Ер Тарғын - операсы
«Либретто» - Сағыр Камалов»» «Музыка» - Брусиловский Е.Г.
Премьерасы 1937 жылы 15 қаңтарда Қазақ музыка театрында (қазіргі Қазақ академиялық опера және балет театры) қойылды. Операның негізгі жетістігі - прозалық мәтін араласпаған, бастанаяқ музыка үнімен орындалатын сахналық бейнелердің сомдалуында.
Ер Тарғын - халық ән-күйлерін операда шебер қолдануға құрылған туынды. Композитор онда 60-тан астам халық ән-күйлерін пайдаланған. Операны алғаш қойған реж. Қ. Жандарбеков, басты рольдерді КүләшЖасынқызыБайсейітова, Қ. Байсейітов ойнады. Операда тұңғыш рет көп дауысты хорлар мен вокалдық ансамбілдер бой көрсетті. Ал 1969 жылы К. Кенжетаев операны Абай атындағы опера және балет театырында жаңартып қойды. Мұнда Е. Серкебаев және Р. Жаманова партияларын орындады. Опера Өзбекстан мен Башқұртстанның театрларында да қойылған.
"Той думан" композитордың фортепианоға арнаған шығармаларының бірі. Бұл шығармада той мерекесі бейнеленген, 2 бөлімнен тұрады. Көңілді характерде, ойнақы орындалады.
Штрихтары:1 бөлімде 1 үлесте стоккато-яғни жеңіл, қысқа, үзік орындалады. 2 үлесте легатомен яғни жалғастыра орындалады.
2 бөлімде 1 үлес легато-штрихтарымен орындалады. 2 үлес стоккато штрихымен орындалады.
2 бөлімде де кайталау белгісі қойылған. 1-шісін фортемен, 2-шісін пианомен орындау керек.
Өзім орындап беремін.
Шығарманы бірге шығарамыз.
6) Композитор Е.Брусиловский 9 опера жазған. Соның бірі Ғабит Мүсірепов либреттосына жазылған «Қыз Жібек» операсы. Опера 4 бөлімнен тұрады. Бұл операны 1934 жылы жазды. Қыз жібек - қазақтың ең көне мұраларының бірі,
лиро-эпостық дастан. «Қыз Жібек» жыры - аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері - Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі - сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш. "Қыз Жібек" жыры екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Төлегеннің Жібекке үйленуі әңгімеленсе, екінші бөлімде Жібектің Сансызбаймен қосылғаны баяндалады. "Қыз Жібек" эпосын махаббат гимні деудің әбден жөні бар.
7) Музыка тыңдау: «Қыз Жібек» операсы «Гакку». Орындайтын: К.Байсейтова. 2м
8) Нота бойынша оқу. Е. Брусиловскийдің «Гакку» әнінен үзінді фортепианода нота бойынша шығарамыз. 2м
VII. Сабақты қорытындылаймын, үйге тапсырма беремін, студентті бағалаймын. 1м
Ашық сабақтан көріністер
Достарыңызбен бөлісу: |