Пәні: Қазақ әдебиеті
Күні:29.09.2022 Мектеп:Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназия
Мұғалім: Тулекбаева Айдана
Сынып: 9 «В» Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:
Бөлім тақырыбы: Атадан қалған асыл сөз
Сабақтың тақырыбы: Әйтеке би «Қасқакөл дауы» 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 9.2.3.1. шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;
Сабақтың мақсаттары:
Әдеби шығармадағы сюжетін талдайды;
Көркем шығармадан алған үзінділерді қолданады;
Кейбір оқушылар орындай алады:
Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды;
Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық
жұмыстарда (хат, өтініш) қолданады;
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей (талдау,жинақтау, бағалау) Бағалау критерийлері Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасай алады;
Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық
жұмыстарда қолдана алады;
Тілдік мақсаттар Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Опа, енші, шабан, Қасқакөл, таласу, үй тігу, пайда, найза, бай, батыр, қанағатсыз. Талқылауға арналған сұрақтар: Шешендік сөздің қандай түрлерін білесің? Әйтеке би Кіші жүздің бас биі болып неше жасында атанды? «Қасқакөл дауына» қандай оқиғалар арқау болған? Сабақта жүзеге асырылатын құндылықтар Ортақ тарих,мәдениет және тіл