Сабақтың тақырыбы Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі Мақсаты



Дата13.02.2017
өлшемі52,83 Kb.
#9213
түріСабақ

Сыныбы

5

Сабақтың тақырыбы

Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі



Мақсаты

- «Толағай»әдеби ертегісінің жазылуына назар аударту, Әдеби ертегінің мазмұны мен идеясын ұғыну. Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері туралы баяндау.
-туған жерді қадірлеу, халқына қызмет ету, адамгершілік пен адалдық қасиетіне тәрбиелеу. Толағай бейнесі арқылы Отанды сүюге, адал қызмет етуге тәрбиелеу.
-логикалық ойларын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, шығармашылыққа баулу, сөздік қорларын молайту.



Күтілетін нәтиже

Ертегі мазмұнын, идеясын талдау арқылы меңгереді.

Логикалық ойлау қабілеттері дамиды.

Әдебиетке деген қызығушылығы артады.

Өз ойын еркін жеткізе алады.



Түйінді идея

Патриоттық тәрбие беру

Керекті жабдықтар

интербелсенді тақта, Ә. Тәжібаев туралы слайд,мультфильм, кеспе қағаздар

Сабақ барысы

Сабақ кезендері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

1. Ұйымдастыру

Әдебиеттің асылын бағалаған,
Ата-ана үмітін арқалаған
Армысыңдар, аяулы шәкірттерім ,
Бірі батыр, бірі ақын болсам деп
армандаған.


Үй тапсырмасын тексеру. Тест сұрақтары


Тест сұрақтарын белгілейді

Тұсаукесер

Қызығушылықты ояту

Ребус шешу. Жауабы: Толағай Жаңа сабақ.

-Бүгін, балалар, Ә.Тәжібаевтың «Толағай» деген әдеби ертегісімен танысамыз.
Әбділда Тәжібаев туралы слайд

«Ой қозғау» стратегиясы. Ертегілер туралы білетіндерін еске түсіру.

1.« Толағай» мультфильмін көрсету.
Осы ертегіге байланысты қандай мақал-мәтел айтуға болады?

Әр топ өзіне берілген бөлімді мазмұндап болған соң, ерлік, батырлық, Отан туралы мақал - мәтел айтқызу.
Мысалы: Отан үшін отқа түс күймейсің. Ер ел үшін туады, елі үшін өледі.

Картадан көрсету.


Ребус шешеді
Ертегі туралы білетіндерін айтады

Негізгі бөлім


Топқа бөлу. Батыр, Мейірбан, Жанашыр

1-топ. Мінезде. ( Толағайға мінездеме беру)

2-топ. Салыстыр . (Толағай бейнесін басқа ертегідегі кейіпкермен салыстыру)

3-топ. Зерделе. (Бөлімдерге бөліп, ат қой)
РАФТ стратегиясы.

Р- оқушы Р- оқушы

А- досы А- Толағай

Ф- хат Ф- хат

Т- Ер елі үшін туады, елі үшін өледі. Т- Ер есімі ел есінде


Кім? Қашан? Қайда?
Шығармалардан үзінді оқимын. Оқушылар қай кейіпкерлердің қашан, қай жерде айтқанын табады.
1) «Ұйықта, қозым»
2) Өлдім, балам, Толағайжан!
3) «Көзімді іліп алайын.»
4) «Күшті болсаң, келе қал»
5. «Жауын қайда көп жауады, білсең ,апа, айтшы.»
6. «Тарбағатай өңірінде үзілмейді жылда жаңбыр»
«Т» кестесі Әдеби ертегі- Халық ертегісі

Сабақты бекіту.

Қазірде осы Толағайдай елінің жанашыры болып жүрген, Еліміздің туын көкке жеткізіп жүрген патриоттарды білеміз бе?

Қажымұқан, И.Ильин, Қазақстан барысы -Ұлан Рысқұлов, Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұғымаров

Қорытынды. «Ерлік аспаннан түспейді, Ол Отанды сүюден басталады. Ал Отанды сүю үй ішіңнен, отбасынан басталады. Халқын қадірлеген сын сағаттан сүрінбей өтеді. Елін сүйген ер атанады. Өйткені ерлік білекте емес, елін сүйе білген адал жүректе» деп Б. Момышұлының қанатты сөзін естен шығармайық.

Топқа бөлініп, тапсырмалар орындайды

Хат жазады


Сұрақтарға жауап береді

Салыстырады



Қорытынды

Бағалау
Үй тапсырмасы


Кері байланыс

ІІІ. Ой толғаныс. Автор орындығы
(Бір оқушы ортадағы орындыққа отырады. )
1. Толағай секілді ер болу қолыңнан келе ме?
2. Алда - жалда жұрт күйзелсе сен не істер едің?
3. Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері өз бойыңнан табыла ма?

«Толағай» ертегісін оқу. Ертегі жазып келу.


Аты-жөні

Тест

Постер

РАФТ

Кім? Қашан? Қайда?

Қорытын

ды баға



















«Жолаушының қойын дәптері»



Автор болып сезініп, өз ойын айтады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет