Ә.Майкөтов атындағы жалпы негізгі білім беретін мектебі
Сабақтың тақырыбы:
Әбілхан Қастеев
«Дарынды суретші»
(2-сынып)
Бастауыш сынып мұғалімі: Какенова Ф.Қ
Күні: 4.02.2012.
2012-2013 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Әбілхан Қастеев.
Дарынды суретші.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Оқушыларға қазақтың саңлақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтыра түсу. Автор жайлы мағлұмат беру.
ә) Дамытушылығы: Оқушылардың тілдік, сөздік қорларын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру.
б) Тәрбиелігі: Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ой қозғау, ойын түрлері.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактив тақта, слайд суреттер, көрме.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар бізге бүгін қонақтар келді. Келген қонақтарымызбен амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
(Оқушылар келген ұонақтармен амандасады)
II. Үй тапсырмасын тексеру.
126-шы беттегі «Шәкірт балаларға» Жамбыл Жабаевтың өлеңін жаттау.
Жамбыл Жабаев.
«Шәкірт балаларға»
Айналам сендей жеткіншек,
Қарасам көзім тоймаған.
Мәуелі сендер – бәйшешек
Өмірдің жазын тойлаған.
Ұялы мен бір бәйтерек,
Ортаңда көктеп бойлаған.
Сендерді қоссам жырыма,
Саңқылдап үнім сайраған.
Қаздаңдап кәрі саусағым,
Ішекті бойлап ойнаған.
Үй тапсырмасын бекіту. Біздің айтып жатқан өлеңімізді кім жазыпты?
-Әрине, ол Жамбыл Жабаев.
- Ал, Жамбылдың «Жамбылдың портреті» атты» бейнесін кім көркемдеген?
- Әрине, Әбілхан Қастеев.
Психологиялық дайындық.
Суретшінің жаны толған шер еді,
Қалам ұшы – қара бояу қорегі.
Аяулы әні көшкен кезде қағазға,
Бояулары жылап қала береді.
Шеберхана... ауасы – ауыр, түнек дем,
Суретші отыр өз ойынан дір еткен.
Бір суретті көшіре алмай қағазға,
Не онысын өшіре алмай жүректен – демекші бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы: Әбілхан Қастеев дарынды суретші.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
(Слайд көрсетіледі)
Әбілхан Қастеевтің Әбілхан Қастеевтің
өмір жолы өнер туындылары
Дарынды суретші
Әбілхан Қастеев атындағы
Қ.Р-ның мемлекеттік өнер мұражайы.
(видиосы көрсетіледі))
Мұғалім сөзі.
- Әбілхан Қастеевтің өмір жолы...
Қастеев Әбілхан (1904-1973) - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Отбасында 9 баласы бар. Әйелінің есімі- Сақыш Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасның төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрлысында жұмысшы болып бастады. Москвадағы көркемсурет студияларында Н. Г. Хлудов пен И. Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген..
- Дарынды суретші...
Әбілхан Қастеев дарынды суретші. Әбілхан қол өнеріне, онан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі.
- Әбілхан Қастеевтің өнер туындылары...
Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарыңдастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары түпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның "Мектепте"(1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Амангелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес.
Әбілхан туған жердің әсем табиғатын, оның дидарыңдағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Биік таулы мұз айдын" (1954), "Гүл ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Жайлаудағы автодүкен" (1963), сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аударады.
Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасы-мен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол - туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер. Әбілхан Қастеевтің өнер туындылары мың жарымнан астам түрі бар екен. Әр туындыларының өзі әр мағынада суреттеліп, халықтың көңілінен шыға білген. Оның мыңнаң астам туындылары жарық көрген.
Оның «Мектепте»,
«Көгілдір киімді қазақ қызы»,
«Пішен шабу»,
«Жамбылдың портреті»,
«Колхоз тойы»,
«Ескі және жаңа тұрмыс»,
«Амангелді атойы»,
«Қарындасымның портреті»,
«Қазақ қызы», (немере қарындасының суреті)
«Қазақ кипі»,
«Киіз үйдің ішкі көрінісі»,
«Қысқы көрініс», «биік таудағы мұз айдыны», «Колхозшының»
Бұл мұражайда Әбілхан Қастеевтің де өнер туындылары жарық көрген.
ІV. Мұғалім.
Ой қозғау
Қызықтырып өнерге,
Жетелейтін баланы
Ұлттық өнер емес пе,
Дамытатын сананы...
Мәтінмен жұмыс емес пе?
Тізбектей оқу. Тауып оқу.
Дарынды суретші.
Әбілхан Қастеев – Қазақстанға әйгілі халық суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Сегіз жасында әкесінен жетім қалып, байлардың қойын бағады. Анасы Айғанша кілем, алаша, басқұр тоқудың үздік шебері болған. Ол ұлының сурет өнерін сүйіп өсуіне үлкен әсер етті. Мал соңында жүрген кезінде ағаштан ойып, тастан қашап, жан-жануарлардың мүсіндерін жасаумен әуестенеді.
Дарынды график-суретші Алматы, Мәскеу көркемсурет студияларында оқыды. Оның «Мектепте» «Көгілдір киімді қазақ қызы», «Пішен шабу», «Жамбылдың портреті», «Колхоз тойы», «Ескі және жаңа тұрмыс» топтамасы қазақ халқының тұрмысын зор шабытпен бейнелейді.
Республика табиғатының әсем көріністерін, еңбекшілердің тұрмысын, замандастар образын, еңбек ерлерін бейнелейтін «Биік таулы мұз айдыны», «Кимешекті әйел», «Гүл ашқан алма», «Жайлаудағы автодүкен», «Серуен», тағы басқа суреттері аса мазмұндылығымен бағаланады.
Қастеевтің халық өмірінің шынайы көріністерін толғайтын мыңнан астам көркем туындылары бар.
V. Жаңа сабақты пысықтау.
Мұғалім сөзі.
Ал, балалар біз мәтінмен және Әбілхан Қастеев туралы қосымша деректермен таныс болды.
Сол себептен біз қазір «Бәйге» ойының ойнаймыз. Ойынды ойнамас бұрын біз әрине екі топқа бөлініп алынуымыз керек.
І. «Қылқалам» тобы – Балауса, Диас, Абзал, Риза.
ІІ. «Ақ парақ» тобы – Ерлан, Елхан, Аслан.
«Бәйге» ойыны.
Мүсіндеу
|
10
|
20
|
30
|
Кескіндеме
|
10
|
20
|
30
|
Бейнелеу
|
10
|
20
|
30
|
Мүсіндеу-10.
Сұрақ: Әбілхан Қастеев қай жылы туып, қай жылы дүниеден өтті? (1904-01973)
Мүсіндеу-20.
Сұрақ: Әбілхан Қасттевтің мына өнер туындысының тақырыбы қалай аталады? (Мектепте)
Мүсіндеу-30.
Сұрақ: Әбілхан Қастеев сурет салуды қайдан, кімнен үйренген?
(«Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан.
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен»)
Кескіндеме-10.
Сұрақ: Әбілхан Қастеевтің өмірдегі ұстанымы...
("Құдай бақты барлық адамға бірдей береді. Оны ұстай алу - әр адамның өз қолында.
Ұшырып алсаң — өзіңнен басқа ешкім кінәлі емес",- дейді.)
Кескіндеме-20.
Сұрақ: Әбілхан Қасттевтің мына өнер туындысының тақырыбы қалай аталады?
(Алматыдағы мұз айдыны)
Кескіндеме-30.
Сұрақ: Әбілхан Қастеевтің қанша туындысы жарық көрген?
(Мыңнан астам туындысы жарық көрген)
Бейнелеу-10.
Сұрақ: Дарынды суретші Әбілхан Қастеев қайда оқыды?
(Дарынды график-суретші Алматы, Сәскеу көркемсурет студияларында оқыды.)
Бейнелеу-20.
Сұрақ: Әбілхан Қастеевтің, қазақ халқының тұрмысын бейнелеген суреттерін ата.
(«Мектепте» «Көгілдір киімді қазақ қызы», «Пішен шабу», «Жамбылдың портреті», «Колхоз тойы», «Ескі және жаңа тұрмыс» топтамасы қазақ халқының тұрмысын бейнелеген)
Бейнелеу-30.
Сұрақ: Әбілхан Қастеевтің анасы Айғанша қандай қол шебер түрлерімен айналысты?
(Әбілханның анасы Айғанша кілем, алаша, басқұр тоқу түрлерімен айналысты)
Сергіту сәті: « Орамал тастамақ» ойынымен өнерге байланысты мақал-мәтелдер айту.
Дәптермен жұмыс.
«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан киыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы- деп Абай атамыз айтқандай өлең шығару шеберліктерімізді байқайық.
Өлең шығару шеберліктері... (екі топқа беріледі)
.... (Сурет- өнер) баршаға,
... (Суретші бол) шаршама,
... (Сурет салып) әрқашан,
... (Суретшілер) шаршама!
... (Сурет салу) баршаға,
... (Сурет салып) шаршама.
... (Өнерлі болуға) әрқашан,
... (Ұмтылуға) шаршама.
«Суретшінің қолы алтың» демекші, екі топтың сурет салу шеберліктерін байқаймыз. Тақырыптың атауы «Жайлауда» болады. Екі топтың қылқаламмен сурет салу шеберліктерін тамашалаймыз.
І. «Қылқалам» тобы – Балауса, Диас, Абзал, Риза.
ІІ. «Ақ парақ» тобы – Ерлан, Елхан, Аслан.
Мұғалім сөзі.
Көп –көп рахмет. Енді сіздердің осы бүгінгі Әбілхан Қастеев ағамызға арнаған өлеңдерді айтайық.
VІ. Қорытынды.
Әбілхан Қастеевтің тамаша шығармалары- қазақ өмірінің айнасы, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы мен көшбасшысы.
Үйге тапсырма: Әбілхан Қастеевке эссе жазу. Кітапша жасау.
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |