Сабақтың тақырыбы: Егеменді, тәуелсіз ел ұланымыз, Қазақ тілін құрметтеу -ұранымыз!



Дата07.02.2017
өлшемі34,96 Kb.
#8942
Сабақтың тақырыбы: Егеменді, тәуелсіз ел ұланымыз,

Қазақ тілін құрметтеу –ұранымыз!


Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың алған теориялық білімдерін ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып ,бекіту .
ә) Дамытушылық : Ойлау қабілеттерін дамыту, ой қорытып, шешім жасауға үйрету, өздеріне сенімдерін арттыру.
б) Тәрбиелік:Сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, топпен жұмыс жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру .
в) Коррекциялық: Оқушыларға сөйлем түрлерін танытып , оны өз беттерінше құра білуге дағдыландыру және көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту , кезекші дыбыстарды дұрыс,анық айтуға үйрету.

Cабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта,оқулықтар,сызбалар,мақал- мәтелдер,суреттер.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы

Сабақтың әдісі:Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Пәнарлық байланыс:Әдебиет,математика,тарих,орыс тілі.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру: а)Сәлемдесу (экран)

ә)Оқушыларды түгендеу.

б) Сыныпты сабаққа даярлау

2.Кезекші дыбыс:

СА-СА-СА СО-СО-СО СУ-СУ-СУ

(Буынды оқу , қайталау, анық айту)

СӘБІЗ,САҒАТ,КЕСЕ,ЖОЛБАРЫС , АРЫСТАН

Жаңа сабақ барысы:

а) Балалар, 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Олай болса, мерекемен үндесе келген сабағымызды бастаймыз!

Анамыздай тілеуі ақ,

Отан бізде біреу-ақ

Ол - біздің Қазақстан!

ә) Балалар,қазақ тілін біз дыбысты оқудан бастаймыз. Дыбыстан сөз жасалады .Сөзден сөйлем жасалады . Сөйлемді сөйлем мүшелеріне,сөз таптарына талдауға болады .

Сондықтан әрбір сөздің түкпірін зерттегенде, әрбір сөз жасап тұрған дыбыстардың өзіндік ерекшелігі болады.

Олай болса ,төменде берілген сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз

БҮРКІТ. ШАҢЫРАҚ. ЕЛТАҢБА. ӘНҰРАН . ӨРНЕК. ПЫРАҚ.


б) Дыбыстардың ерекшелігін анықтағаннан кейін, сөздерге тоқталамыз

Қазақ тілінде екі сөзден бірігіп немесе қосарланып жасалатын сөздер бар. Сонымен қатар бірнеше сөздердің атауларын қысқартып айтуға болатын сөздер бар. Қысқарған сөздердің ерекшелігі – тасымалданбайды.

Олай болса, «Бауырсақ базарлығын» қабылдайық . Кім күрделі сөздерге көп мысал келтіре алады ?

в) Сөздерден бір тиянақты ойды білдіретін сөйлем жасалады .

Сөйлем білдіретін мағынасына қарай

1. Хабарлы сөйлем

2. Лепті сөйлем

3. Сұраулы сөйлем болып бөлінеді.

Сөйлем құрап тұрған сөздерді сөйлемнің мүшелері деп атайды.

Сөйлем мүшелері тұрлаулы, тұрлаусыз болып бөлінеді.

Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңыз.

Лаура кітапханаға келді.

Арман суға шомылды

Дәурен Астанада тұрады

Жәния ыдыс жуды

Бүгін жауын жауады

Оқушылар шопанмен кездесті

г) Сөйлемдегі сөздерді сөз таптарына талдап сұрағын , қосымшасын анықтауға болады. Қазақ тілінде 9сөз табы бар.

Зат есім – заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөздер.

Зат есімнің екі түрі бар. Жалпы зат есім, жалқы зат есім.Олай болса, жалпы ,жалқы есімдерге мысал келтіріңіз. (Әдебиеттен жалқы есімдерге мысал келтіру)

ғ) Сәулелі жұлдыз іздеген адам (Ы.Алтынсарин)

г) Қырдың жас түлегі (Шоқан Уәлиханов)


Сабақты бекіту:

е) «Жүзден жүйрік» (Берілген сөздерге сұрақ қой, сөз табын анықтау)

ғ) «Өзге тілдің бәрін біл»

«Жаңа жыл» сөзжұмбақтың жауабын шешу.

ж) «Ән- көңілдің ажары»

«Ой, жайлауым »

Бағалау:

3.Үйге тапсырма : 90-бет, 280-жаттығу. Зат есімді табу.

Орал облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балалар мектеп- интернат-кешені
5д(құлағы естімейтін)сыныпта өткен қазақ тілінен ашық сабақ

Тақырыбы: Егеменді,тәуелсіз ел ұранымыз,



Қазақ тілін құрметтеу-ұранымыз!

Оқытушы: Қизағалиева Айзада Қайырболатқызы

(қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі)
Каталог: uploads -> doc -> 0d88
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d88 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сүйектердің құрылысы бойынша оқушылардың білімдерін бір қалыпты тиянақтау
0d88 -> Сабақтың тақырыбы: Бұл қай кезде болады?
0d88 -> Сабақ: қазақ тілі «Тағам түрлері»
0d88 -> Сабақ Пән мұғалімі: Шалдыбаева Асемгул Матайкызы 35/35 сабақ жоспары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет