Улмесекова Ардақ Амангелдіқызы
Физика және еңбек пәнінің мұғалімі
Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебі
Казталов ауданы
БҚО
Сабақтың тақырыбы: Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.
Сабақ мақсаты:
1.Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауды еске түсіру арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
2.Ойлау қабілетін, танымын, өткізгіштердің тізбектей және параллель жалғауын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға жеткізу.
3.Оқушының ғылымға деген қызығушылығын арттыру; еңбекке, ұжымшылдыққа, халық дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: СТО элементтерін қолдану, тест әдісі,т.б.
Көрнекілігі: Слайд, карточкалар, техникалық құралдар,оқулық, т.б.
І. Қызығушылықты ояту.
Үй тапсырмасын тексеру: 1. Сұрақ- жауап
1.Ток күші деп нені айтады? Формуласы. Өлшем бірлігі.
Жауабы: Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы. I= q t ; (А);
2. Өткізгіштегі ток күшін қандай құралмен өлшейді? Ол тізбекке қалай қосылады? Шартты белгісі қандай?
Жауабы: Амперметр; Тізбектей;
3. Электр кернеуі деп нені айтады? Ол қандай бірлікпен беріледі? Қандай құралмен өлшейді? Шартты белгісі.
Жауабы: Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасын айтады. U= A q ; (В) ; Вольтметр.
4.Тізбектің бөлігі үшін Ом заңын тұжырымда.
Жауабы: Тізбек бөлігіндегі ток күші- осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал да, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал. U= I* R, I= U R, R= U I
5. Өткізгіштің кедергісі неге және қалай тәуелді? Өлшем бірлігі.
Жауабы: Өткізгіштің ұзындығына, көлденең қимасының ауданына, жасалынған материалдың қасиеттеріне тәуелді. R= L S; (Ом)
6. Ток көзіне нелер жатады?
Жауабы: Аккумуляторлар, гальвани элементтері, термопара, күн батареялары
7. Токтың әсерлері қандай?
Жауабы: Жылулық, химиялық, магниттік, физиологиялық.
8. “Вольтамперлік сипаттама” дегеніміз не?
Жауабы: Өткізгіштегі ток күшінің кернеуге тәуелділігі.
2. Тапсырмалар орындау
Өткізгіш тізбек берілген. Тізбек неден тұрады? Қатесін тап.
Мына суретте амперметрлердің шкалалары көрсетілген. Амперметрдің көрсетуі 2 А. Қатесін тап.
3.Балама тесті (иә, жоқ)
1. r - өткізгіштің материалының меншікті кедергісі.(Иә)
2. Уақыт бірлігіндегі өндірілген токтың жұмысы кернеу деп аталады.(Иә)
3. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі- Ом ; (Жоқ)
4. 1 Ом- ұштарының арасындағы кернеу 1В болғанда, бойынан 1А ток өтетін өткізгіштің кедергісі. (Иә)
5. Берілген өткізгіштің өз бойымен өтетін токқа кедергі жасамайтын физикалық шама- кедергі деп аталады. (Жоқ)
6.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы: I= U* R ; (Жоқ)
7.Ток күшін өлшейтін құрал- амперметр. (Иә)
8.Вольтметр тізбекке тізбектей жалғанады. (Жоқ)
Техника және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т. б. қолданылады. Бұлар түрліше жалғанады.
Достарыңызбен бөлісу: |