Сабақтың басы
|
Раппорт орнату
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Республикамызда тыныш өмір сүріп жатқан әр түрлі ұлт өкілдері бір-бірімен дос, бауыр. Сондай-ақ, жас ұрпақтың жақсы, терең білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап өркениет өріне қарай қарышты қадам басып келеді. Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру жолында игілікті іс-қимыл, ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр. Еліміздің ертеңі, болашағы – сендерсіңдер.Сондықтан білімді, тәрбиелі, іскер, талапты бола отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық!
1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген.
1960 - 1969 жылға дейін Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді.
1969 – 1973 жылға дейін Қарағанды облысы, Теміртау қаласында партия, комсомол жұмыстарында.
1973-1977 жылдары - Қарағанды металлургия комбинатының партия комитетінің хатшысы.
1977-1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы.
1979-1984 жылдары - Қазақстан Орталық партия Комитетінің хатшысы.
1984-1989 жылдары - Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
1989-1991 жылдарда – Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.
1990 жылғы сәуірден бастап – Қазақстан Республикасының Президенті.
Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы
Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы
Тәуелсіздіктің 20 жылдығында еліміздің қол жеткізген жетістіктері жан-жақты саралана келіп, 1-желтоқсанды тұңғыш Президент күні ретінде атап өту туралы ойлар айтылған-ды. Осы бастаманы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаттары қолдап, әрі ұсыныстарымен «1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» ретінде жаңа мемлекеттік мейрам болып бекіді.
«Миға шабуыл» (блиц-сауал)
Қазақстан халқының мемлекеттік тілі? /қазақ тілі/
Қазақстан Республикасының рәміздері: /елтаңба, ту, гимн/
Қазақстан халқының ұлттық валютасы: / теңге/
Қазақстанның бас қаласы: /Астана/
Гимн қалай айтылады? /қолды жүрек тұсына қойып тұрып айтылады/
Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? /Есіл/
Мерекелерде, спорттық жарыстарда рәміздің қай түрі жоғары көтеріледі? /ту/
Гимннің авторлары: /Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев/
Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? /Т. Әубәкіров/
|
Оқушылар сәлемдеседі
Оқушылар мұғалімнің таныстырылымын мұқият тыңдайды.
Оқушылар берілген сұрақтарға ауызша жауап береді
|