Қолдану. Ереже, шашыранды сөйлем.
Әр топқа шашыранды сөздерден сөйлем құрап, оны дәптерлеріне талдап, берілген көмек (тек сұрақтары) арқылы сол сөйлемнің түрін, ережесін, жұрнақтарын табу.
Талдау. Деңгейлік тапсырма.
ІІІ деңгей. Балама жауаптары бар тест (дұрыс, бұрыс).
1.Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салған - Әбілхан Қастеев.
2. Қазақ халқының ежелгі баспанасы - тұрғын үй.
3. Құрмалас сөйлем 6-ға бөлінеді.
4. «Қарындасым», «Жамбылдың портреті» туындыларының авторы – Әбілхан Қастеев.
5. Сабақ оқысаң, бес аласың. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
ІІ деңгей. Сәйкестік тестісі
(салыстыру).
1. Ә.Қастеев ... Мәскеу, Алматы мұражайларында сақтаулы.
2. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы - ....
3. Киіз үйдің іші жылы болғандықтан, біз ұзақ отырдық.
4. ... - қазақтың ұлттық саз өнері аспабы .
5. Асадалдың үстіндегі ыдыстар көп болса да, таза, ретімен жиналған.
І деңгей. Графикалық тест (диаграмма)
1.Қатты шарсасам да, сурет көрмесіне бардым.
2.Суретші туралы көп мәлімет білгендіктен, маған көрмеде өте
қызық болды.
3.Мұғалімді дұрыс тыңдағанда, бәрін түсінер едің.
4. Күн жылы болады деп, біз серуенге шықтық.
5. Киіз үйдің ішіне кірсең, қолөнер туындыларының бәрін көресің.
|