Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей көп салалы колледжі
«Бекітемін»
Семей көп салалы колледжі
директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
________О.И.Мачахина
«____» ______ 2015ж
Ашық сабақ жоспары
Пәні: Әкімшілік құқығы
Сабақтың тақырыбы: Әкімшілік жаза
Арнайы гуманитарлық
пәндер циклдік комиссия
отырысында қаралып бекітілді.
Хаттама № «___»_______2015ж.
ПБК жетекшісі Садуакасова А.Т.
Оқытушы: Абдрахманова М.Б.
Семей 2015 жыл
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән:Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы
Топ: ҚТ-31
Сабақтың тақырыбы: Әкімшілік жаза
Сабақтың түрі:Семинар,сайыс, түсіндірмелі-иллюстра
Сабақтың мақсаттары:
1.Білімділік:
Әкімшілік жаза түсінігі мен әкімшілік жазалардың түрлеріне кеңінен тоқталу.Әкімшілік жаза қолдану мерзімдері және әкімшілік жазаға тарту мерзімінің өту мәселелері. Әкімшілік теріс қылықтардың көптігі үшін әкімшілік жаза қолдану мәселелерін ашып көрсету.
2.Тәрбиелік:
Өз ойларын ашық айтуға дағдыландыру. Практикалық және ой және құқықтық мәдениетінің жолдарын тудыру, өз ісіне жауап және баға беру, құқықтық ойлауға тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:
Жаңа және өтілген материалдарды байланыстыра алу жолдарын табу, мәселені шешу жолын іздеуге, жалпы диалогтарға қатысуы, басқа оқушыны тыңдау, тыңдай алу қабілетін дамыту.
Пәнаралық байланыс: ҚР конституциялық құқығы, ҚР Азаматтық құқығы,ҚР Қылмыстық құқығы т.б.
Сабақтың жабдықтары: сабақтың эпиграфы, сабақ жоспары, презентация «Microsoft Point» таратпа материалдар.
Оқытудың техникалық құралдары: компьютер, мультимедиалық проектор.
Негізгі әдебиеттер:
1. Административное право РК. Часть особенная Под.редА.А.Таранов. Учебник – А, 1997
2. Ибрагимов. Х. Ю.Административное право РК. Учебное пособие – А: 2000,1999, 2001, 1996
3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексі. Ресми мәтін 2001 жылдың 1 қазанына берілген.-Алматы,2001, 2002 жылдың 15 шілдесіне ерілген.-Алматы,2002
4. Григорьев В.И.Административное право РК общая часть Альбом схем и толковый словарь.-Алматы,2003
5. Жетписбаев. Б. А.Административная ответственность в РК. Учебное пособие.-Алматы,2000
Қосымша әдебиеттер:
1. Қызылов М.А. ҚР Әкімшілік құқығы Схемалар.-Алматы,2002
2. Григорьев. В. И.Административное право РК.(общая часть). Альбом схем. Учебно-наглядное пособие – Алматы,1999
3. Баянов Е Әкімшілік құқықтың схемалар бойынша анықтамалары. Оқу құралы.-Алматы,2002
4. Карипова А.И. Институт освобождения от административной ответственности и административного взыскания. Учебное пособие.-Алматы,2005
5. Овсянко Д.М. Административное право .Учебное пособие.-М,1997
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
Сәлемдесу
Түгендеу
Сабаққа кірісу
2.Үй тапсырмасын тексеру:
2.1Тақырыпқа байланысты қысқаша баяндама (5 мин).
Әкімшілік құқық пәнінде жаза қолдану ұғымын уәкілеттілік берілген мемлекеттік орган немесе өкілеттігі бар лауазымды адамның әкімшілік теріс қылық жасаған адамға заң негізінде қолданатын мемлекеттік ықпап ету шарасы деп түсінуге болады. Әкімшілік құқық нормасы қандай да бір әрекетке әкімшілік-құқықтық тыйым белгілейді және сол арқылы ереженің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар бұзылған жағдайда кінәліге жаза қолданылады. Әкімшілік ықпал ету шаралары құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқықтағы жазаны қолдануды көздейді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік жазалар бірнеше түрлерге бөлінеді, олар:
1. ескерту жасау;
2. айыппұл салу;
3. әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы болған заттың өтемін төлеп алу;
4. әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тікелей объектісі болған затты тәркілеу;
5. арнаулы берілген құқықтардан айыру (мысалы, аң аулау құқығынан, көлік құралын жургізу құқығынан);
6. берілген арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестаттан (куәліктен) айыру, яғни, ол дегеніміз белгілі бір қызмет түріне, не белгілі бір әрекет жасауға оның күшін тоқтату, лицензиядал айыру;
7. тұрғызылып қойылған немесе өз бетімен тұрғызып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
8. кәсіпкерлік қызметін тоқтата тұру немесе оған мүлдем тыйым салу;
9. әкімшілік қамауға алу;
10. азаматтығы жоқ адамды немесе шетелдікті Қазақстан Республикасының (территориясынан) аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу.
2.2«Білім биржасы» сұрақ-жауап(10 мин).
2.3 Әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты «Жағдайаттарды шешу»(20 мин).
2.5 Тест тапсырмасын орындау (5 мин).
3.Сабақты бекіту : (2 мин)
«Әкімшілік жаза» тақырыбы бойынша студенттердің өзін-өзі бағалау парағы
Білемін
|
Не білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
4.Сабақты қорытындылау: (2 мин)
5. Білімдерін бағалау: (2 мин)
6.Үйге тапсырма беру: (2 мин)
- Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік құқықтық ықпал ету шаралары.
- Тақырып бойынша тест сұрақтарын құрастыру,баяндама дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |