалана отырып, өткізу.

1'. 30’’
30’’


3’мин

10м


10м

10м


10м

10м


10м

10м


30м

3’мин


15м

15м


15м

15м


15м

15м


15м

1’мин
4’мин

5-6 рет
5-6 рет
5-6 рет

5-6 рет
5-6 рет

10,10,20

5-6 рет

2’ мин

1’ мин


3-4 рет

3-4 рет
3-4 рет


3-4’мин


Оқушылардың спорттық киіміне және бұйрықтың дұрыс орындалуына назар аудару.

Дұрыс орындалуына көңіл бөлу.

Қолды түзу ұстау керек.

Денені тік ұстау

Басты тік ұстау

Тізе жоғары болу керек

Басты жоғары ұстау

Қолмен көмектесу

Ата-қашықтықты сақтау

Тез орындау


Тізені жоғары көтеру

Аяқты бүгпеу керек

Тез орындау

Жоғары серпілу

Сол иықпен артқа қарау

Қолмен көмектесу арқылы


Терең дем алу,тынысты қалыпқа келтіру
Денені тік ұстау,басты толық айналдыру.

Иықты толық айналдыру.


Қол түзу болады.

Толық иілу керек


Санақ бойынша орындалады.

Жоғары секіру.

Терең дем алу

Тәртібіне назар аудару.

Қолды қыздыру,

Екпін ала лақтыру.

Жоғары серпу керек
Белгіленген сызықтан өтпеуін қадағалау.

Екі топ арқылы өтеді.



Қ.

б.
5

м

Сапқа тұрғызып, жәй жүру арқылы тыныс алу жаттығулары:
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру. Оқушылармен қоштасу.


1’ мин
2-4’мин

Дем алу, дем шығару арқылы

тынысты қалпына келтіру.



Сабақ барысында жіберген қателерді айту.

Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет