ІІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық
|
Әдеп
ҮЙДЕ: Ата - анамен, іні – қарындаспен, аға – апамен қалай сыйласу, қонақ келгенде сәлемдесу, қонақ қабылдау;
КӨШЕДЕ: Дұрыс, сымбатты жүру, үлкен – кішімен сәлемдесу, қарт адам кездессе көмектесу, орынсыз ысқыру, тағы басқаларға жол бермеу;
МЕКТЕПТЕ: Оқушыларға арналған ережелерді сақтау, жолдастарымен, ұстаздарымен сәлемдесу, оқу орындарындағы қоғам мүлкіне дүрыс көзқараста болу, сабақты бар зейінімен тыңдау, сабақ үстіндегі бірыңғай талап ережелерін сақтау;
ҚОНАҚТА: Қонаққа келген үйінің ішіне тесіле қарай бермеу, әр нәрсеге таңданып орынсыз дүниелерді қайдан алғанын тексеріп сұрай бермеу, босқа абыржымау, екеу – екеуден сыбырласып әңгіме айтпау, ерсі күлмеу, үн –түнсіз, өзімен – өзі мұңайып отырмау, басқа қонақтардың, үй иесінің пікірлерімен санасу;
ДАСТАРХАНДА: Кітап оқымау, әңгіме айтпау, тырнақты ауызға салмау, басын ұстап қасымау, үлкеннен бұрын төрді иемденбеу;
ҚАЛАДА: Жинақы, қарапайым киім кию, көліктер арасында жол ережелерін сақтау, автобуста үлкен адамдарға, балалы адамдарға орын беру;
Әңгімелесу
1.Әдептілікті және әділдікті
қалай түсінесіңдер?
2. Өз бойларыңда осындай қасиеттер бар деп ойлайсыздар ма?
|
Студенттертақырып төңірегінде мұғалімнің қойған сұрақтарына толық әрі нақты жауап береді.
-Әдептілік, әділдік адам бойындағы баға жетпес рухани құндылықтардың бірі. Бұл қасиеттері бар адам көп нәрседе жақсы нәтижеге жетеді.
−Иа,бұл қасиеттерді өз бойымнан сезіне алдым.
|