Сабақтың тақырыбы: Әбілхан Қастеев. Сабақтыңмақсаты



Дата02.02.2017
өлшемі27,88 Kb.
#8477
Сабақтың тақырыбы: Әбілхан Қастеев .
Сабақтыңмақсаты 1.ОқушыларғақазақтыңсаңлақсуретшісіӘбілхан
Қастеевтуралыбілімдерінтолықтыратүсу. Авторжайлымағлұматберу.

Грамматикалық тақырыптытүсіндіру.

2. Оқушылардың тілдік, сөздік қорларын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру.
3.Ұлттық өнергедегенсүйіспеншілікарқылыэстетикалық тәрбие беру.

Сабақтыңтипі: Жаңабілімдіигеру сабағы.


Пәнаралықбайланыс: Бейнелеу, .
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ой қозғау, ойынтүрлері.
Сабақтыңкөрнекілігі: Интерактивтақта, слайд суреттер . бейнебаян.
Сабақтыңбарысы
I. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Балалардытүгендеу. Бір-бірінесәттілік.
II. Үйтапсырмасынтексеру.
-Бейнелеу өнерінің негізіқашан қаланған?
-Суретшілерненішеберлікпенбейнелеген?
-Слайд
Үйтапсырмасынтексеру.
III. Жаңа сабақты түсіндіру:

Грамматикалық тақырыпты түсіндіру: Қалау рай.



Ереже: іс-әрекеттің орындаушы адамның талабын, ынтасын білдіріп, қалау мағынасында айтылатын етістіктің түрі қалау рай деп аталады. Қалау рай етістік пен етістіктің түбіріне –қы,-кі,-ғы,-гі жұрнағы мен тәуелдік жалғауын жалғап, одан кейінгі кел етістігі тіркесіп келу арқылы жасалады. Мысалы:оқы-ғы-м келеді, біл-гі-сі келеді

1.Сөздікпен жұмыс. Сөз тіркестерін құру.

Слайд.

Мұғалім:Әбілхан Қастеев (1904 — 1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Мәскеудегі көркемсурет студияларында Н. Г. Хлудов пенИ. Бродскийден сабақалды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.

Оның профессионал суретші болып шығуына өнерге деген үлкен құштарлығы, табандылығы мен еңбекқорлығы қатты ықпал етті.




Тапсырмалар орындау.


Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма. Берілген етістіктерден қалау рай формасын жасап , сөйлемдер құраңдар.
Жасау, ұйымдастыру, меңгеру, игеру, табу, үйрену, жету

Топпен жұмыс


3-тапсырма(ІІІ-2)

Мәтіннен 10 етістікті теріп жазып, үлгі бойынша қалау рай жасаңдар.

Үлгі: айналды – айналғым келеді

3-тапсырма (ІІ-1)


Қорытынды.

1.Cұрақ-жауап
2.Әбілхан Қастеевтің тамаша шығармалары- қазақ өмірінің айнасы,тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы мен көшбасшысы.
Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,
Бізге бұны ешкім аяп бермеді.
Тәуелсіздік ата-баба арманы,
Қандай елмін бүгін міне, көр мені.

Үйге тапсырма: 4-тапсырманы оқу

Бағалау.

№73 негізгі орта мектебі




Ашық сабақ беруші:

қазақ тілі және әдебиет



пәні мұғалімі М.Б.Торина

Қарағанды 2013ж

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет