Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы
|
7.8.3. Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар
|
Сабақтың тақырыбы: Дұрыс тамақтанудың басы -тазалық. Бейнелеуіш сөздер
|
Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:
|
СЫНЫП: 7
|
Қатысқан оқушылар саны: 25
|
Қатыспаған оқушылар саны: 0
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
|
7. О5. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.
7.ӘТН4.2. Еліктеу сөздердің стильдік мәнін түсініп қолдану
|
Сабақ нәтижесі:
|
Барлық оқушылар орындай алады:
Мәтін мазмұнын түсінеді. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыра алады.
Еліктеу сөздердің түрлерін ажыратып, ауызша және жазбаша тілдесімде қолдана алады. Мәтін бойынша өз ой -пікірлерін білдіреді, бейнелеуіш сөздермен берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасау.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің жасалу жолын анықтайды, мысалдар арқылы ойын түйіндейді.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
|
Бағалау критерийі
|
Мәтін мазмұнымен таныса отырып, проблемалық сұрақтар құрастырады.
Бейнелеуіш сөздер пайдалана отырып, сөйлем құрастырады.
|
Тілдік мақсат
|
.Оқушылар орындай алады:
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: ауыз су, азық- түлік, егжей- тегжей, ас- су , тамақтану гигиенасы, ауыз шайқау
|
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: тазалық, денсаулық, бейнелеуіш сөздер, еліктеуіш сөздер, үндестік заңы
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Бейнелеуіш сөздерді лексикамызда пайдаланамыз ба?
|
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
1. «Тазалық- саулық негізі» дегенді қалай түсінесіз?
2. Неліктен заттар мен құбылыстардың бейнесін сипаттайтын сөздерді бейнелеуіш сөздер деп атаймыз?
|
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылықтарын сақтайды. Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсетеді.Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, сыни тұрғыда ойлай біледі.
|
Пәнаралық байланыс
|
Әдебиет, жаратылыстану, сурет
|
Алдыңғы оқу
|
Еліктеу сөздер және оның түрлері туралы біледі (6- сынып)
|
Сабақтың жоспары
|
Жоспарланғануақыт
|
Сабақ барысы :
|
ресурстар
|
Басталуы
5 минут
3 мин
|
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, түгелдеймін.Психологиялық ахуал туғызу мақсатында «Лебіздер бұрқасыны » әдісі арқылы оқушылар бір- біріне жақсы тілектерін білдіреді.
Мақал- мәтелдер арқылы топқа біріктіру:
І топ: Тазалық - саулық негізі
ІІ топ: Денсаулық -зор байлық
ІІІ топ: Аурудың алдын ал
Әр топ өз мақал-мәтелінің мағынасын ашады
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Қарлы кесек » әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
1.Еліктеу сөз дегеніміз не?
2. Еліктеуіш сөздер дегеніміз не?
3.Дұрыс тамақтану адам өміріне қаншалықты маңызды?
Қалыптастырушы бағалау: смайлик арқылы
|
І топ: Тазалық -саулық негізі
ІІ топ: Денсаулық- зор байлық
ІІІ топ: Аурудың алдын ал
|