Сабақтың тақырыбы:Екі таңбалы cанға бөлудің жазбаша тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларға екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін тиянақтауға, теңдеу құрастырып шешімін табуға үйретуге мүмкіндік жасау; 2. Дамытушылық. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; 3. Тәрбиелік. Дәптермен жұмыс жасау барысында тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру,сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, кестелер, бор, тақта.
Сендер осы тапсырманы орындағаннан кейін сабақтың тақырыбын білетін боласыңдар. 500-ден берілген сандарды кезекпен азайтыңдар. Айырмаларды табыңдар және оларды кему ретіне қарай орналастырыңдар.
Тақтада:
Ө
392
Л
333
Б
492
У
261
Сабақтың тақырыбы - екі таңбалы санға бөлу.
Жаңа материалмен танысу.
Мысалға қараңыз: 624 : 78
- Сендер қандай сандарға бөлуді білесіңдер? (Бір таңбалы сандарға). Сендердің білімдеріңді пайдаланып көрелік. Бөліндіні оңай табу үшін әр санды 10-ға бөлеміз, мысал: 62 : 7. Бөлудің алдында бірінші толымсыз бөлінгіш пен бөліндідегі цифр санын анықтап ал. Бөліндіге қандай сан алдық? (8). Бұл - үлгі ретінде алынған сан, оны бірден бөліндіге жазуға болмайды. Алдымен тексеріп аламыз (78 • 8 = 624). Ендеше бұл цифр сәйкес келеді. Енді оны бөліндіге жазамыз.
- Оқулықтағы жаңа тақырыпқа берілген түсіндірмені қарап шығайық (№2а). Бөлу алгоритмін оқып шығып, есте сақтаңдар.
Алғашқы бекіту.
№2 (ә) есеп тақтада жан-жақты түсіндіріле отырып орындалады. Оқушылар бөлуге берілген мысалды шешеді және тексереді.
- Бұл мысалдарды қалай тексереміз? (Көбейтеміз)
Өткен материалмен жұмыс.
№5 есептің (екі айырма бойынша белгісіз санды табу) а) бөлімін сынып болып талдау.
9 600 - 6 400 = 3 200 (кг) - айырма.
3 200 : 80 = 40 (кг) - 1 қаптың массасы.
6 400 : 40 = 170 (қап) - картоп.
9 600 : 40 = 240 (қап) - сәбіз.
(ә) бөлімін өз беттерінше орындайды. Тақтаға қысқартуларды жазып көрсетуге болады - тг/сағ (сағатына неше теңге төленетіні - сағат бойынша төленетін ақы).
№8 есепті Шығарғанда (ұзындығы 500 м пойыз сағатына 60 км жылдамдықпең жүріп келе жатса, үзындығы 500 м тоннельден қанша уақытта өтеді? Есепті шығару үшін жылдамдықты м/мин-қа ауыстыру).
Шешуі:60 км: 60 мин = 1 км/мин немесе 1 000 м/мин. Ендеше 500 метр тоннельді жарты минутта жүріп өтеді.
Өзіндік жұмыс.
№6 тапсырма бойынша есеп құрастыруға арналған тапсырма беріңіз. Жұмысты жеке-жеке немесе топқа бөлініп орындауға болады.
№7 тапсырма бойынша мысалдар шығарудан жарыс ұйымдастыру.
Үй жұмысы.№6 (екі есеп). Шығармашылық деңгейге арналған тапсырма: «Білім сандығына» есептер дайындау (параққа өзіңің шығармашылық сұрағыңды жаз немесе мысалдар келтір).