Атырау қаласы.
№5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Айтмағамбетова Умитай Кенжегуловна
Ана тілі.
Сабақтың тақырыбы: Ә. Жапаров «Қазына көтерген бала»
Білімділік мақсаты: Оқушыларды Қ.Сәтпаевтың өмірі жайлы әңгімемен таныстыру
Дамытушылық мақсаты: Қ.Сәтпаев есімімен байланысты кен орындарын білгізу, оқушыларды ізденуге, ойлауға жетелеу, көркем сөйлеу іскерлігін арттыру, танымын елестету, сезіну қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: туған ел байлықтарын қорғауға үйрету, ұлы адамдар өмірін үлгі ету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс – тәсілдері: Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылықты ояту, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Қ.Сәтпаевтың өміріне арналған слайд, видео. Фостермен жұмыс. Қазба байлықтар коллекциясы. Географиялық карта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру
Т.Рысқұлбеков «Бала Тұрар» атты әңгімесін ақпараттық іздену әдіс-тәсілі бойынша сұрау. Тақтаға үш оқушы шығады. Әңгіме мазмұнына сай сұрақтар қойып, екі оқушы бір-біріне жауап береді. Үшінші оқушы олардың жауабын тыңдап, әңгімені толық баяндайды. Келесі оқушы картадан әңгімедегі жер, су, ел аттарын көрсетеді.
3) Топтастыру
Мемлекет, қоғам қайраткері
1916 жылы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан
1894 жылы 26 желтоқсанда Жетісу облысы, Верный уезінде туды.
1938 жылы 10 ақпанда, 43 жасында, Мәскеу түрмесінде қайтыс болды.
Алматы қаласында Басқару академиясы Рысқұлбеков есімімен аталады.
Нұртаза Шерхан «Қызыл Жебе» атты 1,2 кітабында Рысқұлбеков келбетін сомдады.
Сталинге Қазақстандағы ашаршылық жөнінде бірінші хат жолдаған қазақ.
1937 жылы 21 мамырда «Халық жауы» деген атпен тұтқындалды.
Жамбыл облысының Тараз қаласында Рысқұлбеков атындағы парк, онда ескерткіш қойылған.
Бағалау
Бала – мына жерде бір үлкен қапшық тұр. Оны кім әкелді? Көрелік.
Мынау не қағаздар?
Ұстап көрші?
Мынау тапсырма ғой
Қапшықтағы қағаздарды алып, тапсырмаларды орындау
Топпен жұмыс
І топ қиылған суреттерді құрастыру
ІІ топ қаламызда қандай ескетркіштер бар?
ІІІ топ мынау не? Ол неге жатады? (мұнай бағаналарының суреті)
Тапсырмалар тексеріледі
Жер қойнауындағы тастарды зерттеген адам кім?
Қ.Сәтпаев
Жаңа сабақ Ә. Жапаров «Қазына көтерген бала» деп тақтаға жазу
Ә.Жапаров - ақын, жазушы. Оның бір ерекшелігі оның Қ. Сәтпаев жөніндегі осы «Қазына көтерген бала» атты шығарманы жазуы
Қ.Сәтпаев туралы видео-фильм
- Тізбектете оқыттыру
- Қаныш қандай сурет салған?
- Ол неге ынтық болған?
6) Ендеше қапшықты ашатын кез келді
(Тастарды қарап,аттарымен таныстыру )
-Қаныш осы тастарды зерттеген – геолог екен. Геолог – тау –тастарды зерттейтін ғалым.
7) Атырау қаласында Қ.Сәтпаев атындағы көше, даңғыл, ескерткіш, мектеп бар.
8) Фостермен жұмыс
-Көргенімізді, естігенімізді суретке салайық. Суреттер бағаланады.
9) «Алақан тренингісі»
а) Қызыл түс – қол алысу
ә) Сары түс – арқасынан қағу
б) жасыл түс – құшақтасу
10) Дәптермен жұмыс Қ. Сәтпаев кім?
- Қазақ ғалым академиясының тұңғыш президенті
- Геолог- ғалым
-Академик
- Ертіс-Қарағанды каналының аты Қ.Сәтпаев атымен аталады.
- Қ.Сәтпаев атын дағы даңғыл, көше, мектеп
- Қ. Сәтпаев атындағы ғаламшар бар
- 100 жылдыгына монета шыккан
- Жезқазған мыс Рудасын тапқан адам
-Ақсу,Атырау т.б. қалаларында ескерткіштері бар.
11) Әңгіме «Қазына көтерген бала» деп не себептен аталды?
12) Биыл 11 қараша 2014 жылы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы шықты. Мақсаты: Дүниенін әр түпкірінде белең алған тұрақсыздық, әлемдік экономиканың өзгеруі Қазақстанда да болуы мүмкін. Алға қойған өзекті мәселелерді жедел орындау халыққа тапсырылды . Ұлттық қордан әр түрлі салаларға қаржы бөлінді. Мысалы білім саласына 70 млрд. ақша бөлінді. Ол жаңа мектеп , бала-бақша салу, үш кезеңде мектептерді үлкейту, жою, мүгедек балалар үшін арнайы мектептер салу.
13) Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан-теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»
Н.Ә. Назарбаев
14) Ендеше елдің байлығы – ол біздің байлығымыз. Біз де Қаныш атамыз сияқты ерінбей еңбек ете білуіміз керек сонда ғана , еліміз көркейіп, өміріміз мәнді де, сәнді болады.
15) Бағалау
16) Үйге тапсырма
а) Ә.Жапаров туралы дерек жинау
ә) «Қазына көтерген бала» әңгімесін түсініп оқу
б) №3 сызбаны толтыру, дәлелдеу
Достарыңызбен бөлісу: |