Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
1. Тіршіліктің пайда болуында күн энергиясы қандай рөл атқарады?
2. Орман, жайылым, алаңқай биоценоздарында қоректік тізбектердің үзілуі қандай қауіпке әкеледі?
3. Қауымдастықтардың трофикалық құрылымын білесіңдер ме?
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|