Сабақтың тақырыбы Е. Өтетілеуұлы «Балмұздақ» Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет1/2
Дата13.11.2016
өлшемі107,67 Kb.
#1625
түріСабақ
  1   2

Пәннің аты: Әдебиеттік оқу

Уақыты:19. 01. 16 ж.

Бастауыш сынып

Мұғалім: Кырыкмылтыкова

Сабақтың тақырыбы

Е. Өтетілеуұлы «Балмұздақ»

Мақсаты
Күтілетін нәтиже

Шығарманы талдай отырып, оның негізгі идеясымен таныстыру, шығармашылық қабілетін дамыту.

Шығарманы талдай отырып, оның негізгі идеясымен танысады, шығармашылық қабілетін дамытады, саралайды.



Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

І топ «Пломбир»

ІІ топ «Эскимо»

Неліктен бұл атауларды қойып отырмыз?





Үй тапсырмасын тексеру

Автор орындығы арқылы тексеру. Әскербектің әкесіне хат жазу.




Топтық жұмыс

І топ - автор туралы өмірбаянын жазу

ІІ топ – автордың атқарған қызметі туралы жазу






Қызығушылықты ояту

Өтетілеуұлы Ермек — 1938 жылы 

1 каңтарда Ақмола (қазіргі Астана) қаласында туған. 1957 жылы Алматыдағы Абай атындағы педагогтік институтыңың филология факультетіне оқуға түседі, кейін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің мамандығын алып шығады. 1962—1964 жылы Целиноград (қазіргі Акмола облысы) Қорғалжын аудандық "Шамшырақ нұры" газетінде қызмет істеген. 1964—1974 жылы республикалық "Балдырған" журналында, 1974—1976 жылы "Жазушы" баспасында редактор, 1976 жылдан жаңадан ашылған "Жалын" баспасында аға редактор, редакция меңгерушісі болып қызмет атқарады, кейін балалар әдебиеті баспасы — "Балаусада" еңбек етеді. "Баспа және полиграфия ісінің қайраткері" құрмет белгісімен марапатталған.



 1977 жылы "Жалын" баспасының үздік редакторы аталады. Өзінің жеке шығармашылығына қосымша редактор жазушының құрастыруымен 1984 жылы "Жалын" баспасынан орыс тілінде "Мир вокруг нас" атты қазақ жазушыларының табиғат туралы әңгімелері және ақын Г.Брейгинмен бірлесіп, орыс тіліне қазақтың кейбір күлдіргі әңгімелерін жинап, аударып басып шығарады. Ал 1994 жылы"Балауса" баспасынан халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілерінен және бұрынғы-соңғы қазақ ақындарының мектеп жасына дейінгі балалардың және оқушылардың жаттап алуына лайықты деген өлеңдері мен тақпақтары енген, оқырмандар жасына орай: "Балдырғандар үшін", "Естиярлар үшін", "Ересектер үшін" деп аталып, үш бөлімнен түратын "Жаттамақтар" деген көлемді жинақты құрастырады. 

Мағынаны тану

Қосымша тапсырма:

Қыс бітіп көктем шыққаннан бастап кішкентайдан үлкендерімізге дейін дүкендерге жүгіретініміз анық. Неге дейсіз ғой?! Балмұздақ алуға әрине. Оны тамсанып жемейтін адам жоқ шығар. Жаз маусымында көшеде, кафелерде, дүкендерде, сауда орталықтарында балмұздақтардың түр-түрі қаптап кетеді. Осы балмұздақтың қайдан шыққанын білесіз бе?Бұл жайлы көптеген деректер бар.


Ертедегі гректің қолбасшысы Александр Македонскийдің әрбір қырғын ұрыстан кейін, қарды балмен немесе жеміс шырынымен араластырып жегені айтылады.Қар мен жеміс шырынын қосып жеуді тұңғыш рет шығыс елдерінің тұрғындары ойлап тапқан. Бұл елдерден итальян саяхатшысы Марко Поло балмұздақтың жасалу жолының түрлі әдістерін жазып алып қайтқан екен. 

Дүние жүзінің көптеген елдеріне балмұздақ дайындаудың жолы итальяндықтар мен испандықтардан таралған деген де дерек бар. 1676 жылы француз қаласы Пломбирда тәтті тағамдар дайындайтын мамандар балмұздақтың жаңа түрін жасап шығарады. Осыдан бастап балмұздақтың «пломбир» атауы осы қаланың атымен аталып қалса керек. Ал «эскимо» деген атауды қай ел бергені белгісіз, бірақ француздар мен америкалықтар әлі күнге дейін өздеріне меншіктеп, таласып келеді. 



Тұңғыш рет Нью-Йоркта балмұздақ 1786 жылы 10 маусым күні сатылыпты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет